Сабақтың тақырыбы: Жеті атаны білу парыз. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға жеті ата туралы мәлімет беру



Дата05.04.2024
өлшемі17,34 Kb.
#200554
түріСабақ
Байланысты:
Тәрбие сағаты Жеті атаны білу - парыз


Күні:
Сабақтың тақырыбы: Жеті атаны білу – парыз.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға жеті ата туралы мәлімет беру
2. Дамытушылық: сөздік қорын байытып, қабілеттерін арттыру
3. Тәрбиелігі: Ата - баба аруағына тәу етіп, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа назарын аудару

ІІІ. Жаңа сабақ
Ерте замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді.

Жеті санына байланысты тағы не білеміз.
Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну). 
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. 
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
Ал, балалар, бүгінгі сабағымыз 7 санына байланысты «Жеті атаны білу - парыз» деп аталады.
Қазақ халқының дәстүрлі салт - санасында жеті атасын үйрету, атадан балаға жалғасады. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы т. б. жеті атасының нақтылы есімдерін жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал, екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Жеті атаға толмай бір - бірімен қыз алыспайды. Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар бір - бірімен туыстық, бауырмалдылық, сыйластық та болады
Начало формы
Жеті атаБұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өздерің де естіген боларсыңдар.. 
Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.
Конец формы
Қане жеті атаға байланысты тақпақтарға кезек берейі:
Әсіл:
Жеті ұрпақты білмейміз
Әлі күнге көбіміз.
Және бізге беймәлім
Біздің ата-тегіміз.
Ең алдымен сөз етем,
Бірінші ата – өз әкем.
Екіншісі – атамыз,
Үшіншісі – арғы ата,
Төртіншісі – бабамыз,
Бесіншісі – түп ата.
Қалай тыныш жатамыз,
Маған да, ата, бер бата!
Алтыншысы – тек ата,
Жетіншісі – ұлы ата.
 
Бауыржан:
Жеті ұрпақты сөз етсек,
Қателікті түзетсек,
Бірінші ұрпақ – ол бала,
Ұрпағыңды қорлама!
Екіншісі – немере,
Үшіншісі – шөбере,
Төртіншісі – шөпшегің,
Бесіншісі – немене,
Алтыншысы – жүрежат,
Жетіншісі – туажат,

Асланбек:
Тұқым солай өседі.
Бірін бірі қуалап.
Жеті атаның тілін ал,
Жеті ұрпақты біліп ал!
Инабат:
Атам менің әрқашан
Кішіпейіл бол деген.
Ақыл сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.

Меруерт:

Атам менің әрқашан
Бол дейтұғын бауырмал.
Мынау байтақ ғаламда
Қаншама дос, бауыр бол.

Аружан
Атам менің әрқашан


Мейірімді бол деген.
Ақыл сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.


Балауса:
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де

Қазақ халқы – сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерделеп келе жатқан халық. Қазақ халқында жеті атаға байланысты, та-аналарымызға байланысты мақал-мәтелдер де аз емес. Балалар енді жеті атаға байланысты нақыл сөздерге назар аударайық. Тақтадағы сөздердің мағынасы ашу.
Өздерің қандай мақал – мәтелдердер дайындап келдіңдер:

• 1. Ағайын - туыс
• 2. Алты аға бірігіп әке болмас,
• Алты жеңге бірігіп ана болмас.
• 3. Аға – бордан, іні – зордан.
• 4. Ағайын ала болса
• Ауыздағысынан айырылады.
• 5. Ағасы ақылдының ауылы азбайды, Жеңгесі шебердің тоны тозбайды.
• 6. Ағайын бір өліде, Бір тіріде керек.

Балалар, сендер өз жеті аталарыңды білесіңдер ме?
(Балаларды тыңдау)
Қорытынды сөз:
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерінің мол болды деп айтуға болады. Өйткені бүгін айтылып жатқан нақыл сөздер, барлықтарыңызға үлкен әсер еткен болар. Жеті атамызды, өз тегімізді біліп жатсақ ол бізді тектілігіміздің белгісі деп білемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет