Қорытынды аттестаттау тапсырмалары


Тапсырма. Берілген тапсырмалардың ішінен біреуін таңдап, жауабын



Pdf көрінісі
бет15/99
Дата27.05.2022
өлшемі2,96 Mb.
#145331
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   99
Байланысты:
ТАПСЫРМАЛАР

Тапсырма. Берілген тапсырмалардың ішінен біреуін таңдап, жауабын 
жазыңыз. Барлық тапсырмалар бірдей деңгейде. 
Эссе үшін тапсырма: 
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, «Отбасы құндылығын 
насихаттаудың ұлт болашағына әсері бар ма?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. 
Эсседегі сөз көлемі 150-200 сөз болуы қажет. 
[20] 
Мақала үшін тапсырма: 
ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен жанұялық құндылықтарды нығайту 
мақсатында қыркүйек айының екінші жексенбісінде «Отбасы күні» ресми мереке 
ретінде тойланады. Осы мерекеге орай, сізге мектепішілік газетке мақала жазу 
тапсырылды. Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, «Ұрпақ 
тәрбиесі – отбасы құндылығын сақтаудың негізі» тақырыбында мақала мәтінін 
жазыңыз. Сөз көлемі 150-200 сөз болуықажет. 
[20] 
Әңгіме үшін тапсырма: 
Аталған мәселені негізге алып, «Менің отбасым – менің мақтанышым» 
тақырыбында әңгіме жазыңыз. Сөз көлемі 150-200 сөз болуы қажет. [20] 
 


16 
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ 
 
(оқыту қазақ тіліндегі арнайы ұйымдар үшін) 
Нұсқа №1 
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
 
А мәтіні 
(«Ол кім? Бұл не?» кітабынан)
 
Қызыл кітап 
 
«Қазақстанның Қызыл кітабы» - республика аумағында кездесетін сирек
саны азайып, жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдік түрлері туралы, 
оларды ғылыми зерттеу, қорғау, қалпына келтіру, тиімді пайдалану туралы толық 
мәліметтері бар негізгі құжат.
«Қазақстанның Қызыл кітабы» «Жануарлар» мен «Өсімдіктер» деп аталатын 
2 томнан тұрады. Оның омыртқалы жануарларға арналған І бөлімі 1978 жылы 
басылып шықты. Оған омыртқалылардың 78 түрі енді. Оларға сүтқоректілерден 
қара кірпі, көк суыр, құндыз, үнді қайраңы, қызыл қасқыр, Тянь-Шань аюы, қара 
күзен, Орта Азия сілеусіні, шағыл мысығы, қарақұйрық, үстірт қойы, арқар, т.б.; 
құстардан Алтай ұлары, қара ләйлек, кәдімгі қоқиқаз, дуадақ, безгелдек, бүркіт, 
субүркіт, лашын, т.б.; балықтардан Сырдария тасбекіресі, Арал албырты, Каспий 
тасбекіресі, т.б. кірді.
Қазақстан Қызыл кітабының өсімдіктерге арналған ІІ бөлімі 1981 жылы 
басылып шықты. Оған өсімдіктердің 308 түрі тіркелді.
«Қызыл кітап» - аң-құс пен өсімдіктердің белгілі бір түрлерінің жойылу 
қаупін, оларды көздің қарашығындай қорғау қажеттігін, оларды аулауға тыйым 
салынганын ескертетін белгі, сол түрлерді сақтап, көбейту ісінің бағдарламасы 
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   99




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет