Қорытынды аттестаттау тапсырмалары


Тапсырма. Берілген тапсырмалардың ішінен біреуін таңдап, жауабын



Pdf көрінісі
бет13/99
Дата27.05.2022
өлшемі2,96 Mb.
#145331
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   99
Байланысты:
ТАПСЫРМАЛАР

Тапсырма. Берілген тапсырмалардың ішінен біреуін таңдап, жауабын 
жазыңыз. Барлық тапсырмалар бірдей деңгейде. 
Эссе үшін тапсырма: 
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, «Қазақ жеріне 
туристердітартудың жолдары қандай?»деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі 
сөз көлемі 150-200 сөз болуы қажет.
[20] 
Мақала үшін тапсырма: 
Бүкіләлемдік туризм күніне орай, сізге БАҚ-қа «Қазақстандағы туризм және 
экология» деген тақырыпта мақала жазу тапсырылды. Екі мәтіндегі ақпарат пен 
өз пікіріңізді пайдаланып мақала мәтінін жазыңыз. Сөз көлемі 150-200 сөз болуы 
қажет. 
[20] 
Әңгіме үшін тапсырма: 
Еліміздегі демалыс орындарына шетелдік қонақтар емес, өзіміздің қазақ 
азаматтарының көпшілігі амалсыздан келетіндей. Барлығының арманы - шетелге 
шығу. Аталған мәселені негізге алып, туризм туралы әңгіме жазыңыз. Сөз көлемі 
150-200 сөз болуы қажет. [20] 


14 
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ 
 
(оқыту қазақ тіліндегі гуманитарлық бағыттағы
гимназия сыныптары үшін) 
Нұсқа №3 
 
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз. 
А мәтіні: 
ғаламтор мақаласынан үзінді
 
Отбасы құндылығы – ұлт болашағының негізі 
 
Халқымыздың тамыры тереңге кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе 
жатқан рухани байлықтарының бірі - отбасы құндылықтары. Отбасы құндылығы 
қай кезеңде де, қай мемлекетте де саясаттың ең маңызды бөлігі болған. 
Отбасы – кез келген мемлекеттің тірегі. Бұл - адам баласы үшін қастерлі 
ұғым. Елге, жерге деген сүйіспеншілік, барлық асыл қасиеттер отбасынан 
басталады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан 
Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, 
қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына 
деген сүйіспеншіліктен басталады» - деп, отбасылық құндылықтарды нығайтуға 
ерекше көңіл аударып келеді. 
Тәуелсіздік жылдарында отбасы құндылықтарын нығайту бағытында 
көптеген шаралар атқарылды. Бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да 
білімді ұрпақ қалыптастыруға бағытталған сындарлы саясаттың нәтижесінде ана 
мен баланы қолдау бойынша бағдарламалық құжаттар, гендерлік теңдікті сақтау 
стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай 
жүйе қалыптасты. Басқасын айтпағанда, көп балалы отбасыларды әлеуметтік 
қорғау бағытындағы мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл сайын артып, 
көптараптанып келе жатқанын аңғару қиын емес. 
Бұл мақсаттарға тек 2019 жылғы республикалық бюджеттен 193,7 млрд. 
теңге қаржы қарастырылған және ол жыл сайын кемінде 15 пайызға артып келе 
жатыр. 
Көп балалы отбасыларын насихаттау, оларға қолдау көрсету Қызылорда 
облысында ерекше қолға алынған. Бала туу көрсеткіші бойынша, Сыр өңірі 
республикада 4-орында тұр. Облыстағы 44 мыңнан астам көпбалалы ананың 27 
мыңдайы - Батыр Ана. «Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен» 
алтын құрсақты аналарымыздың 14 мыңға жуығы - «Алтын алқа»,13 мыңдайы 
«Күміс алқа» иегері. 
Осындай отбасыларын таныту, отбасы құндылығын насихаттау – жастарға 
үлгі, өнеге берудің үздік үлгісі. 2014 жылдан бері дәстүрлі ұйымдастырылып 
жүрген «Мерейлі отбасы» байқауы да осы мақсатты көздейді. 
Отбасы құндылығын дәріптеудің ұлттың демографиялық өсіміне де оң әсері 
бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   99




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет