Қорытынды аттестауға дайындық барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша эссе жазу дағдылары және оған қойылатын талаптар



бет1/13
Дата06.02.2023
өлшемі1,1 Mb.
#167604
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
11кл ЭССЕ

  • 2020-2021 оқу жылына 11(12)-сынып оқушыларына арналған қорытынды
  • аттестаттаудың емтихан материалдарының құрылымы
  • Эссе жазуға қойылатын талаптар
  • Ана тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан эссе түрінде өткізіледі, оған 3 астрономиялық сағат бөлінеді. Мектеп бітірушілерге таңдау үшін 5 еркін тақырып, 5 әдеби тақырып беріледі. Эссе көлемі 250-300 сөз.
  • Пән бойынша барлық балл-20.
  • /2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ жоба

Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау мазмұнына қойылатын талаптар, бағалау өлшемдері Ана тілі мен әдебиетінен мемлекеттік емтихан белгілі құрылымға сәйкес топтастырылған, әр түрлі мәселелерді құрайтын он тақырыптан тұратын эссе түрінде беріледі: бесеуі - әдеби тақырып, бесеуі - еркін тақырып болып. Эссенің әдеби тақырыбы таңдалған жағдайда авторлық ұстанымға сүйенуге және өзіндік көзқарасты тұжырымдау ұсынылады.Тезистерін әдеби туындыларға сүйене отырып, дәйектеу қажет. Эссенің еркін тақырыбын таңдаған жағдайда өз ұстанымын көркем туындылардың мазмұнына да, сондай-ақ өз өмірлік тәжірибеге де сүйенумен дәйектеуге болады.

Емтихан жұмысының құрылымы және мазмұны. Әдеби тақырып “Әдебиет” курсының шеңберінде оқытылған көркем туындыларды талдаумен байланысты. Олар емтихан материалында екі әдеби дәуірлердің: ХIХ ғасыр және ХХ ғасыр әдебиеті туындыларынан беріледі. Сонымен бірге көркем туындылардың әдеби түрлері және жанрлары түрлендіріліп ұсынылады. Мектеп бітіруші поэзиямен байланысты эссе тақырыптарын кем дегенде екі өлеңнен мысал келтіре отырып ашуы тиіс. Кіші эпикалық нысанды туындылармен байланысты эссе тақырыптары бір-екі туындының мысалында ашылады (олардың саны емтихан тапсырушының өзінің қалауына қарай ұлғайтылуы мүмкін).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет