Қорытынды аттестауға дайындық барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша эссе жазу дағдылары және оған қойылатын талаптар



бет6/13
Дата06.02.2023
өлшемі1,1 Mb.
#167604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
11кл ЭССЕ

Эссе тақырыптары:

  • 21. Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы орыс пен қытай арасындағы шекара бөлінісінің қазақ халқының тағдырына ықпалын талдап жазыңыз.
  • 22. «Ұлттық құндылықтар – қазақ мәдениетінің негізгі қайнар көздері» пікіріне байланысты өз ойыңызды дәлелдеп, аргументтік эссе жазыңыз.
  • 23. «Жүз жыл жырлаған жүрек» Ж.Жабаев позиясының өзіндік ерекшеліктерін талдап жазыңыз (Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл).
  • 24.Ы.Алтынсариннің әңгімелері – тәрбиенің қайнар көзі екендігін дәлелдеп жазыңыз (Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 180 жыл).
  • 25.І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары бейнесінің тарихи маңызын талдап жазыңыз.
  • 26. Рабиға Сыздықтың «Асқар Сүлейменовтің «Бесатарындағы» ой-сана тартысы – зиялылардың өзара пікірталасы емес, ұлттық намыс пен империялық өктемдік арасындағы арпалыс» деген пікірін дамытып, шығармадағы заман көрінісіне талдау жасаңыз.
  • 27. «Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деген даналық сөздің астарын өмірлік жағдаяттармен байланыстыра отырып, ойыңызды білдіріңіз.
  • 28. Кедейлік дегеніміз ақшаның жоқтығы емес, нағыз кедейлік – рухани кедейлік. Рухани кедейліктің адам өміріне тигізер зиянын мысалдар келтіре отырып жазыңыз.
  • 29. «Ғасырлар бойы арман еткен егемендік – қазақтың басына қонған бағы» деген позицияны ұстана отырып, өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз жазыңыз (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл).
  • 30. Қазіргі таңда «Әркімнің өз туған жері – жұмақ» деп ойлағандар өз туған жерін дамытуға, көркейтуге үлес қосуда. Туған жеріңіздің туын көтеруде сіз қандай үлес қосар едіңіз? Ойыңызды саралап жазыңыз.
  • 31. «Жаһандану процесі әлем үшін қауіпті ме?» тақырыбында өз ойыңызға дәлелдер келтіріп жазыңыз.

Эссе тақырыптары:

  • 32. «ХХІ ғасырдағы қазақ киносы ұлттық мүддеге не береді?» тақырыбында өз көзқарасыңызды дәлелдеп жазыңыз.
  • 33. «Еңбек нарығына сай мамандық таңдау маңызды» тақырыбында өз ойыңызды дәйектеп жазыңыз.
  • 34. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінің «Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос» деген жолдарындағы ұлттық мүдде тұрғысынан тұжырымдалған мәселеге өз көзқарасыңызды дәлелдер келтіре отырып жазыңыз.
  • 35. «Біз түркілерміз» өлеңінде ұлтжандылық қалай сипатталады? Оқырманға әсерін талдап, өз ойыңызды шығармашылықпен жеткізіңіз.
  • 36. Қазақтардың тілі әуезді де әсем, шебер де шешен. Әсіресе, сөз сайысына келгенде, олардың алғырлығы мен өткірлігі, тауып сөйлейтін тапқырлығы таңғалдырады. Олар мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең болып құйылып жатады», - деп айтқан В.Радловтың пікірімен қазақ тілінің ұлттық құндылық ретіндегі ерекшелігін өз ойыңызбен сабақтастырып, эссе жазыңыз.
  • 37. Расул Ғамзатовтың «Егер менің тілім ертең өлсе, мен бүгін өлуге дайынмын»деген сөзіне өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеп жазыңыз.
  • 38. «Қыран қартайып өлмейді, қайғырып өледі, - дейтінеді...» деген Бұқар жыраудың сөзі қай оқиғаға қатысты айтылды? Себебін әлемде орын алып жатқан саяси мәселелер тұрғысынан түсіндіріп жазыңыз.
  • 39. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңінің идеясын автор бейнесімен байланыстырып талдап жазыңыз.
  • 40. Қ.Аманжолов «Өзім туралы» өлеңінде өзін қалай таныстырады?Ақын бойындағы ұлттық мінезбен қасиеттерді өлеңнен мысал келтіре отырып дәлелдеп жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет