«Тіл туралы» Заѕныѕ орындалуы ґмір талабы



Дата17.10.2023
өлшемі37,5 Kb.
#186222
Байланысты:
тил зан
110 Кырыкбаева Асель физра, ӨЖ 1 күн, ПСИХОЛОГИЯ , Лексикология практика №5 2, 89260725, ЛЕКЦИЯ 10 микро, тил зан

«Тіл туралы» Заңның орындалуы - өмір талабы.
Орындаған: Жексенбаева Г.М

«Тіл туралы» Заңның орындалуы - өмір талабы.


Жоспар:



  1. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.




  1. «Тіл туралы» Заңның орындалуы.




  1. Тіл қаруы – сөз.




  1. Қазақ тілі – достықтың дәнекершісі.




  1. Қорытынды.


«Тіл туралы» Заңның орындалуы - өмір талабы.

Атазаңымызда айқындалып, тіршілігіміздің тірегі болуы тиіс мемлекеттік


тіл – қазақ тілі «Тіл туралы» Заңның орындалуы қалай? Деген сұраққа әркім әртүрлі жауап береді. Солай болуы да тиіс. Ғылым мен техниканың, ақпараттық технологиялардың тез дамуының экономикалық пайдасы көп. Жаһандану үрдісінің көптеген жағымды жақтары бар. Әсіресе телехабарлардың ұлттық тілімізде өзге ұлт өкілдерінің хабар жүргізуі -қуантарлық нәрсе, алайда, қазақ тіліндегі бағдарламалар өз дәрежесіне жетпей отыр. Сәбилеріміздің, жас жеткіншектердің дүниетанымын қалыптастыруда, отансүйгіштік сезімін оятатын бағдарламалардың жүргізілуі сын көтермейді.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлы Мұхтар Әуезовтің сөзін сәл өзгертіп, « Ел боламын десең, қазақ мультфильмін жөнде», «Ел боламын десең, қазақ оқулықтарын жөнде» деп дабыл көтеруге болады. Ақпараттық құралдардың, көшедегі жарнамалардың ақсап тұрғанын көргенде, қарның ашады. Жастарымыздың бойында ұлтжандылық қасиеттерді , бауырмашылдық , ұстаздарды сыйлау, үлкендерге құрмет көрсету қазақилығымыздың белгісіндей.


Қазақ тілін білуді бағалаудың төмендегідей бес деңгейлік жүйесі белгіленеді.



  1. балабақша

  2. бастауыш және негізгі мектеп

  3. орта мектептің жоғары сатысы,колледж

  4. жоғары оқу орында

  5. мемлекеттік қызметтер – арасында тілді жүйелі үйрете отырып, оны бағалау , бағалаған кезде тілді қай дәрежеде меңгергені нақты жұмыс үстінде айқындалып отырады.

ХХІ ғасырдың жан – жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің назарында , сондықтан болар, қазіргі таңда қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру үшін қолға алып, жүзеге асырып та жатыр . Халқымыздың рухани көсемі ғұлама Н.Байтұрсынұлының - «Өз тілі мен әдебиеті бар ел ғана өз алдына дербес ел бола алатынын біз ұмытпауымыз керек» - деп өсиет қалдырғаны бекерден – бекер болмаса керек. Сондықтан болар қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын қолданылып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден – бір жолы. Оқыту барысында алға қойған мақсатымыз - туған тілдің қыр - сырын, табиғатын таныта отырып, ертеңгі күні өмірден орнын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу басты міндетіміз болып табылады.
«Тілдер туралы» Заң баптарындағы мәлімет бойынша көз жеткізер болашақты барлық қазақстандықтар ең кемінде үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) өз ара қарым – қатынас жасайды. Бұл заң бір емес екі рет шыққаннан бері біраз уақыт өтті, бірақ іске асырылған шаралар айтарлықтай нәтижеге жетпеді.
Психологтардың пайымдауы бойынша адам бойындағы барлық сапалық қасиеттер тіл арқылы дариды. «Тіл қаруы –сөз ,сөз қаруы – ой.Ақылды ой , алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті», -деп Ғ. Мустафин айтқандай білім де, ғылым да , мәдениет те тілмен беріледі, жүйелі тіл жүйелі ойды құрайды, тыңғылықты әрекет те ойдан басталады. Тілдегі шалағайлық барлық кесепаттың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы бойынша қазақ тілі республикамыздағы негізгі тіл – мемлекеттік тіл болуына орай оның қолданылу аясы, бедел – мерейі мемлекет ішінде ғана емес, халықаралық қатынастар деңгейіне дейін көтеріліп келеді. Бұл қазақ тілін оқу мен оқытуды жан – жақты зерттеп, дамыту жауапкершілігін алға қойып отыр. Сол себепті жұмысты жеңілдету, еңбек сапасын арттыру үшін қазіргі ғылым мен техниканың жетістігі саналатын компьютер жүйесін тілімізге кеңінен пайдалану іске асырылып отыр.
Қазақ тілі өмір таныту, тәрбие беру қарым - қатынас жасау құралы екендігі белгілі.Тіпті, елдігіміздің бір белгісі - ұлттық тіліміздің өгейсімей, дұрыс өмір сүруі. Санамалап айтсақ, тілдің атқарар қызметі көп. Оқушыларға тілді үйрете отырып, адамдық болмысын қалыптастыруға, ненің жақсы, ненің жаман екенін салмақтай білуге, бүкіл дүниенің әлемдік қақпасы тіл арқылы ашылатынын ұғындыруға болады. Тіл – достықтың дәнекершісі, ғылым тілі, мәдениет көрсеткіші.
Тіл арқылы тарихымызды, өткеніміз бен бүгінімізді, ертеңгі болашағымызды айқындауға болады. Сондықтан әрбір азамат ана тілін жетімсіретпей, босағада отырғызбай, шұбарламай, төрге шығаруға, биікке көтеруге тиіс.
Қазіргі қазақ тілі өркендеген мәдениетіміздің, дамыған ғылымның, публицистика мен ресми іс – қағаздарының тілі. Сөздік қоры жағынан мейлінше байыған грамматикалық құрылысы оралымды, түркі тілдерінің ішіндегі ең бай әрі көрнектісі, сол себепті тіл мәртебесін түсірмей, ешкімге жалтақтамай, биік дәрежеде ұстау, оны оқушыларға үйрету - әрбір ұстаздың басты міндеті.


Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. ҚР «Тіл туралы» Заңы Алматы, 1997ж. 11 шілде

  2. «Ана тілі» газеті. 2007ж

  3. «Қазақ әдебиеті» газеті.2008ж

  4. «Жалын» журналы. 2008, қыркүйек

  5. «Қазақ тілі мен әдебиеті» орта мектепте. 2008ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет