Орман аңдары мен құстарының биологиясы”



бет14/37
Дата06.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#33695
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
Жалпы сұрақтары: Әртүрлі орман типтерінде құстардың таралуы. Құстардың түрлері. Жыртқыш құстар. Орман жағдайына құстардың әсері. Орманды қорғау үшін құстарды еліктіру техникасы. Жасанды ұяларды жіктеу, оларға қоныстанған құстарды есептеу. Құстардың мінез-қылықтарын басқару. Қазақстанның Қызыл кітабы, сирек кездесетін түрлер мәртелері (тұрақтанған жай күйі - статус, топтары - категориялары).
Дәрістің қысқаша жазбасы. Жердегі өсімдіктер ресурстарында орман ерекше орын алады. Оның фитожиынтығы (массасы) барлық өсімдіктер массасының 88%. Үндістанда «Орман-ол су, су-түсім (өнім), түсім-тіршілік» деген нақыл сөзбен өткен Халықаралық орман шаруашылығы жиынында (конгресс) тіршілік сферадағы ормандар рөлі жоғары бағаланды. Орман Қазақстанның барлық территориясының 3,5% орналасқан. Оның көп бөлігі қылқанжапырақты орман, ал тауларда қайың, көктерек, алма ағашы, (арчевниктер). Еліміздің басқа территориясында аралас шөпті-астық тұқымдастар, жусанды астық тұқымдастар, жусанды-сортаң (сор), шөл өсімдіктер бірлестігі таралған. Биік тауларда субальпы, альпы алқабындағы көгалдар бар. Ормандар Қазақстанның негізінен Алтай, Жоңғар Алатауының таулы аудандарында, Тянь-Шаньның шығыс сілемінде шоғырланған. Солтүстікте қайың шоқтары орналасқан, Ертіс, Тобол өзендері бойы кішкене қарағайлы тоғайлар аумағы сақталған. Құмдарда отын үшін пайдаланатын және құмдарды бекітетін саксаул өседі. Ормандар біздің ғаламшардың 42 млн.кв.км. жуық алқапты алып жатыр, жыл сайын олардың алқабы 2% азаяды. Осы жерде көңіл аударарлық жай, ол біздің адамдар дәстүрлі орман өсіруге үйренбеген. Оның пайдасын біле тұра, құнарлы жер, тұщы су, жеткілікті күн сәулесі болғанымен ірі орман алабы түгілі елді мекендерді көгалдандыруға ниеті жоқ. Ниет, бір апатқа ұшырағанда ғана пайда болады. Оған Арал апаты аумағындағы Аманөткел, Райым, Қамбаш, басқа ауылдарының тұрғындары ормансыз тіршілік ету қиын екенін түсініп, кейінгі 3-4 жылда елді мекендерді қарқынды көгалдандырумен шұғылданып, кеуіп қалған теңіздің түбіне саксаул өсіруде. Орманның табиғат ортасында өтіп жатқан процеске тигізетін әсері тым әртүрлі (ылғал сақтағыш маңызы, егін және ауа қорғау, сауықтыру және орман – құнды азық-түлік өнімдерінің көзі). Орманды мекендейтін омыртқалылардың маңызы. Олар орман ортасына тікелей және жанама әсер етеді. Өсімдік қоректі жануарлардың вегетативтік тобына: күдір, елік, үзбара, бұғы, бұлан, доңыз-кабан, құндыз, кейбір құстар (құр, көгершін, қарға) жатады. Өсімдік қоректі жануарлардың генеративті тобына–тұқым, жеміс, гүл бүршігі және гүлмен қоректенетіндер жатады. Бөрікбастан қоректенетіндер: ұшар, тиын, алатышқан, бұлғын, аю, құстар (құнақ, тоқылдақ, құр, самырқұс, сайрауық). Арнайы көңілді ұсақ орманда жәндікпен қоректенетін құстар алады. Бұл құстардың пайдалы қызметін көру үшін, барынша оларды қорғау және еліктеу жолдарымен қолдау қажет. Қорғау үшін мұндай құстарды жоюға, ұяларын бұзуға, сирек және жоғалып бара жатқан түрлерін ұстауға қатаң тыйым салып, күту үшін жүргізілетін кесу мезгілін, межесін сақтау керек. Кейінгілер ұя салу кезеңі соңында өткізіліп, ұсақ қорықтар құрған дұрыс. Онымен қатар, жәндіктерге қарсы химиялық күресте қолданылатын улы химикаттар әсері құстарды жоятындай болмау керек. Кейбір аймақтардың ауыл шаруашылығында өсімдіктерді биологиялық қорғауда қолданылатын пайдалы омыртқасыздар түрлерін өсіріп, жерсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Кейінгі жылы омыртқасыз жануарларды саудалау әсіресе, оның фармакологиялық маңызы бар түрлеріне (медициналық сүліктер, улы буынаяқты жәндіктер) бақылауға алынуда. Пайдалы құстарды еліктеу үшін орманның санитарлық күйін жақсартып, ықпалды алдын алу іс-шаралар өткізу қажет. Ол құстарға ұя салып, демалуы үшін, жылдың аш кезеңінде үстеп қоректенуі және суат құру үшін ыңғайлы орын бөлуден тұрады. Құстарды еліктеуде ең кең таралған, тиімді шара-кеуекті ұялылар үшін қолдан ұя жасап, іліп қою қажет. Жидек тұқымды ағаштар мен бұталар егуді еңгізіп, құстар сусындап, шомылу үшін тоғандар немесе жерге цементтен немесе ағаштан астау құрып, «Құстар күні» мерекесін өткізу керек. Қолдан жасаған ұяда өте жиі көптеген (20 мың. дейін дана) кенелер, мамықжегілер, бүргелер, басқа омыртқасыздар қоныстанады да, балапандарға тоғышарлар қаптап, олардың өлуіне жеткізеді. Бұған жеткізбеу үшін қазір үйшіктердің түбіне тор қояды. Ең ірі түңгі қанатты жыртқышқа-үкі жатады. Оның олжасына ең әртүрлі, тіпті ірі құстар, кейде күндізгі жыртқыштарда бола алады. Бір кезде үкінің тор қоршауына қырғиды отырғызды. Олар күні бойы әр бұрышта отырды. Қырғи кейде қорқыныш кейіп көрсетіп, шаңқылдады, ал үкі еңкейіп, қауырсынын көтеріп, тұмсығымен тықылдатты. Бұл кешке дейін созылды, ал таңертең қырғидың тек қауырсыны қалды. Үкінің олжасына құстар ішіндегі көгершіннен кішісі, әсіресе өте жиі түрлі орман кеміргіштері ұшырайды. Құстардың халық шаруашылығындағы маңызы зор. Олар ет, жұмыртқа, мамық, қауырсын көздері болып келеді. Кейбір жабайы құстар түрлерінің кәсіпшілік маңызы бар. Құстар медицинада да маңызды. Себебі олар адамға берілетін жұқпалы вирус ауруларының тобы-орнитозбен ауырып, зақымданады. Көптеген паразиттердің жанама иесі болып, адамға қауіпті токсоплазмоз, листериоз ауруларының табиғи орталығы болып келеді. Тайга құстары ми қабынуы вирусының-тайгалық энцефалиттің қоймасы-резервуар есептелінеді. Құстардың аурулар қоздырғыштарын ұзақ шалғай жерге тасымалдауы дәлелденген. Құстарға жоғары экологиялық созымдылық тән. Ұя салушы құстар түрлерінің 83% қорықтар территориясында кездеседі. Тундрада, тундра орманында, орманда, дала аумағында ұя салатын қаз тәрізділер күйі қорқыныш тудыруда, ол тырна тәрізділер түрлерінің бірталайына да қатысты. Басқа құстар түрлері мәдени, ғылыми, ағартушылық және басқа қоғам керегіне қолданылуда. Сауда мақсаты үшін сайрағыш (19 түрі), аушы жыртқыш құстарды (6 түрі) ұстау әлі жалғасуда. Құстардың жіктелуі өте күрделі, әлі бұл кластағы негізгі жүйелеу бірлік саны туралы орта пікір жоқ. ҚР 1978 ж. Қазақстанның қызыл кітабы (мамандарға арналған ғылыми құжат, ол оған еңгізілген өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғауды ұйымдастыруға әзірленетін іс-шаралар мен ұсынымдарға, арнайы қорықтар, басқа қорғау территорияларын құруға негіз болады) басылып шықты. Оған омыртқалы жануарлардың 129 түрі, түр тармағы-подвид (42-сі сүтқоректілер, 110-құстар, 10-бауырымен жорғалаушылар, 3-қосмекенділер, 16-балықтар), тұңғыш рет 105 омыртқасыз жануарлар түрлері: 96-жәндік, 1-шаянтәрізді, 6-моллюск, 2-құрт еңгізілді. Құстардың 9%-ға жуық түрлері аумақта сирек кездесетін, негізінен сұңқар тәрізділер қатарының өкілдері. Олардың 30 түрі Халықаралық табиғатты қорғау одағы (ХТҚО) Қызыл кітабына еңгізілген. «Барлығы Қазақстанда аң аулау үшін» журналы 2010 ж. № 2 санында көрсетілгендей, қазір Қазақстанның қызыл кітабына өсімдіктердің 387 түрі, омыртқалы жануарлардың 125, омыртқасыздардың 96 түрлері еңгізілген. Жерүсті сүтқоректілер ішінде: 1 – қызыл қасқыр, тарғыл бұғы, амур горалы; 2 – қоңыр құлақты жарқанат, үлкен түтік танаулы, саршұнақ, амур жолбарысы, орман мысығы. Құстар ішінде: 1–16 түрлер (ақ арқалы альбатрос, жалбағай, қалбағай, қарабай, қызылаяқты тырнақұтан, қиыр шығыс дегелек, құрғақтанаулы, қарала үйрек, қабыршақты крохаль, сақалды шіл, тырна, уссурий тырнасы, ақ тырна, даур тырнасы, дуадақ, аңшы улит, айдарша шал) и 2 – 22 түрлер (үлкен әупілдек, қара дегелек, америка қарашақазы, кіші аққу, клоктун, ала және сор құладын, құр, қырғи-ястреб ақсары, жамансары-сарыч, шаңқылдақ қыран, ақсұңқар, лашын, монтайшіл, қарқылдақ шағала, қызылқасқа сутартар, қарала шалшықшы, лопатень, Бэрд құмдауық, қиыр шығыс шалшықшы құс, үкі, балықшы үкі). Тағы құстардың 50 түрлері сирек және күйі (статусы) анықталмаған түрлерге жатады. Жануарлардың сирек кездесетін түрлері санының өсуі республикада жануарлар әлемінің күйі төмендегенін емес, біздің Қазақстан жануарлары туралы біліміміздің жақсы өзгергенін көрсетеді. Қазақстанның табиғи байлығын қорғау, өкінішке орай, жеке басының баюына, әрі оны қорғаймыз деп, халық дәулетін ұялмай ұрлап, сатып жіберетін адамдардың қолында тұруда.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет