Ормандардың режимін және оларды қорғау. Орман пайдалану құқығы ұғымын және оның түрлерін тұжырымдау. Орман учаскелері мен орман ресурстарын пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылуының негіздерін талдау



бет4/6
Дата11.12.2021
өлшемі59,46 Kb.
#99379
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
экология 12 апта
экология 12 апта
Сүрекдің – екпе ағаштардың негізгі құрамы болатын ағаштардың жиынтығы.

Орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне жер учаскелері орман қорының жері деп танылады.

Орман қорының жері мемлекеттік және жекеше орман қоры жерінен тұрады. Табиғи өскен орманы бар және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен отырғызылған жасанды орманы бар жер, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берілген ормансыз жер мемлекеттік орман қорының жеріне жатады.

Жекеше орман қоры жеріне жеке және заңды мемлекеттік емес тұлғалар қаражаты есебінен отырғызылған және олардың жеке меншігіне берілген жасанды орманы бар жер жатады.

Орман қоры жеріндегі орман шаруашылығының қажеттеріне пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптары Қазақстан Республикасы орман заңдарына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін жеке және заңды тұлғаларға берілуі мүмкін.


  1. Орман қорының жерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін жердің басқа санаттарына ауыстыруды Қазақстан Республикасы Үкіметі жүзеге асырады.

Орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін алып қоюдан немесе жеке және заңды тұлғалардың қызметінен болған әсердің нәтижесінде жер сапасының нашарлауынан туындаған орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасы республикалық бюджет кірісіне өтелуге тиіс.

Орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасыны өтеуді орман және ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес қажеттер үшін орман қоры жерінен жер учаскелері берілетін тұлғалар жүргізеді.



Орман алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасыны өтеудің нормативтерін Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет