Ормандардың режимін және оларды қорғау. Орман пайдалану құқығы ұғымын және оның түрлерін тұжырымдау. Орман учаскелері мен орман ресурстарын пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылуының негіздерін талдау



бет6/6
Дата11.12.2021
өлшемі59,46 Kb.
#99379
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
экология 12 апта
экология 12 апта
пайдалану құқығының туындауы 

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану құқығы тендер нәтижелерi туралы хаттама және сол негiзге алынып жасалған шарт негiзiнде туындайды. 




      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану құқығы орман билетiнiң негiзiнде туындайды. 
      3. Орман пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен басқа адамға ауысады. 
      4. Орман пайдаланушы заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры - заңды тұлғаға ауысады. 
      5. Орман пайдалану құқығы тек қана орман пайдалану түрi сақталғанда, құқық мирасқорының орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражаты мен өндiрiстiк қуаты және облыстық атқарушы органдар  айқындайтын, тиiстi бiлiктiлiгі бар мамандары болғанда ауысуы мүмкiн. 
      6. Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартына, ағаш кесу билетiне, орман билетiне өзгерiстер енгiзу арқылы ресiмделедi. 
Заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтардың тарапынан экологиялық заңнаманы сақтаудың маңызды шарты табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны ұтымды пайдалану туралы нормалар мен ережелерді бұзғаны үшін жауапкершіліктің мемлекеттік шараларын белгілеу болып табылады. Бұл салада заңсыз аң аулау мен су кәсіпшіліктерімен заңсыз айналысу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің елеулі саны байқалады. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің деректері бойынша экологиялық заңды бұзғаны үшін жыл сайын кінәлі адамдардан экологиялық айыппұлдар мен төлемдер ретінде 600 млн. астам теңге алынады. Сонымен бірге, жауапкершілік шараларын қолдану тиімді болмай отыр. Бұл экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік институты теориясы әзірленуі деңгейінің жеткіліксіз болуымен түсіндіріледі.

Экологиялық құқықтың ерекшелігі мынада болып табылады: ол құқықтық реттеудің дербес объектісімен кіші салаларды біріктіретін құқықтың кешенді, ықпалдасқан саласы ретінде сипатталады. Бұл экологиялық заңнаманы реттеудің жалпы объектісінің ерекшелігімен байланысты болады .

Адамды қоршаған табиғат ортасы өзінің құрамдас бөліктерін – жерді, суды, орманды, жер қойнауын, жануарлар дүниесі мен атмосфералық ауаны біріктіретін кешен болып табылады. Осыдан да экологиялық жауапкершілік шараларын реттейтін нормалар да ерекше сипатқа ие болады. Табиғат объектісі туралы әрбір кодексте жер, су, орман, тау-кен заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Жауапкершіліктің осы шараларын қолданатын мемлекеттік органдар да бар. Бұл арада да табиғат объектілері бойынша саралау болады.

2007 жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің қабылдануы нәтижесінде табиғаттың жекелеген объектілер үшін жауапкершілік мәселелері бір нормативтік актіге топтастырылған. Сөйтіп, табиғаттың жеке объектісін пайдалануды қорғаудың нормалары мен ережелерін бұзу барлық табиғат кешенін бұзу деп танылады.

Экологиялық-құқықтық жауапкершілік –бұл нормалардың екі тобын және оларға тиісті құқық қатынастарын көздейтін құқық институтының кешенді салықаралық институты.

А) табиғат қорғау заңнамасы нормаларының бұзылуы жөнінде туындайтын;

Б) құқықты бұзғаны үшін санкцияларды (қылмыстық, әкімшілік, азаматтық) қолданумен байланысты одан әрі жалғасатын құқық қатынастары.

Бұл анықтама құқықтың басқа салалары жауапкершілігінің шараларын қолдана отырып, экологиялық құқық нормаларының бұзылуы ретінде экологиялық жауапкершіліктің табиғатын ашады.



Б.В.Ерофеев   мынаны   атап   көрсетеді:заңдық  және  экологиялық-құқықтық  жауапкершілік «болмысын» үш әр алуан, бірақ өзара байланысты мәнінде қарастырған жөн:

  • мемлекеттік мәжбүрлеу және заңмен жазылған талаптарды орындау;

  • мемлекет пен құқық бұзушы арасында туындайтын қорғау қатынастары ауқымында іске асатын, ол әрекет қолайсыз құқықтық санкцияларға ұшырауына алып келетін құқықтық қатынастың туындауы;

  • мемлекет пен оның органдарының құқық бұзушыға ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолданудың түрлерін, құралдары мен тәртібін баянды ететін заңдық нормалардың жиынтығы болып табылады [2, 75б.].

Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік белгілі бір мақсаттарды орындауға бағытталған, ол мақсаттардың негізгісі мемлекет белгілеген экологиялық тәртіпті қамтамасыз  ету. Бұл құқық институты мына негізгі:

  1. құқық нормаларын сақтауға, экологиялық-құқықтық нұсқамалықтарды орындауға ынталандыратын;

  1. қоршаған ортадағы ысырапты өтеуге өтемдік және адам денсаулығын қалпына келтіру;

  2. жаңадан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ететін ескерту;

  3. экологиялық құқық бұзушылықты жасаған адамға жаза қолдануда орын алатын жазалау міндеттерін орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет