Ормандардың режимін және оларды қорғау. Орман пайдалану құқығы ұғымын және оның түрлерін тұжырымдау. Орман учаскелері мен орман ресурстарын пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылуының негіздерін талдау



бет5/6
Дата11.12.2021
өлшемі59,46 Kb.
#99379
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
экология 12 апта
экология 12 апта
Орман даулары орманды беру, алу, пайдалану қорғау кезінде орман қатынастары субъект арасында пайда болады. Орман даулары сотта қаралуы -ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу және зақымдау;

  • өрт салу, отқа салақ қараудың салдарынан орманды құрту немесе зақымдау;

  • өз бетінше пішен шабу және мал жаю;

  • жабайы жемістерді, жаңғақтарды, саңырау құлақтарды, жидектерді және тағы басқа тыйым салынған немесе тек орман билеті бойынша ғана жол берілетін учаскелерде өз бетінше жинаған;

  • орман үшін пайдалы жануарлар әлемін құртқан;

  • орманда өрт қауіпсіздігі мен санитариялық ережелерді бұзу;

орман қорының уақытша берілген учаскелерін қайтару мерзімін бұзған немесе сарқынды сулармен, өнеркәсіптік, коммуналдық, тұрмыстық төгінділермен қалдықтарын және қоқыстарын зақымдау немесе ластау.

Орман қорғау– орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ, ағаш өнімін арттыру шаралары. Орманды алқаптарда орман қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнеше телімдерге бөлінеді де, олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі. Орманшының жұмысына техникалық орман қорғау инженері басшылық етеді, бақылайды. Орман қорғау жұмысында өртке қарсы шаралардың мұқият орындалуы бақыланады. Орманды рұқсатсыз кеспеу, ағаш дайындаушылар мен пішен шабушылардың, малшылардың, т.б. орман қорын сақтау ережелерін орындауы қадағаланады. Зиянды жәндіктер мен жануарлардың, өсімдік ауруларының пайда болуы бақыланып, қажет жағдайда тиісті мекемелерге тез хабарланады, күрес шаралары ұйымдастырылады. Орманда аң аулау, оның маусымдық ережелерін сақтау бақыланады.Орман қорғау ісінде, орман шаруашалығында радиостанция, телефон болуы керекөрт-химия станцияларықұрылып, өрт сөндіру топтары ұйымдастырылады. Орман ұшақ, тікұшақтармен ббарланады. Қазақстанда орман қорғау жұмысымен Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты , орман шаруашылығы мекемелері, т.б. айналысады

Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалаубарлық жеке және заңды тұлғалардың орман қорын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн, орман шаруашылығын жүргiзу, оның ішінде ормандарды күзету, қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсіру, олардың есебiн жүргiзу ережелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарында, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және  ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарында көзделген өзге де ережелер мен нормаларды сақтауы мақсатында жүзеге асырылады. 
      2. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері, өзге мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады. 
      3. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау тексерулер және байқаулар арқылы жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет