Орны: 209-кабинет



бет5/22
Дата19.02.2017
өлшемі8,11 Mb.
#10879
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Дәнекер ұлпалары. Адам организмінде дәнекер ұлпаларының бірнеше түрі бар: шеміршекті, сүйек, май, қан ұлпалары болады. Олардың құрылысы мен қызметі өр түрлі, ) және жаксы дамыған жасушааралык заттарыныц болуымен біріктірілген. Жасушааралык заттар кызметіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, канда ол сүйык, сүйекте — катты, шеміршекте серпімді, созылмалы болады.

Талшықты дөнекер ұлпасы шеміршекті

Дәнекер ұлпалары әр түрлі кызмет атқарады. Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасы мүшелер арасындағы аралықты толтырады; қан тамырларың жүйкелерді, бұлшық ет шоғырын қоршайды. Тері астындағы май клетчаткасы қабаты осы ұлпадан тұрады. Сүйек және шеміршек ұлпалары тіректік әрі механикалық қызмет аткарады. Қан мен лимфа қоректік, тасымалдау және Қорғаныш қызметтерін жүзеге

Қан және лимфа

ІІІ. 1.Ұлпа дегеніміз не?

2. Ұлпаларды қандай топтарға бөледі?

3. Эпителий үппасы не тузеді?

4.Эпителий ұлпасына қандай ерекшеліктер тән?

5. Жасушааралық зат дегенімІз не?

6. Дәнекер уппасының қандай типтері бар?

7. Денекер ұлпасына қандай ерекшепікгер тән?

8. Сүйек Жйне шеміршекті ұлпаның қызметі қандай?

9. Қан мен лимфа қандай қызмет атқарады?

ІV. §7


V. . 1. Макроэлементтер деп нег атаймыз,оларға қай элементтер жатады.? (O,H,C,N - мөл-і 98%)

2. Қай элементтерді био элементтер дейміз неліктен ?( p,s)

3. Жасуда қандай иондар кездеседі,олардың мөлшері қандай,қандай қызметтер атқарады.(К, Na,Ca, Mg,Fe,CI сиқты- 1%

4. Мироэлементтерге қайсы жатады олардың клеткадағы атқаратын қызметіқандай?

5. Жасушадағы судың мөлшері?

6. Судың қасиеттері.

7.Нәруыз құрамы касиеттері кандай?

8. Майлар құрамы атқаратын қызметі қандай?



9. Көмірсулар құрамы атқаратын қызметі қандай?

Тест.

1. Дәнекер ұлпасы не түзеді?

а) тыныс мүшелерінің сілемейлі қабығын; ә) қанды;

б) жүрек қабырғасын.

2.Эпителий ұлпасына тән ерекшеліктер:

а)бір-біріне тығыз жанасатын жасушалар мен жасушааралық заттың аз мөлшері; ә) ядро саны көп ұзын жасушалар;

б)жасушааралық заттың мөлшері көп селдір орналасқан жасушалар.

3. Қанға тән ерекшеліктер:

а) бірдей қызмет аткаратын бірдей жасушалар;

ә) жасушааралык заттары — кальций фосфаты мен

карбонаттары;

б) қоректік заттар мен оттек тасымалдау.

2. Ұлпалардын суретін караңдар.
ҮІ. Қорытындылау

Күні : Пәні: Биология. 8-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет және жүйке ұлпалары

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды ұлпалардың түрлерімен құрылысымен таныстыру .

2. Оқушылардың ұлпа құрылысын ажырату

3.Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың типі:Жаңа сабақ

Сабақтың түрі:Интерактивті

Сабақтың әдісі: сұбхат, топтастыру, жоба құру.

Сабақтың пән аралық байланысы: Информатика

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар. ДНК -моделі.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту.

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Үй тапсырмасын сұрау §4.



І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру.

Бұлшық ет ұлпалары құрылысы мен шығу тегі әр түрлі, бірақ ортақ белгілерімен біріктірілген (жиырылу қабілеті, ұзындығын өзгерту) ұлпалар тобы.

Көлденең жолаңты бұлшық ет ұлпалары қанқа сүйектеріне бекітілген және оның кимыл-қозғалысын қамтамасыз ететін қанқа бұлшык етін түзеді. Көз алмасын козғалтатын бұлшык еттер көз алмасының солға, онға, жоғары, төмен қозғалысын камтамасыз етеді. Жұту бұлшык еттері де көлденең жолақты бұлшық етке жатады.Көлденең жолақты бұлшық еттердін маңызды қасиеттері — адамның еркіне сай жиырылуға қабілеттілігі.

ұлпа ұзындығы 1—45 мм, кейбір бұлшық еттерде 12 см-ге дейін жететін көп ядролы бұлшық ет талшықтарынан тұрады. Микроскоппен қарағанда талшыктардың көлденең сызыктары көрінеді. Көлденең жолақты талшықтар тез жиырылады да, осы күйінде ұзақ уакыт сақталады.



Миокард (жүрек еті) — көлденең жолақты жасушалардың бір-біріне жанасып орналасуынан түзілген жүрек бұлшык еті Жасушалардың пішіні сопақтау (ұзындау), бір, кейде екі ядросы болады. Осы жасушалардың тығыз тұтасуына орай жүрек бұлшық еті қаңқа блшьіқ еті сияқты жеке шоғыр болып емес, тұтас ең алдымен жүрекше, содан кейін қарынша бұлшық еттері жиыры­лады.

Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпалары ішкі мүшелер (өңещ, асқазан, ішек, несепағар, қуық), кан және лимфа тамырларының, без өзектерінің қабырғаларының құрамына кіреді. Оны мөлшері үлкен емес, бір ядролы, ұршык тәрізді бұлшық ет жасушалары түзеді. Оның жырылуы адам еркіне байланысты болмайды

Жүйке ұлпасы барлық жүйке жүйесін түзеді. Ол негізгі жасушаларынан — нейрондардан және қосалқы жасуишлардан — нейроглиялардан тұрады. Нейроглиялар нейрондарға беріктік қасиет беріп, қорғаныш рөлін атқарады жүйке жасушаларының коректенуіне және жүйке талшыктары мен жүйкелердің регенерациясына қатысады. Нейрондар тітіркенуді кабылдап, қозуға байланысты жүйке импульстерін тудырады жөне таратады. Нейрондар жады-дан (ее) акдараттарды өндеуге, сақтауға және естен шығару-ға қатысады. Өрбір нейронның денесі, жүйке ұштары бар ұзын жөне кысқа өсінділері болады. Өсінділер күрылысы, пішіні жөне кызметі бойынша ерекшеленеді. Қыска, жиі тармақталған өсіндісі нейрон денесіне жақын орналасқан, бүлар дендриттер деп аталады. Ал ұзын өсіндінің тек ұшы тармақталған және жіңішке болады, оларды аксондар (1,5 м дейін) деп атайды Жүйке жүйесін түзетін жүйке ұлпасының маңызы зор. Жүйке үлпасы организм бөлігі ғана емес, ол дененің қалған барлық бөліктерін біртүтас организмге біріктіруді камтамасыз етеді



ІІІ. | 1-зертханалық жүмыс

ІV. §8.

V. .


1.Ұлпа дегеніміз не?

2. Ұлпаларды қандай топтарға бөледі?

3. Эпителий үппасы не тузеді?

4.Эпителий ұлпасына қандай ерекшеліктер тән?

5. Жасушааралық зат дегенімІз не?

6. Дәнекер уппасының қандай типтері бар?

7. Денекер ұлпасына қандай ерекшепікгер тән?

8. Сүйек Жйне шеміршекті ұлпаның қызметі қандай?

9. Қан мен лимфа қандай қызмет атқарады?

1-зертханалық жүмыс

Адам организмінің жасушалары мен ұлпаларының қүрылысын микроскоп арқылы зерттеу

Жұмыстың мақсаты: дайын микропрепараттарды микроскоп аркылы карап, жасушалар және ұлпалар құрылысымен танысу.

Керекті құрал-жабдықтар: микроскоптар, әр түрлі ұлпа жасушаларының дайын микропрепараттары; көлденең жолақты бұлшық ет ұлпалары, көлденең жолақты жүрек, бірыңғай салалы бүлшық ет, эпителий (эпителийдің әр түрлі типтері), сүйек, жүйке ұлпалары.

Жұмыс реті

1. Әр түрлі ұлпа жасушаларының күрылысының дайын препараттарын қараңдар. элементтерін (мем­брана, цитоплазма, ядро) табыңдар. Микроскоп арқылы көрген органоидтерін көрсетіп, жасушаның суретін салыңдар.

2. Микроскоп арқылы:

а) көлденен жолакты бұлшык ет; ә) көлденең жолакты жүрек;

б)тегіс салалы бұлшық ет; в) эпителий (өр түрлі эпителий);

г) сүйек;ғ) жүйке ұлпаларын караңдар.

Бұл ұлпалардың құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы қорытынды жасаңдар. Бұл ұлпалардың құрылымдык бөліктерін табыңдар. Ұлпаларда жасушалар бірдей орналаскан ба?

Көрген үлпаларыңның суретін салындар. Органоидтерін жазыңдар. Оқулықтағы ұлпалардың суретімен салыстырыңдар.

Дөптерлеріңе кестені толтырыңдар.

Ұлпалар және олардың қызметі




ұлпа атауы

Құрылысы

Қызметі

Организмде орналасуы

Көлденен жолақты










Бірынғай салалы










Дәнекер










Эпителий










Жүйке











Күні : Пәні: Биология. Сыныбы: -8 .

Сабақтың тақырыбы: МҮШЕЛЕР ЖӘНЕ МҮШЕЛЕР ЖҮЙЕЛЕРІ

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды мүшелер және мүшелер жүйесінің құрылысымен таныстыру .

2. Оқушылардың мүшелер және мүшелер жүйесінің құрылысын ажырату және атқартын қызметтерін қысқаша сипаттау.

3.Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың типі:Жаңа сабақ

Сабақтың түрі:Интерактивті

Сабақтың әдісі: сұбхат, топтастыру, жоба құру.

Сабақтың пән аралық байланысы: Информатика

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар. Сызба-нұсқалар «адам мүшелерінің құрылысы»

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту.

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Үй тапсырмасын сұрау

І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру

Мүшелер ұлпалардан түзіледі. Мүше дегеніміз — нақты пішіні бар, организмде белгілі орын алатын бір немесе бірнеше кызмет аткаратын дене бөлігі. Жүрек, өкпе, бүйрек, қол, кез — денеміздің, мүшелері. мүшенің түзілуіне ұлпалардын барлық түрлері қатысады, бірақ олардың біреуі ғана негізгі рөл аткарады. Мысалы, сүйектің негізгі үлпасы — сүйек ұлпасы, бездің негізгі ұлпасы — эпителий ұлпасы, бұлшық еттің басты ұлпасы — бұлшық ет ұлпасы, мидың негізгі ұлпасы — жүйке ұлпасы. Әрбір мүшеде дәнекер, жүйке және эпителий ұлпалары, қан тамырлары болады.

Мүше біртұтас организмнің бөлігі болып табылады, сондықтан организмнен тыс жұмыс істей алмайды. Мүшелер жүйелері. Белгілі бір физиологиялык қызметі бойынша біріктірілген, шығу тегі бір, бірақ құрылысы әр түрлі мүшелер жүйе құрайды. Мынадай физиологиялық жүйелерді ажыратады: жабын (тері), тірек-қимыл, ас қоры­ту, жүрек-қан тамырлары, тыныс, зәр шығару, эндокриндік, жыныс, жүйке жүйелері.



Тірек-кимыл жүйесі Ас қорыту жүйесі

Бұлшық ет Сілекей безі

Ауыз қуысы

Жұткыншақ

Өнеш

Бауыр


Асқазан Ұйқыбез

Ішек

Тыныс алу жөне зәр шығару жүйелері Жүрек қан тамырлары жүйесі

Мұрын қуысы



Эндокриндік жүйе



Гипофиз


Қалқанша без

Бүйрек үсті без

ұйқы-без
Жыныс бездері
Жабын ұлпалары жүйесіне тері және сілемейлі қабқк кіреді. Тері денені сыртынан жабады. Сілемейлі қабық ауыз қуысының, тыныс жолдарының, ас қорыту жүйелерінің ішкі жағын астарлайды. Тері мен сілемейлі қабық организмді сырткы әсерлерден — құрғап кетуден, температуралык өзгерістен, зақымданудан, организмге ауру туғызатын әр түрлі қоздырғыштар мен улы заттардыңенуінен сақтайды.

Тірек-қимыл жүйесі сүйектер мен бүлшык еттерден тұрады. Сүйектер өзара байланысып, дененің сәйкес белігінің қаңқасын құрайды.

Қаңңа ішкі мүшелер орналаскан қуысты қорғаныш кызметін де атқарады. Мысалы, қабырғала омыртқалар, төс сүйегі жүрек, өкпе сиякты мүшел орналасатын кеуде куысын түзеді. Қаңка мен бұлшық еттер дене қимылын камтамасыз етеді. Өзара байланысқан сүйектер бекітілген бұлшык еттердің жиырылуы арқы қозғалысқа келеді.

Ac қорыту жүйесіне ауыз қуысының мүшелері тістер, сілекей бездері, жұтқыншак, өңеш, ішектер, асқаза бауыр, ұйкыбез кіреді. Ас қорыту мүшелерінде ас майдаланып, сілекеймен шыланады, құрамында ас қорыт ферменттері бар ас қорыту сөлінің әсерінен химиялы ыдырайды. Нәтижесінде организмге қажет қоректік заттар түзіледі. Олар ішекте сіңіріліп, қан арқылы организмні барлық жасушалары мен ұлпаларына жеткізіледі.

Жүрек-қан тамырлары жйесі жүрек пен кдн тамырларынан тұрады. Жүрек жиырылып, қанды қан тамырлары арқылы зат алмасу үздіксіз жүретін мүшелер ме ұлпаларға айдайды. Осындай алмасуға байланыст жасушалар үнемі оттек пен басқа қажетті заттарды ал организмге зиянды заттардан айырылады.

Тыныс алу жүйесі организмді оттекпен қамтамасыз етді және одан көміркышқышл газын шығаруға қатысады. Ауа алдымен мұрын қуысына, одан мұрын-жұтқыншаққа (носоглотка), көмекейге, әрі қарай кенірдек пен өкпеге түседі де, өкпе және қан капиллярлары арасында газ алмасу жүзеге асады.

Зәр шығару жүйесі организмнен зат алмасудың сұйық өнімдері — организм тіршілік әрекетінің заттарын шығару қызметін аткарады. Бүйрек зәр шығару жүйесінін негізгі мүшесі болып табылады. Оларда несепағармен қуыққа ағатын зәр түзіледі. Зәр қуыққа жиналып, зөр шығаратын түтік арқылы сыртқа шығарылады.

Жыныс жүйесі көбею қызметін атқарады. Жыныс бездерінде жыныс жасушалары қалыптасады. Бұл жүйеге аталык жыныс безі — аталык бездер (семенник) және аналык жыныс бездері — аналык без (яичник) жатады. Жатырда ұрық дамиды.

Эндокриндік жүйеге ішкі секрецияның әр түрлі бездері жатады. Әрбір без табиғаты химиялық биологиялық белсенді заттарды өндіріп, қанға бөліп шығарады. Бұл заттар барлық жасушалар, организм ұлпалары мен тұтас организм кызметін реттеуге катысады.

Жүйке жүйесі барлык жүйелерді біріктіреді, олардың әрекетін реттейді және үйлестіреді. Жүйке жүйесі мен

Мүше арасындағы байланыстың бұзылса қалыпты қызмет тоқтатады. Жүйке жүйесі организмнің ортанның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына сезім мүшелері арқылы бейімделуін қамтамасыз етеді.Адамның психикалық іс-әрекеті, мінез-құлқы жүйке жүйесіне байланысты. Көптеген мүшелерден тұратын, жүйелер мен аппараттарға біріктірілген тірі организм біртүтас болып қызмет етеді.

ІІІ. Перфакартамен жұмыс.

ІV. §9.


V. Сұрақтарға жауап.

3. Көлденең жолақты ұлпа дегеніміз не?

4. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы дегеніміз не?

5. Жүйке ұлпасының құрылымдық бірлігі қалай аталады?

6.Жұйке ұлпасының қандай қасиеттері бар?

Биология. 8-сынып.

Сабақтың тақырыбы:


Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет