Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. Астана, 2016


-БӨЛІМ: САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ 1-САБАҚ



бет13/20
Дата16.01.2020
өлшемі301,82 Kb.
#56018
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
1 сынып полностью
Үстеу М

6-БӨЛІМ: САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ 1-САБАҚ

Тақырыбы: Менің туған жерім

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны:

Оқу бағдар ламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну. 1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.

1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша/неше?) сұрақ қоя білу.

1.5.2.1. Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту.

1.5.2.2. Мұғалімнің көмегімен к әрпі кездесетін сөздерді дұрыс айту және жазу.


Сабақ мақсаты


Барлық оқушылар:

Өзінің қайда тұратынын айта алады және Қазақстандағы екі үлкен қала туралы тақпақтың мазмұнын түсінеді, қ дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, тақырып бойынша өзара тілдесе алады, қ дыбысын меңгереді.



Кейбір оқушылар:

Өздерінің туған жері туралы қосымша ақпарат бере алады, қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға туған жер сөзінің мағынасын түсіндіреді. 1 -тапсырма бойынша Қазақстандағы екі үлкен қала Алматы мен Астана туралы ақпарат береді. Оқушылар сурет бойынша қалаларды тауып атайды. (МК,Ұ) 2-тапсырма бойынша мұғалім оқушыларға «Менің туған жерім - Қазақстан. Мен Қазақстанда тұрамын» де­ген сөйлем үлгілерімен таныстырады. Оқушылар өздерінің Қазақстанда тұратындарын айта алуды үйренеді. (МК, Ұ) 3-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар «Менің туған жерім - Қазақстан» деген сөйлемді қайталайды, сондай-ақ мұғалім оқушыларға тұрамын сөзінің болымсыз түрін (тұрмаймын) түсіндіреді. Оқушылар кесте бойынша тұрамын, тұрмаймын сөзін қолданады. «Мен Қазақстанда тұрамын» деген сөйлемді оқушылардың бәрі айтады, ал Алматы, Астана қаласы туралы айтқанда, оқушылар шынайы жауап береді.

Мысалы: «Мен Астанада тұрамын» немесе «Мен Астанада тұрмаймын».

(МК, Ж) 4-тапсырмада оқушылар «Сен Алматыда (Астанада/Қазақстанда) тұрасың ба?» деген сұраққа жауап бере алуға жаттығады. Берілген үлгі бойынша оқушылар жұппен сөйлеседі.

(МК, Ұ) 5-тапсырмада мұғалім оқушыларды Қазақстандағы екі үлкен қала туралы «Алматы мен Астана» деген өлеңмен таныстырады:

Жап-жасыл ағашы,

Қып-қызыл алмасы,

Ақ басты тауы бар -

Алматы қаласы.

(С. Оспан)

Сабақта өлеңді тыңдау, хормен және жеке-жеке қайталау жұмыстары жүргізіледі.

(ОТ) Сабақтың соңында оқушылар «Менің туған жерім» деген тақырыпта сурет салу арқылы өздерінің туған жерге деген сезімін білдіре алады.


Оқулық

Аудиодиск: 6.1.1.; 6.2.2.; 6.2.4.; 6.3.4.;






(МК, Ұ) Мұғалім қ дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің қ дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды қ дыбысымен және оның әрпімен таныстырады. Аудиодискіден қ дыбысының айтылуын және қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға қ дыбысын айтқан кезде тілдің, жақтың, еріннің қатысы қандай болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады. Мұғалім оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар қ дыбысының дауыссыз дыбыс екенімен танысады. Мұғалім қ дыбысы дауыссыз дыбыс болғандықтан, оқулықта көк түспен берілгенін түсіндіреді.

Қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді. Олар: қарындаш, қасқыр, қара. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға қ дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді (Қанат т.б.). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? қандай?), мұғалім қ дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: қарындаш (не?), қасқыр (не?), қара (қандай?), Қанат (кім?).

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.

Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолда­на білу дағдыларын қалыптастырады.



№2 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 6.3.



Сабақтың соңы (41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



6-БӨЛІМ: САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ -САБАҚ


Тақырыбы: Ою

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны:

Оқу бағдар-ламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.5.1. Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру.

1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.

1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті

ақпаратты табу.

1.4.2.1. Мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған/ тыңдау-көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу. 1.4.4.1. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып жазу; санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жазу.

1.5.1.3. Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын, бұйрық райды қолдану.



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Ою туралы түсінік алады, үлгі бойынша ою жасай алады.





Оқушылардың басым бөлігі:

Тірек суреттер бойынша оюдың қалай жасалатынын айтып бере алады.





Кейбір оқушылар:

Ою туралы қосымша ақпаратпен бөлісе алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға ою сөзінің мағынасын түсіндіреді. Қазақ тұрмысында оюдың алатын орны, сондай-ақ біз оюларды киім үлгілерінде, ыдыстарда, кілемдерде, түрлі әшекейлерде кездестіретініміз туралы ақпарат беруге болады. Мұғалім 1-тапсырма бойынша оқушыларды ою жасау жолдарымен таныстырады. Оқушылар ою жасау үшін қажет құралдарды атайды. Олар: қағаз, қайшы, қарындаш. (МК,.Ұ) 2-тапсырмадағы суреттер бойынша оқушылар бүкте, сыз, қи, аш сөздерімен танысады. Сөздерді тыңдау, қайталау және қимылмен көрсету жұмыстары жүргізіледі.

(МК,.Ұ) 3-тапсырмада оқушылар бүктеймін, сызамын, қиямын сөздерін берілген сөйлемдерді толықтырып айту үшін қолданып жаттығады. Мысалы: Мен қағазды ... (бүктеймін). Мен қарындашпен ою ... (сызамын). Мен қайшымен... (қиямын).

(МК, Т) 4-тапсырмада мұғалім оқушыларды ою жасау жолымен таныстырады. Оқушылар ою жасау жолын тыңдайды, қайталайды, есте сақтайды. Осыдан кейін оқушыларды 5 баладан топқа бөлуге болады. Топ ішінде олар өздері бір-бір сөйлемнен бөліп алады. Содан кейін әр топ оюдың жасалу жолын ретімен


Оқулық

Аудиодиск: 6.2.1.; 6.2.2.; 6.2.4.

Ою үлгісі, қағаз, қайшы, қарындаштар.





айтып шығады: Қағаз, қарындаш, қайшы ал. Қағазды бүкте. Қарындашпен ою сыз. Қайшымен ки. Оюды аш. (ОТ) Оқушылар сабақта ою жасайды. Ол үшін мұғалім алдын ала қатты қағаздан дайындалған ою үлгісін жасап алуы керек. Сабақта оқушылар ақ қағазды екіге бүктейді, содан кейін дайын ою үлгісі бойынша оюды сызып шығады да, оюды қияды. Қағазды ашқанда әдемі ою шығады. Содан кейін оюды қалаған түстеріне бояуға болады. Сыныпта оқушылардың жұмысынан көрме ұйымдастырылады.

(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекітеді.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.



№2 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 6.2.



Сабақтың соңы (41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



6-БӨЛІМ: САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ 3-САБАҚ


Тақырыбы: Домбыра

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.5.1. Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру.

1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен ез ойын білдіру.

1.4.4.1. Бас әріптер мен кіші әріптерді және оларды бір-бірімен дұрыс байланыстырып жазу; санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жазу.

1.5.1.4. Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану.

1.5.1.3. Сөйлеу барысында мұғалімнің көмегімен етістіктің шақтарын қолдану.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Музыкалық аспап туралы түсінік алады. Өзінің домбырасы бар немесе жоқ екенін және өзінің домбыра тартатынын / домбыра тартпайтынын айта алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады. Өздерінің домбыра тартатынын/домбыра тартпайтынын айта алады.



Кейбір оқушылар:

Басқа да музыкалық аспаптарды атай алады, өздерінің қандай аспапта ойнайтынын айта алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға домбырада орындалған күйден үзінді тыңдатады. Сол арқылы домбыра аспабы туралы түсінік береді. Содан кейін оқулықтағы 1 -тапсырма бойынша жұмыс істейді. Оқушылар Алмабектің сөзін тыңдайды, оқиды, содан кейін сол тапсырмадағы «Сенде домбыра бар ма?» деген сұраққа жауап береді. Бұл сұраққа әр бала өзінің шынайы жауабын береді. Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын Алмабектің «Мен домбыра тартамын» деген сөйлеміне аударады. «Есте сақта!» айдары бойынша аталған етістіктің болымды, болымсыз түрін түсіндіреді, оны жеке-жеке, хормен қайталату арқылы жаттықтырады.

(Ұ) 2-тапсырмада оқушылар үйренген үлгі бойынша «Сен домбыра тартасың ба?» деген сұраққа тірек үлгілерді (Иә, мен... /Жоқ, мен...) толықтырып айту арқылы өз қалаулары бойынша жауап береді.



Оқулық

Аудиодиск: 6.3.1; 6.3.3;






(Ж) 3-тапсырманы орындау үшін домбыра қажет болады (шынайы домбыра болмаған жағдайда, ойыншық домбыра/домбыраның суреті қолданылады). Ең алдымен мұғалім диалогті тыңдатады. Содан кейін оқушылар жұппен осы диалог негізінде сөйлеседі. Тапсырмада ұсынылған диалог шынайы болу үшін, екінші баланың қолында домбыра болу керек. Содан кейін оқулықта берілген үлгі бойынша өзара сөйлеседі. Үлгі:

- Мынау не?

- Бұл - домбыра.

- Сен домбыра тартасың ба?

- Иә, мен домбыра тартамын. (Жоқ, мен домбыра тартпаймын).

Екінші сұраққа оқушылар шынайы жауап береді. (МК, Ж) 4-тапсырмада берілген сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар өткен материалды қайталайды, бекітеді. Тапсырмада берілген сұрақтарға оқушылар өз қалауы бойынша жауап береді. Сондай-ақ тапсырманы жұптық жұмыс ретінде ұйымдастыруға болады. Бірінші бала сұрақ қояды, екінші бала жауап береді.

(МК,Ұ) Жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.


№2 жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет