Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. Астана, 2016


-БӨЛІМ: ТАГАМ ЖӘНЕ СУ СЫН 2-САБАҚ



бет16/20
Дата16.01.2020
өлшемі301,82 Kb.
#56018
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
1 сынып полностью
Үстеу М


7-БӨЛІМ: ТАГАМ ЖӘНЕ СУ СЫН 2-САБАҚ


Тақырыбы: Таңертең

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдар ламасына сәйкес оқу мақсаты

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.1.1. Таныс сөздерді тұтас оқу.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша

қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою.

1.5.2.1. Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Таңертең қандай ас ішетінін айта алады, ү дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, ү дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.





Оқушылардың басым бөлігі:

Таңғы ас туралы сұхбатқа қатыса алады, сұрақ қойып, сұраққа өз қалауы бойынша жауап бере алады.





Кейбір оқушылар:

Басқа да азық-түлік атауларын атай алады, сабақта үйренген құрылымдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, ү дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы

(6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісіне аударады. Оқушыларға сөйлеу үлгісіндегі таңертең, ішемін, жеймін, сүт, шырын, ботқа, нан сөздерінің мағынасы және сөйлем ішіндегі қолданысы түсіндіріледі. Мысалы: Мен таңертең сүт ішемін, ботқа жеймін. Сондай-ақ осы тапсырмадағы сүт, шырын, ботқа, нан сөздерімен сөйлемдер құрастырып, жаттығады. (МК, Ұ) 2-тапсырма бойынша мұғалім оқушыларға ішшін, жеймін сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Оқушылар берілген суреттер бойын­ша Мен таңертең ... ішемін/жеймін деп сурет бойынша таңдап, толықтырып оқиды. (МК, Ұ) 3-тапсырмадағы сөйлемдерді толықтырып оқу арқылы оқушылар таңертең не ішіп, жейтіндерін тағы бір пысықтайды, жаңа сөздерді қайталайды.

(Ж) 4-тапсырмада жұптық жұмыс орындалады. Бұл тапсырма бойынша балалар жұпта бір-біріне: Сен таңертең не ішесің? Сен таңертең не жейсің? сұрақтарын қойып, өз жауаптарын айтуы керек.



Оқулық Аудиодиск: 7.2.1.; 7.2.2. 7.2.5.




Көмек ретінде оқулықта берілген суретті қолдануға болады. Берілген тапсырма арқылы оқушылар осы сабақтағы белсенді лексиканы бекіте түседі.

(МК, Ұ) Мұғалім ү дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің ү дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды ү дыбысымен және оның әрпімен таныстырады. Аудиодискіден ү дыбысының айтылуын және ү дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға і дыбысын айтқан кезде тілдің, жақтың, еріннің қатысы қандай болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады. Мәселен, тілдің алға-артқа жылжуынан дауыстылар жуан, жіңішке болып түрленетіні белгілі. Сондай-ақ дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке айтылуын жуан, жіңішке дауыстыларды салыстыра беру арқылы жаттықтыруға болады. Мәселен: ұ-ү. Мұғалім оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар ү дыбысының дауысты дыбыс екенімен танысады. Мұғалім ү дыбысы дауысты дыбыс болғандықтан, оқулықта қызыл түспен берілгенін түсіндіреді.



Ү дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді. Олар: үй, үш, күн. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға ү дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді (Үсен т.б.) Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? қандай?), мұғалім ү дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: үй (не?), үш (неше?), күн (не?), Үсен (кім?). (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.



№2 жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.




1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



7-БӨЛІМ: ТАҒАМ ЖӘНЕ СУСЫН 3-САБАҚ


Тақырыбы: Ac мәзірі

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материалдың кім/ не туралы екенін түсіну.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.1.1. Таныс сөздерді тұтас оқу.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында жіктік / септік жалғауларын қолдану.

1.5.2.1. Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту.


Сабақ мақсаты


Барлық оқушылар:

Тағам түрлерін атай алады, ас мәзірі бойынша қалаған тағамын ала алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, тақырып көлемінде өзара тілдесе алады.



Кейбір оқушылар:

Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісіне аударады. Ен алдымен жаңа сөздер қатарымен таныстырады. Олар: сорпа, ботқа, ет, бауырсақ, салат, су, шырын, сүт. Содан кейін үлгіде берілген «Мен шырын аламын» деген сөйлемнің мағынасы түсіндіріледі. Оқушылар аламын сөзінің мағынасын 1 -сабақ бойынша біледі, сондықтан бірден шырын сөзін басқа сөздермен алмастыра қолдануға жаттықтыруға болады. Мысалы: «Мен ботқа аламын». «Мен сүт аламын» т.с.с. (МК, Ұ) 2-тапсырма бойынша оқушылар «Маған ... беріңізші» деген өтініш үлгісін еске түсіреді. Берілген кесте бойынша нан, сүт, ет, бауырсақ сөздерін қолданады.

(МК, Ж) 3-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Мұғалім оқушыларды сөйлесу үлгісімен таныстырады. Мұғалім оқушылардың назарын «Ас болсын!», «Рақмет!» деген ілтипат сөздеріне аударады. Содан кейін оқушылар берілген үлгі бойынша асханадағы сөйлесу үлгісін жүзеге асырады. Үлгі:



- Сен не аласың?

- Маған салат және шырын беріңізші. -Міне, ал. Ас болсын!

- Рақмет!

(МК, Ұ) 4-тапсырма берілген сөйлесу үлгісін толықтырып айту арқылы оқушылар аламын, алмаймын сөздерін қайталайды. Оқушылар иә, жоқ сөздеріне байланысты аламын, алмаймын сөзін таңдап қолданады. Мысалы:



- Сен салат аласың ба? -Иә, мен... (аламын).

- Сен шай аласың ба? -Жоқ, мен... (алмаймын).

(Ж) Оқушылар 4-тапсырмадағы сұрақ бойынша жұппен жұмыс істей алады. Онда бірінші баланың сұрағына (Сен сүт/ ботқа аласың ба?) екінші оқушы өз қалауы бойынша жауап бере алады. Сонда бұл шынайы өмірлік жағдаятқа жақын болады.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.


Оқулық

Аудиодиск: 7.3.1; 7.3.3.

№2 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 7.3.



Сабақтың соңы (41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?



1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:


7-БӨЛІМ: ТАҒАМ ЖӘНЕ СУСЫН 4-САБАҚ


Тақырыбы: Сен не ішесің?

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.2.3.1. (Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру. 1.2.5.1. Қысқа фильмдер мен тыңдалым материалдарының сюжетін өз сөзімен суреттеу.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша

қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою.

1.5.2.1 Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Өзінің не ішетін/ішпейтінін айта алады, ң дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, ң дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.





Оқушылардың басым бөлігі:

Сөйлеу барысында жіктік жалғауын дұрыс қолдана алады, тақырып бойынша өзара тілдесе алады.





Кейбір оқушылар:

Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, ң дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Саба қтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын 1-тапсырмадағы суретке аударады. Сурет бойынша ішемін сөзінің мағынасын түсіндіреді. Берілген үлгі бойынша ішемін сөзін сусын атауларымен байланыстыра қолдануға үйретеді. Мысалы: Мынау - шырын. Мен шырын ішемін. Мынау - су. Мен су ішемін. «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларға ішемін сөзінің болымсыз түрін үйретеді. Мысалы: ішемін (*), ішпеймін (*0-(МК, Ұ) 2-тапсырмада берілген сөйлем үлгілерін толықтырып айту арқылы (Мен ... ішемін. Мен... ішпеймін) оқушылар ішемін, ішпеймін сөздерін қолдануға жаттығады. Аталған сөздерді су, шырын, шай, сүт, айран сөздерімен байланыстыра қолданады. Оқушылар бұл тапсырмада өз қалаулары бойынша жауап береді. Кейде ішпеймін сөзін мүлде қолданғысы келмейтін оқушылар да кездеседі. Мұндай жағдайда балаға еркінен тыс айтқызудың қажеті жоқ. Олар ішпеймін сөзіне басқа балалардың жауабын тыңдау арқылы да жаттығады. (ОТ) 3-тапсырма арқылы оқушылар берілген үлгі бойынша сөйлейді. Сөйлеу үлгісін өмірлік жағдаятқа жақындата түсу үшін үстелдің үстіне шырын, сүт, айран, су, шай қоюға болады (макетін / суретін / қорабын пайдаланыңыз). Сонда оқушылар оны қолына алып немесе көрсетіп тұрып сөйлейді.

Үлгі: Мынау - шырын. Мен шырын ішемін. Мынау - шай. Мен шай ішпеймін.

(Ж) 4-тапсырмада берілген сұрақтарға оқушылар жұппен жұмыс істеу арқылы жауап бере алады. Бірінші оқушы сұрайды, екінші оқушы жауап береді. Сұрақтар: Сен не ішесің? Сен не ішпейсің?

(МК, Ұ) Мұғалім ң дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің ң дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды ң дыбысымен және оның әрпімен таныстырады. Аудиодискіден н/ дыбысының айтылуын және ң дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға ң дыбысын айтқан кезде тілдің, жақтың, еріннің қатысы қандай болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады. Мұғалім оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар ң дыбысының дауыссыз дыбыс екенімен танысады. Мұғалім ң дыбысы дауыссыз дыбыс болғандықтан, оқулықта көк түспен берілгенін түсіндіреді және ң дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді. Олар: шаңғы, қоңыр, бәтеңке. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға ң дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді (Аңсар т.б.).



Оқулық

Аудиодиск: 7.4.1.;7.4.3.; 7.4.5.






Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? қандай?), мұғалім ң дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: шаңғы (не?), қоңыр (қандай?), бәтеңке (не?), Аңсар (кім?). (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.



№2 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 7.4.



Сабақтың соңы 41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Heгe?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет