Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары



бет4/6
Дата30.03.2023
өлшемі34,54 Kb.
#173300
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
етістік

111-жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп, болымды етістікті бір, болымсыз етістікті екі сызыңдар да, болымсыз етістіктің қалай жасалғанын айтыңдар, яғни синтетикалық тәсілмен бе, аналитикалық тәсілмен бе?
1.Алуа осылайша боратып хатты жаза берді. 2.Біз бұл жерге ақша іздеп, атақ іздеп келген жоқпыз.(С.Б.) 3. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде қалыпты.4. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді, келмейді, жылдар өтеді, келмейді.("Қ.Е.") 5.Дос-жар, қонағуар үйдің іші әзірлігін жасай бастаса да, Әбіштің бұларды шығындатқысы келмеді.(М.Ә.) 6. Жанбота көп ойланды.(Ғ.М.) 7. Ешқайсысы сезген жоқ.(Ғ.М.) 8. Күштің тең емес екенін генералдың өзі де біледі. 112--жаттығу. Болымды етістіктерді тауып, олардың жасалу жолына түсінік беріңдері 1.Нанарын да, нанбасын да білмей, аңырап қалды бәрі ( Ғ. Мұст. ). 2. Күздігүні жыртып тастауға қол босамады ( Ғ. Мұст. ). 3. Еріншектің ертеңі бітпес ( Мақал ). 4. Жылқыда өт болмайды, құста сүт болмайды ( Мақал. ). 5. – Абайжан, осы сен түні бойы ұйқтамағанбысың?- деп, баласының бетіне қарады ( М. Ә. ). 6. Астыңғы үйдегі бапты аспазшы пісірген ыстық самсаны да жеген жоқ ( М. Ә. ). 7. Еденін қи аралас балшықпен майдалап сылаған үйдің тап ортасына келіп, сұлық тұрып қалған Балзия үн қатпады ( С. Ж.). 8. 113 - жаттығу. Мәтінді оқып шығып, көсемшелерді тауып, олардың қалай жасалғанын, сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын айтыңдар. 1.Тәжімұраттың ес білгелі етегінен ұстап келе жатқан бір қағидасы бар еді ( Х. Е. ). 2. Жанар орнынан тұрып, төр жақтағы бөлменің есігін ашып еді, Шынтас шешініп, жатып қалыпты ( Т. Ахт. ). 3. Абай өзін де, айнала жұртты да тегіс ұмытыпты (М. Ә. ) 4. Жүргіншілердің бұл кезде келіп тірелген жері – Машан тауының желке тұсы екен. Алда Абылғазы бастап жортып келеді. Оның қасында қатарына ілесіп, әңгімелесіп келе жатқан-Ербол. Әлі күнге тың, ширақ басып келе жатқан құла жирен атын Абай алдыңғы екеуінің артына тақау бастырып, ілестіріп, қатты бір мең-зеңде келеді. Өзінің ауру-сауын да айыра алмайды. Өне бой соққы жеген кісідей мылжа-мылжа (М. Ә. 114- жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп, есімшелердің астын сызыңдар. Есімше тудырып тұрған жұрнақтарды сызықшамен бөліп жазыңдар да, есімшенің қай шақтық екенін айтыңдар.
1. Ұялмаған бұйырмағаннан татар. (М.М.) 2. Сарайдың төбесіне іштен қатынасатын баспалдақ алынып қойылған, үңірейіп орны ғана тұр. (Ғ. Мүсір) 3. Мектеп салынатын жердің тұсына бірнеше жалаулар шаншылып қалған екен, олардан от алып, төбеден жарқыраған күнге шұбалған ал қызыл шұғыла ауыл аспанына әуелеп тұр. (Ғ. Сл.) 4. Қылаулаған қар үдей түсіп, окоп ернеуіндегі топырақты жасыра бастады. (Т. А.) 5. Қуанғаннан тілі де байланып қалыпты, хатты біресе кеудесіне қысады да, біресе оған мейірі қанбағандай бетіне басады. (Ә.Ә.) 6. 1955-56 жылдары тың өлкелеріне салынатын темір жолдар-осылар! (С. М.) 7. Қалжырап қалғи бастаған Әбдірахманды кемпіршал қоярда- қоймай дәмді етіп пісірген етті салмамен сыйлады. (Х.Е.) Ұшарымды жел білсін, қонарымды сай білсін (М.Ә.) 9. –Жә, жә кекетпей-ақ, айтатыныңды айтсаңшы. (Б.М.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет