115–жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп, есімшелердің астын сызыңдар. Олардың сөйлемде қай мүше болып тұрғанын айтыңдар. 1. Өңімде де әрдайым ойымда жүретін Жаманшұбар мен Дос менің әрдайым түсіме де кіретін еді. (С.М.) 2. Соның әміріне бағынбағанда, біз апатқа ұшы-рамайтын да едік. (Ә.С) 3. –Жетер енді, -деді ол, -атаман сүйегін көтергендер қақпадан шыға бергенде. (Ә.С.) 4. Бір кезде өзіне таудай көрінген Уәлидің қазір кішірейіп қалғанына Ержан қайран болды. (Т. А)5. Келгендер аттары-нан түскен соң жұрт жиналған алаңның ортасына төтеледі. (Ғ. Сл) 6. Ол Дауленді шығарып салғаннан кейін ертеңгі болатын сабағына ұзақ әзірленіп, кеш жатты. (С . Б) § 80. Сабақты етістік пен салт етістік Етістіктер іс, қимыл, амал, әрекетті білдірумен қатар семантикалық жағынан сол қимылдың әрекетіне ұшырайтын заттың, объектінің болу, болмауын қоса көрсетеді.
116-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, етістік сөздерді сабақты етістік пен салт етістікке ажыратыңдар. Сылдыр ете қалған телефонның трубкасына құлағымды тостым да, ар жағынан естілген үнді тани кеттім. - Ертемен қалайша ояу отырсыз? – деді ол маған, амандықтан кейін қалжыңды дауыспен. - Өзіңіз ше? Олай дейтініміз – сағатқа қарасам, таңертеңгі төрт. Терезеден қарасам, көше электр сәулесінен жарқырап тұрғанмен, түнерген аспанда және жарығы көрінетін қаланың төңірегінде буалдыр қою қараңғылық; осы қараңғылыққа сүңги тұтасқан Іле сыртындағы Алатаудың тіршілігін биік жотасында ақ жолақтанған мәңгілік қары ғана дәлелдеп тұр. Ұйқысы қанбағандығы сөз арасында есінеген үнінен байқалады. Бірақ ұйықтауға бола ма оған?.. Облыста егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Егінді ойдағыдай жинауға ауа райы да жағдай жасап, көптен бері ашық болып тұр. Осындай жағдайда қимылдап қалу керек, әйтпесе, басына мәңгі-лік мұз бен қар жамылған Алатаудың бусанып, бұлттана қалуы да қалың бұлтты биігінен етегіне қарай айдап, нөсерін төге салуы да оңай. Өйте қалса, егінді жинатпайды. Ал биылғы шығымы мол егін түгел пісіп, дәні төгілуге дайын тұр. ( С.М. )
119-жаттығу.Мәтінді көшіріп, ырықсыз етісті тауып, ырықсыз етіс жұрнағын түбірден және өзінен кейінгі қосымшадан дефис арқылы бөліп жазыңдар. Құм Нарын қабат-қабат қатарланған, Қоңында қарағайы қалқаланған. Гүрілдеп бір жағында Каспий жатыр Айдынды, аспанды орай алқаланған... Теңізге теңбіл аспан төңкеріліп Толқында жұлдыз жүзіп жөңкеріліп, Керілген кең Каспийдің жарын керней, Көпірген күміс көбік көмкеріліп. Жарына соғып толқын толқынданып, Толқында көлеңкесі алтынданып, Аймалап аспан көктің дариясында, Алтын ай бейне жүзген алтын қайық. (Т. Ж.)