«Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»



бет102/105
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#67620
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105
Байланысты:
«Орта асырда ы Азия ж не Африка тарихы»
А.Өзгеріс не үш-WPS Office, баяндамаҚазақстан Республикасының тұңғыш президенті, УМКД білім беру менедж
Синтоизм бұл Жапонияның VI-VII ғасырларда қалыптасқан дәстүрлі діні. «синто» (құдайлар жолы) ежелден жапондықтар дәріптейтін құдайлар мен рухтар әлемін («ками») білдіреді. Синтоистер өздерінің діндерін күн құдай-анасы және жапон императорларының ілкі анасы саналатын Аматэрасудан бастау алады деп есептейді. Аматэрасу–синтоистік құдайлар пантеонының басты құдайы. Синтоизм тас, тау, орман, өзен рухына бас ию.
Синтоизм қағидалары VI-VIII ғасырларға жататын басты үш дереккөзге негізделген, олар: «Кодзики», «Нихон секи» (тарихи-жылнамалық жинақ), «Синсэн седзироку» (генеалогиялық тізімдер).
Синтоизм жапондық дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды, ол басты бес концепцияға негізделді. Бірінші концепцияға сай, әлем өздігінен пайда болған, әлем жоғарғы күш арқылы емес, өздігінен реттеліп отырды. Екінші концепция жер бетіндегі жер қуатын сипаттайды. Үшінші концепцияда табиғат пен тарихтың бірлігі, әлемнің тірі және тірі емес деп бөлінбеуі (себебі табиғаттың барлық құбылыстары мен адамда камилер өмір сүреді) айтылады. Камилер осы әлемде тіршілік ететіндіктен, о дүниеден пана іздеудің қажеттілігі жоқ. Төртінші концепция көпқұдайлықты көрсетеді, себебі синтоның өзі жергілікті табиғат культтерінен, жергілікті, рулық және тапалық құдайларға табынудан пайда болған Синто дінінде әр түрлі культтердің ортақ сипаттары біріктіріліп, біртұтас рәсімділіктің күрделі жүйесі жасалды. Синтоистік діни табынудың негізінде Аматэрасуға дейінгі ататектен бастау алатын ата-баба культы жатыр. Адам әлемі «ками» әлемінен бөлінбегендіктен, белгілі мағынада адамның өзі де «ками» болып табылады, сондықтан оған о дүниедегі аман қалуды іздеу жат нәрсе. Діни тазалық «камиге» және өз ата-бабаларына деген қастерлеуді, табиғатпен үйлесімді өмір сүруді, құдайлықпен рухани байланысты қажет етеді. Синтоизм этикасы өте қарапайым: ирригациялық жүйелерді бұзбау, қасиетті орындарды тазалықта ұстау, жан-жануарларға қамқорлықпен қарау.
Аматэрасу культінде айна, семсер және яшма тасынан жасалған әшекейлер бейнеленген. Оларды мифологиялық дәстүрлерге сай, құдай ана жапондықтардың алғашқы императоры ретінде немересі (кейбір деректер бойынша күйеуі) Нинигиді жерге аттандырар алдында оған тарту етіп, бүкіл әлемді нұрға бөлеп, билік құруды, бағынбағандарды бағындыруды өсиет етеді. Мифтегі айна–адалдықты, семсер –даналықты рәміздейді. Бұл қасиеттердің бәрі де император тұлғасында толық көрініс табады. Синтоистік храмдар кещеніндегі ең негізгі Исэдегі храм- Исэ дзингу (VII ғасыр соңындағы негізі қаланса керек). Исэ дзингу Аматэрасудың храмы болып саналады.
Синто дамуындағы маңызды кезең–«Исэ синто» тұжырым дамасының қалыптасуы. Оның басты мақсаты – император культын нығайту. Бұл тұжырымдаманың пайда болуының бір себебі моңғол шапқыншылығы және одан кейінгі (1261-1281 жж.) кезеңдегі храмдардың, әсіресе, Исэ дзингу храмының ықпалы мен беделінің артуы болды. Осы уақытта император әулетінің ілкі тегі әрі қорғаны исэні мекендейтін Аматэрасу культі өте кең таралды. XVI ғасырдың екінші жартысында «исэ синтоның» дамуы белгілі бір адамды құдай деп қарауға жол ашатын жаңа культтің пайда болуына әкелді. Оған императорлық әулетке жақындық емес, сол адамның ірі саяси және қоғамдық еңбегі негіз болды. Бұл XII ғасырдың соңында-ақ елде қалыптасқан жағдайды, билікке әскери-феодалдық ақсүйектердің (самурайлардың) келуін бейнеледі. Олар император әулетінің билігін синто культының саласымен ғана шектеді. Сөйтіп императорда таза номиналды билік қана қалды. Феодалдық дикта тор Ода Нобунага (1534-1582 жж.) елді біріктіру үшін күрес барысында өзін ками деп жариялап, өзіне камидей табынуды талап етті. Оның әріптестері диктатор Тоетоми Хидэйсиде (1576-1596 жж.) құдай деп танылды. Токугава Иэясу (1542-1616 жж.) сегунның (әскери-феодалдық басқарудың бсшысы) өсиеті бойынша оның аруағына табыну үшін бірнеше храмдар мен шырақ орындары салынуы керек болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет