Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері информатика жаңа оқу пəні ретінде барлық типтік мектептерге 985 жылдың қыркүйегінде енгізіліп, ол пəн «Информатика жəне есептеуіш техника негіздері»


Түрлендiру жəне информатика түрлендiрушiлері



бет4/7
Дата02.10.2022
өлшемі34,58 Kb.
#151415
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОКЫТУ

Түрлендiру жəне информатика түрлендiрушiлері
Алгоритм жəне ақпаратты түрлендiру 12 сағат
Ақпаратты логикалық түрлендiрушiлер 24 сағат
Шектеулі автоматтар 14 сағат
Цифрлық есептеу машиналары (ЦЕМ) 18 сағат
ЦЕМ үшін программалау 14 сағат
Сигнал жəне ақпарат
Ықтималдықтар теориясының элементтері 8 сағат
Энтропия жəне ақпарат 8 сағат
Кодтау жəне хабарлардың берілуі 8 сағат
Басқару жүйесін құру принциптері 12 сағат
Қорытынды 2 сағат

Осы зерттеуде қарастырылған басқару, автоматтандыру, сонымен қатар ақпаратты сақтау, тарату, түрлендiру мен пайдалану сияқты кибернетикалық категориялар мен ұғымдар кейіннен алгоритмдеу мен программалау негіздерiмен қатар мектеп информатикасы курсының негiзгi компоненттерінің қатарына енгізілді. Сол себептен осы теориялық тұрғыда негізделген, тəжірибелік жұмыс үдерісінде əдістемелік тұрғыда сынақтан өткен кибернетиканың жалпы білім беру курсының негіздері (қазіргі атымен атағанда – информатиканың) қазіргі мектеп информатика курсының іргелі компоненттерін қалыптастырудың алғы шарттары жасалды деп есептеуге болады.


Математикалық логиканы оқитын оқушылардың оқу бағдарламасына кибернетика элементтерін енгізу бойынша тəжірибе жұмыстары 1960 жылдардың басында біршама басқа тұрғыда, «факультативке» дейінгі кезеңде Ялта қаласының мектебінде жəне оқушылардың «Ізденуші» Кіші Ғылым Академиясының базасында В. Н. Касаткиннің басшылығымен жүзеге асырылды [24]. Мұғалімдер мен оқушыларға арналған жаңа оқу əдебиетінің шығуына жəне кең таралуына мүмкіндік туғызған бұл бастамалар [25, 26] сəйкес факультативтік курстардың енуіне ғана емес, сонымен бірге, жалпы орта білім берудің мазмұнына кибернетика элементтерін енгізу идеясын белсенді түрде қолдауға да негіз болды.


1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу

Жалпы білім беретін білімді тереңдету жəне оқушылардың жанжақты қызығушылығы мен қабілеттіліктерін дамыту мақсатында орта мектептерге факультативтік сабақтар (1966 ж.) – оқу жұмысының жаңа түрі ретінде енгізілгеннен кейін математика мен оның қосымшалары бойынша факультативтік курстарды ұйымдастыру жұмыстары басталды. Олардың қатарында қандай да бір дəрежеде ЭЕМ-дi қолдану ұйғарылған үш факультативтік курс болды: «Программалау», «Есептеуіш математика», «Векторлық кеңістік жəне сызықтық программалау». Осы факультативтік курстардың, əсiресе, соның ішінде «Программалау» курсының енгізілуі орта мектепке программалау элементтерінің ілгерілмелі түрде енуінің ұзақ та, бірқилы кезеңінiң басталуына түрткi болды. Бұл үдерістің математикалық мамандандырылуы бар мектепке қарағанда өзгешелігі – программалау бойынша факультативтік сабақтардың, көбінесе, «машинасыз» оқыту жағдайларында өткізілуінде, айта кету керек, бұл алгоритмдеу мен программалаудың жалпы білім берудегі мəнін ашуға негізделген, тіпті, əдістемелік тұрғыдан, өзіндік ерекшелігі бар тəсілдерді іздеуге жиі алып келдi.


Ақырында, сол жылдардағы математикалық орта білім берудi қайта құруды жүзеге асыруға сəйкес факультативтік сабақтарды жүйеге келтіруге байланысты, мектепке ұсынылған факультативтік курстардың қатарына «Есептеу жүйесі жəне ЭЕМ-нің арифметикалық құрылымы» (7-сынып), «Алгоритмдер жəне программалау» (8-сынып), «Кибернетика негіздері» (9-10 сыныптар), «Программалау тілдері» (10-сынып) сияқты жаңа таңдаулы тақырыптар енгiзiлдi.
Сол кездегі арнайы факультативтік курстар шеңберінде ЭЕМ-ге программалау мен кибернетика элементтерін оқытудың мазмұны мен əдістерiн жасауға байланысты негізгі əдістемелік мəселелер И. Н. Антиповтың [27, 28], В. М. Монаховтың [29, 30], В. С. Леднев пен А. А. Кузнецовтың [31, 32, 33, 2, 23, 22], В. Н. Касаткиннің, М. П. Лапчиктiң [3-5], Е. Ы. Бидайбековтың [34-43] жəне тағы басқа ғалымдардың еңбектерiнде, сондай-ақ көптеген басқа əдістемелік жасалымдарда өз шешімін тапты.
Шынын айтукерек, ЭЕМүшiнпрограммалаудыжəнекибернетикаэлементтеріноқытуғаарналғанарнайыфакультативтіккурстаркеңкөлемдетаралаалмады. Бұл басты екі нəрсеге – мұғалімдердің курсты өткізуге дайын еместігі мен материалдық базаның жеткіліксіздігіне байланысты болды. Сонымен бірге, сол кездегі КСРО-ның ЭЕМ-ді шығару саласында артта қала бастауынан туындаған программалау бойынша əдебиеттерді идеялық тұрғыдан қайта жарақтандырудың ұзаққа созылуы да əсерін тигізді. Осының салдарынан, 70-жылдардың ортасында мектептерге программалаудың ескірген тəсілдері негізінде құрылған оқу құралдары ұсынылды. Не дегенмен, табанды насихатталынып, көп жағдайда, оның ішінде, машинасыз оқыту жағдайында да практик мұғалімдердің тек ынта-ықыласының арқасында сақталынып қалған программалау бойынша арнайы факультативтік курстар, қалай болғанымен, мұғалімдер арасында жаңа қызықты жəне практикалық мəнi бар сала – ЭЕМ үшiн программалау туралы түсініктің таралуына мүмкіндік туғызды.
Осындай жолмен жиналған тəжірибелер, əсіресе, есептеу техникасымен жабдықталған ғылыми-өндірістік кəсіпорындар мен мектептер арасындағы байланыстардың дамуы оқу-өндірістік комбинаттары базасындағы мектептік білім беру саласына программалау мен есептеу техниканы ендірудің жаңа арнасының дамуына жол ашты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет