Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері информатика жаңа оқу пəні ретінде барлық типтік мектептерге 985 жылдың қыркүйегінде енгізіліп, ол пəн «Информатика жəне есептеуіш техника негіздері»


Оқу өндiрiстiк комбинаттары базасындамамандандыру мəселелері



бет5/7
Дата02.10.2022
өлшемі34,58 Kb.
#151415
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОКЫТУ

1.5 Оқу өндiрiстiк комбинаттары базасындамамандандыру мəселелері

1970 жылдардың басында сол кездегі мектепаралық оқуөндірістік комбинаттар (ОӨК) жүйесінiң даму шеңберінде оқушыларды əртүрлi бағыттағы кең таралған жұмысшы кəсіптерге дайындаумен қатар, жоғары сынып оқушыларын есептеуіш техника саласына кəсіби дайындау бойынша мамандандыру пайда бола бастады. Осыған сəйкес тəжiрибелiк-эксперимент 1971 жылы Мəскеу қаласының Первомай ауданындағы оқу-өндірістік комбинатында басталды.


Ғылыми-əдістемелік басқару қызметі КСРО-ның педагогикалық ғылымдар Академиясындағы оқытудың мазмұны мен əдiстерiн зерттейтiн ҒЗИ-дiң С. И. Шварцбурд басқаратын қолданбалы математика зертханасына жүктелiп [44], кешенді автоматтандыру орталық ғылыми-зерттеу институтының есептеу орталығы базалық кəсіпорын болып белгіленді.
Кейінiрек, 1972 жылы Мəскеуде кең танымал болған №1 Октябрь оқу-өндірістік комбинаты құрылды. 1984 жылға дейін Октябрь ОӨК-ның базалық кəсіпорны – КСРО-ның электрондық басқару машиналары институты болса, 1984 жылдан бастап КСРО-ның Ғылым Академиясының жаңадан ұйымдастырылған информатика проблемалары институты болды [45].
Сол кезде есептеу техникасы мен программалау бойынша мамандандыру еліміздің барлық қалалық, аудандық ОӨК-тарда ашыла бастады. Қысқа мерзім ішінде, көптеген, Ленинградтың, Свердловскі, Новосібір жəне де басқа да қалалардың ОӨК-терінің оң тəжірибелі жұмыстары белгілі болды. Қамқорға алушы қуатты кəсіпорындардан қолдау көретін ОӨК-тердегі сəйкес мамандандырулардың программалау бойынша факультативтерден айырмашылығы, əдетте, басынан бастап олар түбегейлі оқу-материалдық базамен жəне дайын кадрлармен қамтамасыз етілді. Осының салдарынан олар мектепке жаңа информатика жəне есептеу техникасы негiздерi курсын енгізудің алғашқы кезеңінде оның практикалық бөлігін қолдайтын мектепаралық орталықтарға айналды.
ОӨК-ы базасында оқушыларды есептеу техникасын оқыпүйрену мен оны қолдануға байланысты мамандықтар бойынша бірқатар еңбекке даярлау бағытында ЭЕМ операторы, ЭЕМ үшін қажетті мəліметтерді дайындайтын құралдары операторы, ЭЕМ-нің сыртқы құрылғыларын жөндейтiн электромеханик, электрондық аппараттарды ретке келтіруші, программалаушы-лаборант, есептеу жұмыстарының операторы сияқты мамандықтар ашыла бастады.
Көпшілік қолданатын (дербес компьютерлер, шағын ЭЕМдер базасындағы көптерминалды кешендер, сұхбаттық есептеу кешендері жəне т.б.) ЭЕМ-дердің таралуына байланысты ОӨКде «компьютерлiк» мамандықтарды дайындаудың түрлері мен мазмұнын қайта қарап, анықтауды жəне көпшілік қолданылатын ЭЕМ-нің функционалдық мүмкіншіліктеріне (қолданбалы программалардың дамыған пакеттерімен жабдықталғандығына, заманауи программалау жүйелерінің басым қолданылатындығына) сəйкестендіруді талап етеді.
1990 жылдардың басында мемлекеттің экономикалық жүйесін қайта құру барысында, жұмыссыздыққа жəне өз уақытында ОӨКның материалдық базасын құрып, қолдау көрсеткен ғылымиөндірістік кəсіпорындардың құлауы кезеңінде ОӨК орта мектептің білім беру қызметінің бір түрі ретінде түгелге дерлік жоқ болып кетті. Тек олардың салыстырмалы аз ғана бөлiгi қандайда бір өз материалдық базасын жəне педагог мамандарды сақтап қалғандары ғана мектепаралық негізде информатика курсын қолдауды жалғастырып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет