Ортаңғы топқа арналған Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің Технологиялық картасы Білім беру саласы



бет18/26
Дата17.06.2018
өлшемі309,78 Kb.
#42970
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26

Күтілетін нәтижелер:

біледі: қалдық материалдарын пайдаланып шырша ойыншықтарын жасауды;

игереді: қалдық материалдарымен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін;

меңгереді: қалдық материалдарын пайдаланып бірнеше шырша ойыншықтарын жасай алуды.

16 технологиялық карта



Білім беру саласы: Таным, қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: құрастыру.



Тақырыбы: Тышқандар.

Мақсаты: тышқан туралы қарапайым түсініктермен таныстыру, тышқанның дене бөліктері жайында түсіндіріп, оны құрастыруда дене бөліктерін жасауда табиғи материалдарды дұрыс әрі тиімді пайдалануға үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар: жаңғақ, емен жаңғағы, ермексаз, шөп.

Сөздік жұмыс: емен жаңғағы, ірімшік.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Қызығушылығын ояту. Күтпеген сәт.

- Балалар, бізге қонаққа Джери (тышқан) келді. Ол сендердің бір-біріңмен дос өрі еңбекқор екендеріңді бұрыннан біледі екен. Бізге оның үлкен өтініші

бар. Ол жалғыз ойнағаннан жалығып кетіпті. Сендердің оған мына заттардан (ермексаз, жаңғақ, шөптен) өзі сияқты тышқан жасап берулеріңді сұрайды.

Өздерің сияқты оның, да көп достары болса екен деп армандайды. Кәне, біз оған көмектесейік. Балалар тышқанды құрастыруды бастамас бұрын,

тышқанның қандай дене бөліктерінен тұратынын есімізге түсірейікші.

Балалар қонақпен амандасады.

Тышқанның денесі, екі

құлағы, ұзын

құйрығы, 4 аяғы және

кішкентай ғана көздері болады, сонымен қатар

тышқанның мұрны үшкір, жіңішке мұрты

бар.




Ұйымдастырушылық – ізденістік

Тышқанның үлгісін қарау:

Балалардың өзіндік жұмысы. Әр бала өздеріне тиісті жұмыстарын үстел не­ месе жердегі төсеніш үстінде орындайды. Балалардың алдына табиғи заттар

қойылады.

- Тышқанның денесін қай заттан жасаған дұрыс болады?

- Олай болса грек жаңғағын тышқанның денесі етіп алайық.

- Келесі кезекте тышқанның құлағын жасап көрейік, оған қай затымыз дұрыс келеді екен.

- Жақсы, енді тышқанның құйрығын жасайық.

- Балалар, бізде Джериге дос дайын болып қалды, Джери өте қуанышты болып түр. Бірақ тышқанымыздың әлі көзі мен мұртын әрі аяғын жасаумыз керек, ол үшін қай заттарды қолданасыңдар?

- Дұрыс, ал мұртын ше?

Балалар жұмысына талдау жасалады. «Жасалынған тышқандардан көрме ұйымдастыру» Джери енді өзіне дос таңдайды, ең әдемі жасалынғанын таңдап алсын.

Грек жаңғағынан

денесі жасалады.

Емен ағашының

бас бөлігінің

екеуінен қүлаң

жасайды.

Көзін және

аяғын ңара

ермексаздан

жасап, мұртына

шөптерді

ермексазға

қадап оны грек

жаңғағына жап-

сырады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Джериге барлық балалардың жұмысы ұнайды, балаларға ризашылығы ретінде ірімшік сыйлайды. Балалар Джеримен және оның жаңа достарымен

қоштасып, шығарып салады.



Балалар ең

жақсы жасалған

тышқандарды

таңдайды.




Күтілетін нәтиже:

біледі: тышқанның дене бөліктерін құрастыруда табиғи материалдарды көлемі мен пішініне қарай дұрыс қолдануды;



игереді: тышқанды табиғи материалдардан құрастырудың әдіс-тәсілдерін;

меңгереді: қарастырған үлгі бойынша ұқыпты жұмыс жасай білу іскерлік дағдыларын.

17 технологиялық карта



Білім беру саласы: Таным, қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: құрастыру.

Тақырыбы: Көпір.

Мақсаты: құрылыс материалдарын пайдаланып, адам­дар жүретін көпір құрастыра білуге үйрету, құрылыс ма­териалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдыландыру, үлкендерге көпірден өтуге көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі суреттер, құрылыс материалдары, көгілдір түсті қағаздар.

Сөздік жұмыс: адамдар жүретін көпір, көлденең, тік қою ұғымдарын нақтылау.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балаларға көгілдір түсті қағаздар

және құрылыс материалдары

беріледі. Бүгін адамдар жүретін көпір

құрастыратынын айтып, оны ңалай

жасауға болатынын түсіндіреді:

Балалар құрылыс материалдарын

таңдайды, көпірді

құрастырудың

жолдарын

қарастырады;

Ұйымдастырушылық – ізденістік

- көпірдің екі жағына қоятын текшелер

таңдаймыз, екі текшені бірінің үстіне

бірін қойып, оның жанына үшінші

текшені орналастырамыз;

- көгілдір түсті қағазды қойып

алып көпірдің екінші жақ бөлігін

құрастырамыз;

- екінші жаң бөлігін орналастырған

соң, оның үстіне көлденең ұзын

кірпішті (немесе пластина) қоямыз;

- көпір дайын болғаннан кейін оның

үстімен адамдар өтуіне болады (ұсақ

ойыншықтармен ойнап көрсетеді);

Балалар құрылыс материалдарын

таңдап алып,

үлгіге қарай

отырып көпір

құрастырады;

әр бала өздігінен

дербес әрекет

етеді.

Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог балалардың құрылыс матери­алдарын қалай орналастыратынына: көлденең, тігінен, бірінің үстіне бірін қою т.б. ұғымдарды дұрыс түсінуіне бағыт береді, басшылың жасайды.

Жақсы жұмыстарды барлығына көрсетіп, мақтайды.




Каталог: uploads -> doc -> 1024
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1024 -> Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ,жаңа сабақ. Сабақ әдістері: сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,то
1024 -> Сабақтың тақырыбы: Материалдық мәдениет Қатысқандар саны: 22 Қатыспағандар саны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет