Орташа 1-сұрақ. Ахмет Иүгінекидің өмірі және «Ақиқат сыйы» дастанының зерттелуі


-сұрақ. Ахмет Ясауи хикметтеріндегі дидактикалық сарынды анықтап, сипаттаңыз



бет2/6
Дата17.12.2023
өлшемі29,63 Kb.
#197433
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
фольклор 1-6 сұрақ
8 сын тест қаз тарихы, Д ниеж зі тарихы 8сынып Та ырыпты тесті Англия, medicinadagy latyn tili, РА презент, Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org, Правила волейбола
6-сұрақ. Ахмет Ясауи хикметтеріндегі дидактикалық сарынды анықтап, сипаттаңыз
Қожа Ахмет Ясауи жұртшылыққа Әзірет Сұлтан атымен танылған. Ол шамамен 1093 жылы немесе кейбір деректерге сүйенсек 1103 жылы қазіргі Түркістан облысы Сайрам ауданында дүниеге келген. Ойшыл, философ, исламды насихаттаушы әулие және сопы болған.
Оның қазіргі уақытқа дейін жеткен аса үлкен еңбегі Диуани хикмет ("Ақыл кітабы"). Бұл түркі халықтарына ортақ еңбек болып табылады. Қожа Ахмет Ясауи өмір сүріп тұрған уақыттағы түркі халықтарының тұрмыс-тіршілігі айқын көрініс тапқан. Мәдениеті, экономикасы, тарихы, құндылықтары, этнографиясы туралы деректер осы еңбекте кездеседі. Ақыл кітабынан Қожа Ахмет Ясауидің өмірбаянын біле аламыз. Ақын өзінің бала кезін, қандай қиыншылықтар көргенін, сондай-ақ ханның қарапайым халыққа үстемдік еткенін, әділетсіз қазылар, билер туралы жазады. Ислам қағидаттарымен өмір сүрген Ахмет Ясауи ислам құндылықтарын осы еңбегінде көп жазады. Ақынның хикметтеріндегі негізгі тақырыптар адамгершілікке, рухани тәрбиеге, ізгілікке, оқу-білімге, имандылыққа арналған. Жалпы, бұл еңбек дидактикалық, әдеби мазмұндағы шығарма. Тәрбиелік мәні зор. Дидактикалық сарынына тоқталсақ, «Диуани хикметтегі» имандылық, адамгершілік, қанағат, кішіпейілділік, жомарттық туралы этикалық-дидактикалық тұжырымдар кездеседі. Ясауи хикметтерінің негізгі тақырыбы – Аллаға, дінге деген құрмет пен сүйіспеншілік. Исламдық құндылықтар, шариғат қағидалары жергілікті салт-дәстүрлермен үйлесіп, халықтың жүрегіне жол тапты. Қарапайым жұртшылық арасында хикметтерді жатқа білгендер көп болатын. Оларды «хафиз» деп атаған. Хикметтердің негізгі тақырыптары рухани өмір туралы еді, ал күнделікті тұрмыс-тіршілік жайлы аз қамтылған. Хикметтерге жұртшылық сол кезеңде аса үлкен құрметпен қараған. Қазіргі кездегі хикметтегі кейбір түсініксіз тұстарына халық сол уақыттарда үлкен мән берген. Ж. Сүлейменова осыған байланысты «Шекспир шығармаларындағы мәдени ерекшеліктер мен тіл өзгерістеріне байланысты мағынаны қалың жұртшылықтың бүгінгі таңда түсінуі қиынға соғатыны сияқты, тоғыз ғасырдан астам уақыт өткен «Диуани хикметтегі» де айтылған ой-мағыналар қазіргі оқырманға түсініксіз болуы мүмкін» деген пікір білдіреді. Ясауи ислам діні мен жергілікті дәстүрлерді ұштастырды. Халық оның хикметтерін оқу арқылы дін мен дәстүрді біріктіріп ұстануға болатынын ұқты. Сондай-ақ халық ауыз әдебиетінің де пайда болуы осы хикметтермен тығыз байланысты. Сөйтіп, ежелден дидактикалық мәні бар әдебиетіміз насихаттық, рухани және діни сипат алды. Ясауи фольклор мен жазба әдебиеттерінің дәнекері бола отырып, хикметтерінде пайғамбарлар туралы, әулие-әнбилер жайлы жырлап, тарихи аңыздар мен дастандардың пайда болуына көп септігін тигізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет