Орташа 1-сұрақ. Ахмет Иүгінекидің өмірі және «Ақиқат сыйы» дастанының зерттелуі


ЖЕҢІЛ 1-сұрақ. М.Әуезов – фольклортанушы



бет5/6
Дата17.12.2023
өлшемі29,63 Kb.
#197433
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
фольклор 1-6 сұрақ
8 сын тест қаз тарихы, Д ниеж зі тарихы 8сынып Та ырыпты тесті Англия, medicinadagy latyn tili, РА презент, Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org, Правила волейбола
ЖЕҢІЛ
1-сұрақ. М.Әуезовфольклортанушы
Мұхтар Омарханұлы Әуезов фольклорды жинаумен, зерттеумен жастайынан шұғылданғаны белгілі. Ол ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары «Таң», «Шолпан» секілді журналдарға өзінің ілкі зерттеулері мен жинаған фольклорлық мәтіндерінің бір парасын жариялай бастайды. Мәселен «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі», «Халық әдебиеті туралы», «Қобыланды батыр», «Әдебиет ескілігін жинаушыларға» секілді мақалалар осы кезеңде жарық көреді. Жиырмасыншы жылдардың басында жарық көрген осынау зерттеулер Мұхтар Омарханұлының жасы отызға толмағанымен ойы толысқан кәсіби зерттеушінің ғылым әлемінің табалдырығынан аттағанын көрсетеді. Бұл зерттеулерде Мұхтар Омарханұлының фольклор туралы ғылыми көзқарасы, анығырақ айтқанда фольклор табиғатының күрделі ерекшелігі, фольклор мен әдебиеттің айырмашылығы, фольклордың халықтың тұрмыс-тіршілігі, салты, тарихымен тікелей қабысып тұратындығы туралы ойлары анық бой көрсетеді. Кәнігі фольклортанушыдай М.Әуезов сол кезеңнің өзінде әдебиет пен фольклорлық мәтіндерді ел аузынан қатар жинап, ешқандай өзгертпей ұқыптылықпен жариялай бастайды. Осының нәтижесінде «Таң» журналында «Ай, Таңсықтың қоштасқаны», «Жаман бақсының сарыны», «Жаман сарт сарыны» мен бірыспыра авторлық туындылар жарияланады. Жас М.Әуезов бұл мәтіндерді қайдан, кімнен, қашан жазып алғаны туралы мәлімет беріп, қосымша түсініктермен байытып, мұраның деректік құжатын арттыра түседі. Бұл жайт мәдени мұраны жазып алудың ғылыми принциптерін қатаң ұстанып, оны жариялаудың да тәртібін мұқият орындайтын жас маманның қалыптаса бастағанын көрсетеді.
Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысы мен отызыншы жылдардың басында М.Әуезов өзінің таңдаулы көркем шығармаларын жазумен бірге туған елінің аса бай фольклорлық қазыналарын жинаумен, зерттеумен үзбей шұғылданғанын байқатады. Бұл тарапта «Әдебиет тарихы» деген монографиясы («Әдебиет тарихы», 1927) мен 1927 жылы жазылғанымен қалтарыста қалып 2001 жылы ғана халыққа жеткен «Казахское народное творчество и его поэтическая среда» деген аса мағыналы зерттеу мақаласын айырықша атауға болады. Көрнекі зерттеу әйгілі «Әдебиет тарихы» монографиясы жарық көре салысымен сиясы кеппей тәргіленіп, оқуға тыйым салынады. Сол себептен де болар үндес жазылған «Казахское народное творчество и его поэтическая среда» мақаласы жарияланбастан тасада сақталыпты. Бұл екі еңбек алдыңғы жарияланымдарынан мүлде басқа өрісті танытады. Егер алдыңғы мақалалар негізінен ақпараттық-практикалық сипатта болса, автор бұл екі зерттеуінде тарихи-теориялық тұжырымдармен байытылған күрделі ғылыми қолтаңбаны аңғартады.Шынтуайтында «Әдебиет тарихы» алғашқы оқу құралы еді, онда қазақ фольклорының негізгі жанрлары мен оның мәні, әдебиеттің даму кезеңдері, жекелеген ірі эпикалық шығармалар жан жақты талдау нысанына айналып, тарихи-хронологиялық тұрғыдан жүйелі зерттеледі. Монографияда фольклордың барлық жанрлары: салт өлеңдері, ертегі, батырлық пен романдық эпос, тарихи өлең, айтыс секілді жанрлар жүйелі де бірізді зерттеу нысанына айналды. Қазақ фольклоры мұндай кең ауқымда бұрын-соңды зерттелмеген еді. Әлбетте автордың кейбір жекелеген ойлары мен ғылыми байламдары бүгіндері өз мәнін жойды, әйткенмен монографияның негізгі тірегі болған жоталы тұжырымдар қазақ фольклортану ғылымының өзегіне нәр берді, бүгіндері хрестоматиялық құндылыққа айналды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет