Орташа 1-сұрақ. Ахмет Иүгінекидің өмірі және «Ақиқат сыйы» дастанының зерттелуі


-сұрақ. Әбу Насыр әл-Фараби -әдебиет зерттеушісі



бет4/6
Дата17.12.2023
өлшемі29,63 Kb.
#197433
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
фольклор 1-6 сұрақ
8 сын тест қаз тарихы, Д ниеж зі тарихы 8сынып Та ырыпты тесті Англия, medicinadagy latyn tili, РА презент, Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org, Правила волейбола
6-сұрақ. Әбу Насыр әл-Фараби -әдебиет зерттеушісі
Әбу Насыр әл-Фараби (873—950) ежелгі Отырар қаласында туған. Ол іргелі еңбектер жазып қалдырды. Музыканың теориясы мен тарихы жөніндегі зерттеулерінде әл-Фараби көптеген ойшылдардан асып түсті. «Китаб әл-мусики әл-кабир» («Музыканың ұлы кітабы») деп аталатын еңбегі жарық көрген соңдай-ақ оны дүние жүзінің барша ғалымдары Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп таныды.
Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын«өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға булай қарау мешаиын (перепатетиктер) мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес» (әл - Фараби. Философиялық трактаттар. -А. , 1973, 289-6.), - деп, жүрекке шешуші мән бере қараса, Абай да: «Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда билеуші жүрек болса жарайды» деген тұжырымға келеді. Бұдан екі улы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екені, тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді. Қайырымды қала тұрғындары» трактатында
Әл-Фараби қаланың идеализациясын жасап ең
керемет қала қандай болу керек деген сұраққа
жауап береді. Ғалым еңбегіндегі негізгі
идеяларын Платонның «Мемлекет» еңбегіндегі
идеяларына сүйене отырып жазады.
Жалпы саяси-философия бойынша еңбегі бізге
жеткен ең алғашқы ғалым – Әл-Фараби.
Фарабидің эманациялық теориясы мұсылман философиясының бүкіл
тарихымен екі жақты байланысты: ол теологиялық және философиялық ойдың
алдыңғы бағыттарында орын алған ілімдерді өзінде біріктіреді, және өз кезегінде
Әбу Насырдың соңынан ерген көптеген ғалымдар үшін теориялық түзілімдердің
бастауы қызметін өзі атқарады. Өз ілімінде Әл-Фараби аспан мен ай асты
мәселелерін біртұтас етіп біріктіреді. Негізінен ақылмен танылатын және
өзгермейтін болмыстармен айналыса отырып, ол, сондай-ақ, денелік және
өзгермелі болмыстарды да назардан тыс қалдырған жоқ. Философ мәңгілік
әлемді өзгермелі әлемнен бөліп қарайды, дегенмен Бүтін және көптік арасына
байланыс орнатады. Әл-Фарабидің эманация теориясы өзінде теология мен
космология мәселелерін біріктіреді. Ақыл барлық затты жасампаз ете отырып,
жалғыздан тарайды. Бұлай болу себебі, құдай өз субстанциясын біледі, барлық
игіліктің бастауы өзі екенін біледі, - деп есептейді Әл-Фараби. Құдайдың әрекеті
мен жасапмаздығы ойлау процесінде, интеллектуалдық процесте жүзеге асады.
Ойлау мен болмыстың өзара қатынасы Әл-Фараби философиясында жаратылыстың ұлы да сымбатты көрінісімен берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет