Орунбасарова Карима Қ-102



Дата09.05.2020
өлшемі16,99 Kb.
#66804
Байланысты:
14-ар
онлайн зад 15 нед, онлайн зад 15 нед, онлайн зад 15 нед

14-апта.

Орунбасарова Карима Қ-102

«Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені , бүгіні және келешегі туралы» тақырыбы бойынша эссе жазу.

Тәуелсіз елдің тұңғыш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының қаламынан туындаған еңбектерінің тарихи маңызы өте зор. Елбасы кітаптарында тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихы ең алғашқы күндерінен бастап, барлық қырынан дерлік бейнеленген, мемлекеттігімізді қалпына келтіру барысындағы алғашқы нақты іс-шаралардан бастап, ел өміріндегі елеулі оқиғалар жан-жақты баяндалған.



Елбасының әр еңбегiнiң өзi арнайы зерттеудi қажет ететiн жаңалықтарға, жаңашыл, шынайы байқаулар мен байымдауларға, ғылыми және практикалық маңызы жоғары тұжырымдар мен шешiмдерге бай. Осы орайда менің зерттеу жұмысымның негізі болып отырған Нұрсұлтан Әбiшұлының қаламынан туындаған еңбектерін атап өтер болсам: “Әдiлеттiң ақ жолы” (1991), “Тәуелсiздiгiмiздiң бес жылы” (1996), “Ғасырлар тоғысында” (1996), “Тарих тағылымдары және қазiргi Қазақстан” (1997), “Қалың елiм, қазағым” (1998), “Тарих толқынында” (1999), “Қазақстан-Ресей қатынастары” (1999), “Бейбiтшiлiк кiндiгi” (2001), “Сындарлы он жыл” (2003), “Евразия жүрегiнде” (2005), «Қазақстан жолы» (2007). Көрсетiлген еңбектерде елбасының тәуелсiз Қазақстанның тағдыры, келешегi туралы асыл мұраттары мен биiк ойлары, терең толғаныстары суреттелген.

Елбасы Н.Назарбаевтың тарихи тұрғыда құнды еңбектерінің ең үздігі – «Қазақстан жолы » атты кітабы. Еңбекте тәуелсіздіктің тарихи орны, заңдық-құқықтық іргетастың қалыптасуы, экономикалық жетістіктердің жүйелілігі, әлемдік бәсекедегі Қазақстан жолы жан-жақты байыпталып, соңғы жылдардағы қол жеткізген табыстарымыздың негізі мен мән-мағынасы орнықты түсіндірілген. Кітаптың «Тәуелсіздік стратегиясы» деген алғашқы тарауында тәуелсіздігіміздің тарихи тағылымдары жан-жақты суреттелген. Кітапты құрайтын «1995 жылғы конституция», «Каспий үшін күрес және мұнайлы сілкініс», «Мемлекеттік меншіктен жеке меншікке», «Ұлттық қаржы жүйесі», «Жер мәселесінің эволюциясы», «Жұлдыздарға жол салған Қазақстан», «Жаңа дәуірдің – жаңа астанасы» деген тараулардың қай-қайсысында да ел тарихының ең бір елеулі кезеңдеріндегі саяси, экономикалық, мәдени дамуымыздың қилы-қилы жолдары тартымды, әрі тағылымды түрде баяндалады. Қазқақстанның өткен жолын тоғыз тарауға бөліп қарастырған еңбегінде Н.Назарбаев осыдан 18 жыл бұрын бастау алған сол ұлы жолдың тармақтарын алыстағы болашақпен үзіліссіз байланыста қарастырады. Еңбектің құндылығы да сонда. Елбасның аталған кітабы әлемнің бірнеше тілдеріне аударылып үлгерді. Өткен жылы Ұлыбритания астанасында Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабының ағылшынша нұсқасының тұсаукесері болып өтті, бұл шара ағылшын зиялы қауымы өкілдерінің зор қызығушылығын туғызды. Ағылшындық баспагер Том Стэйси Қазақстан басшысының кітабына бүкіл ел өмірінің айнасы, сындарлы саясаткердің терең мазмұнды толғауы деген баға берді. Тарихқа «Темір леди» деген атпен енген Маргарет Тэтчер: «Бұл кітапта Президент Н.Назарбаев өтпелі кезең проблемаларын шешуге қалай қарағаны, сөйтіп бүгінгі күні қандай прогреске қол жеткізілгені жөнінде жан-жақты баяндалады. Бұл кітап сондай-ақ оның өзі және Қазақстан болашақта жүре алатын бағытқа қатысты зор үміт ұялатады» деген пікірі Елбасы еңбегінің құнды деңгейін көрсетеді.

Жалпы, Н.Ә.Назарбаевтың кез-келген кітабынан, ел тарихына қатысты маңызды, шынайы дерек көздерін кездестіруге болады. Н.Ә.Назарбаев еңбектері, деректану ғылымы тұрғысынан қарағанда, өзінің пайда болуы жағынан жазба дереккөздерінің жеке адамдық тобына жатады. Ал, жеке адамдық дерек көздерінің басты ерекшелігі, оларда субъективті фактордың айрықша орын алуында.Егер осы тұрғыдан алсақ, Н.Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерешелігі ең алдымен, оның тәуелсіздік қарсаңындаңы және тәуелсіздік жылдарындағы ресми лауазымдарына сай атқарған қызметтерімен тығыз байланысты. Ол туралы Н.Назарбаевтың өзі «Әділеттің ақ жолы» атты кітабында: «Өзімнің қызмет жағдайыма орай осы жылдардың барлығында да, әрдайым оқиғалрдың қалың ортасында жүріп, оларды талдауға және салыстыруға, қорытындылар жасауға, шешімдер қабылдауға тура келгендіктен дн, өзімнің жеке пікірімді айтуға барып отырмын», – деп жазады. Олай болса, Н.Назарбаев қаламынан туындаған кітаптарының тарихи маңыздылығы – ондағы тарихи деректердің шынайылығымен ерекшеленеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет