«Қосалқы тарихи пәндер» пәнінің оқу-әдістемелік кешені 5В011400 тарих мамандығына арналған Семей-2014



бет2/6
Дата26.01.2018
өлшемі1,82 Mb.
#34016
1   2   3   4   5   6
Сабақтың мақсаты: Алғашқы адамдардың Қазақстан территориясында пайда болғаны және пайда болған уақыты туралы мәлімет қалыптастыру. Қазақстан территориясында тас және қола дәуірлеріне жататын ескерткіштерді танып білу.

Кіріспе

  1. Пәнді оқыту мақсаты.

  2. Қосалқы тарихи пәндер және оның міндеттері

  3. Қосалқы тарихи пәндер сипаты Негізгі бөлшектері.

Палеография ұғымы, міндеттері. Қолжазбаның жазу материалын, қолтаңбасын, кестесі мен ою-өрнек миниатюрасын анықтау. Жазу материалы түрлері. Палеографияның зерттеу әдістері, салыстырмалы тарихи зерттеулерге қойылатын негізгі талаптар.

Палеография ғылымының дамуы

Түрік жазуының түп-төркіні және ескерткіштерінің аудармалары.

Орхон-Енесей жазбалары, тарихи маңызы. Талас, Кеген, Еріс бойы жазбаларының зерттелуі. Қазақ тілінің дамуының негізгі дәуірлері.

Жазу мен кітап тарихы

Таңбалар тарихы туралы пікірлер. Пиктографиялық жазу. Түркі тілдерін дәуірлеу. Қағаз жасау әдісі. Көне түркі руна жазулары. Латын әліппесі, кириллицаны қабылдау. Қазақ кітаптарының тарихы.

Қолжазбаларды палеографиялық жағынан сипаттау.

Қолжазбаның жазылған уақыты, аты, мекен-жайы. Көне жазбаның мазмұны. Жазу материалы, көлемі мен форматы. Түпнұсқалылығы, басты сипаты.



Бекіту сұрақтары:

1. Қ.Т.П негізгі міндеттері

2.Қолжазбалардың форматы мен әшекейі

3.Құпия жазу



Қолданылатын әдебиеттер:

1,Абишев Х.А. Элементы астрономии и погода в устном народном творчестве казахов. А, 1949

2.Әбішұлы Х. Халық астрономиясы. А, 1959

3.Бабырнама. А, 1990


2 лекция. ПАЛЕОГРАФИЯ

Сабақтың мақсаты: Палеография ұғымы, міндеттері және ғылымының дамуын қарастыру.


  1. Палеография ұғымы, міндеттері.

  2. Қолжазбаның жазу материалын, қолтаңбасын, кестесі мен ою-өрнек миниатюрасын анықтау. Жазу материалы түрлері.

  3. Палеографияның зерттеу әдістері, салыстырмалы тарихи зерттеулерге қойылатын негізгі талаптар.

  4. Палеография ғылымының дамуы.Түрік жазуының түп-төркіні және ескерткіштерінің аудармалары.

  5. Орхон-Енесей жазбалары, тарихи маңызы. Талас, Кеген, Еріс бойы жазбаларының зерттелуі. Қазақ тілінің дамуының негізгі дәуірлері

Палеография дегеніміз жазба түп деректердің сыртқы жағын, соның ішінде графиканы, бұлар жазылған материалды, қағаз бетіндегі судағы белгілерді, қолжазбалардың форматы мен безендірілуін зерттейтін қосалқы тарихи пән. Палеографияны білу қолжазбаны дұрыс оқып шығуға, оның пайда болған уақыты мен орнын, автордың аты-жөнін, оның дұрыстығын немесе жалғандығын, текст тарихын т. б. анықтауға көмектеседі.

Ұғымның негізгі маңызына сәйкес (грекше яаЯаіов «ежелгі» және ypaqxo — «жазамын») палеография әуел баста ежелгі қолжазбаларды зерттеумен шұғылданды. Қазіргі кезде жаңа заманның қолжазбасының сыртқы жақтары да зерттеледі. Осыған байланысты жаңа термин — «Неография» да пайда болды.

Ғылыми пән ретінде палеография XVIII ғасырдың бірінші
жартысында Францияда
пайда болды, бірақ бұған дейін көп ғасыр бұрын-ақ бірқатар елдерде палеографиялық талдау тәсілдері
практикалық мақсаттарда қолданылып келді. Мәселен, Россиядағы
сот процестерінде XV ғасырда-ақ палеография көмегімен
актылар мен грамоталардың жалғандығы талай рет дәлелденді.
XVIII ғасырдың басында ескі ғұрыптағы ағалы-інілі Денисовтардың
православие шіркеуі жасап шығарған өңі бұрмаланған екі
документті әшкерелеуі палеографиялық талдаудың үлгісі
бола
алады.

XIX ғасырдың бірінші жартысында қолжазбалардың палеографиялық ерекшеліктеріне ғалымдар қадала көңіл аудара бастады, ал ғасырдың орта кезінде-ақ ең ежелгі славян қолжазбаларына бағалы палеографиялық байқаулары бар А. В. Горскийдің, К. И. Невоструевтің еңбектері пайда болды.

1885 жылы И. И. Срезневскийдің палеография жөнінде алғашқы басшылық құралы жарияланды, ал содан соң бірқатар оқулықтар мен еңбектер, соның ішінде Е. Ф. Карскийдің, Н. П. Лихачевтің, И. С. Беляевтың және А. И. Соболевскийдін еңбектері жазылды.

Совет ғалымдары палеографияға әрқашан да үлкен көңіл бөліп отырды. 1918 жылы В.Н.Щепкиннің орыс палеографиясы жөніндегі оқулығы басылды (1967 ж. қайта басылды), ал 1928 жылы Е. Ф. Карскийдің курсы қайта басылды. Ұлы Отан соғысынан кейін Н.С. Чаев пен Л.В.Черепниннің (1947) және Л.В.Черепниннің (1956) келесі оқулықтары, сондай-ақ бірнеше палеографиялық альбомдар жарияланды.

Ақыры, 1966 жылы М.Н.Тихомиров пен А.В.муравьевтің жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Орыс палеографиясы» деген арнаулы құралы даярланды.

Бекіту сұрақтары:

  1. Палеографияның міндеттерін ата

  2. Палеография әдістерін ата.

  3. Ғылыми-тарихи пән ретінде хронологияның пайда болуы және дамуы

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Бурнашева Г.З. Монетный материал в городище Отрар Тобе. А, 1974

  2. Введение в специальные исторические дисциплиныМ, 1990

  3. Государственные символы РК. А,1997

3 лекция. Жазу мен кітап тарихы



Сабақтың мақсаты: Жазу мен кітап тарихымен танысу, қазақ кітаптарының тарихын, көне түркі жазазуларын танып білу.

  1. Таңбалар тарихы туралы пікірлер. Пиктографиялық жазу.

  2. Түркі тілдерін дәуірлеу. Қағаз жасау әдісі.

  3. Көне түркі руна жазулары. Латын әліппесі, кириллицаны қабылдау.

  4. Қазақ кітаптарының тарихы.

Кирилл жазуының графикасы өз негізінде дара графика —уақытқа орай өзгеріп отырды. Оның сан алуан түрлерінің ішінен ғалымдар үш негізгі типті — устав, жартылай устав, жедел жа­зу (скоропись) түрлерін бөліп көрсетеді.

XIV ғасырдың аяғына дейін үстемдік еткен устав
баппен сәнді жазылатын болып келді. Мұндағы әріптердің бәрі
суретке салынғандай, ап-айқын болып шығады. Бұлар тіп-тік,
қатаң геометриялық формада болады. Ең ежелгі уставта бұл

квадраттар болды деуге болады, ал кейініректе жоғары қарай
созылған тік
төрт бұрыш болып келеді. Әріптің жоғарғы жағы,
әдетте теменгі жағынан кішірек
болады. Шиыршықтар тік сызыққа жайымен келіп қосылады. Әріптің жолдан шығуына, әдетте, жол берілмейді. Жеке әріптердің жазылуы мен оның уақыт
өтуімен
байланысты езгерісі қосымпіаның 2-таблицасында көр-
сетілген.


Тексте әріптер өзара қосылмайды, олардың ара қашықтығы әрқашан бірдей, текстің сөздер мен сез тіркестеріне бөлінуі әлі жоқ. Қысқарту өте сирек кездеседі: қасиетті деген сөздерде ғана (құдай, рух және басқалар) жол беріліп, олар міндетті түрде титло астына алынады; жиекке шығарылатын әріптер көп болмаған.

Устав жазба ескерткіштері аз сақталған, ал ежелгілері XIXII ғасырдағылары бірен-саран болып келеді. Бұлар: Остромиров евангелиесі (1056—1057), Святослав Изборнигі (1073— 1076), Новгород Юрьев монастырына (1130) ұлы князь Мстиславтың грамотасы, Варлаам Хутинскийдің қосымша беті (1192) және басқа да бірнеше ескерткіштер.

Устав жазба өте тиімді болғандықтан, кітап қолжазба графикасында бұлар кейінгі ғасырда да, тіпті XVII ғасырға дейін
пайдаланылды.


Азаматтық әдебиет дамып, іскерлік тұрғыдағы жазу-сызу таралуына байланысты XIV ғасырдың жартысынан бастап XV ғасырдың аяғына дейін тұрақтап келген жартылай устав пайда болды. Бұл әбден айқын жазу болғанымен неғүрлым жедел, сондықтан да соншалықты ұқыпсыз жа­зу еді.

Жартылай уставта әріптерді жазудың геометриялық, сымбаттылық принципі бұзылады. Айқын тік сызық орнына қисық сызыққа, тік төрт бұрыштар орнына — үшкір бұрыштарға, ал жаймен өту орнына түзуге қисайтып апарып қоса салуға жол беріледі. Әріптер көлбейлете жазылады (Жеке әріптердің жазылу ерекшеліктері қосымшаның 3-таблицасында керсетілген.)

Әріптердің арасы алшақтай түседі. Көп сөздер қысқартылып, әріптер титло астына түсіріліп жазылады. Жекелеген жағдайларда текст сөздер мен сөз тіркестеріне бөлінеді. Бұл кезеңде біртұтас негіздер орыс, украин және белорус жазуының ерекшеліктері қалыптаса бастайды.

Жазу процесін едәуір тездетуді талап еткен кітап және іскерлік жазу-сызудың одан әрі дамуы XV ғасырда жедел жазудың пайда болуына жол ашты, бұл москвалық, киевтік және батыстық немесе белорустік болып бірте-бірте бөліне түседі. Жедел жазу, атап айтқанда москвалық жедел жазу, жартылай уставтан шықты, бірақ одан айырмасы: әріптерінің тұрқы аласа, ені кеңірек, созылып, шиыршықтап жазылған, пропорциональды емес болып келеді. Қалай басып, қалай созып жазам десе де, бүл жазу үшін еркіндік тән, жеке әріптердің варианттары көп-ақ және оны жеңілдету үшін уақыт өтуімен байланысты өзгерістер де тез болып тұрған (XVXVII ғасырлардағы жедел жазудағы жеке әріптердің жазылу ерекшеліктері қосымшаның 4-таблицасында керсетілген).

Текстер жазылған пергамент парақтарының белгілі бір көлемі болмады. Шамамен біздің, жазу қағазымыздың қос парағына тек қағаз парағының шамасы болды десек неғұрлым дәлірек болады. Іс жүзінде текстер не осындай парақта, не екіге, төртке және т. б. бүктелген парақтарда жазылды. Кейіннен бұлар тиісінше былайша белгіленді: 1°, 4°, 8° (парақ, ширек парақ, әшмөшке және т. б.)

Ең ежелгі қолжазбалардың текстері дәптерге қатталған парақтың екі жағына бірдей жазылды. Бұлардың әрқайсысы төрт қос парақтан (16 беттен) тұрды. Егер қолжазба көлемді болса, дәптерлер кітап болып тігілді. Ұзақ сақталуы үшін ол түптелді. Құнды кітаптар күміс немесе алтын жалатылып, қымбат тастармен әшекейленген былғарымен қапталып түптелді. XIII ғасырдан бастап ромбы және жүрекше тәрізді таңбалы ірі торда Ви­зантия үлгісі бойынша жасалған ернектеу (тиснение) қолданыла басталды. XVI ғасырдан бастап бұл неғұрлым астарлы да курделі бола түседі, XVII ғасырдың орта шенінен бастап алтындап салған өрнектер ұшырайды. Осылайша түптелген кітаптарды бұзылудан сақтау үшін, бұларға кейде сирақтар жасаған (басты шегелер қаққан).

Қымбат кітаптардың иелері, оның әрбір бетінін, өзі керкем шығарма түрінде болуы үшін қам жасаған. Бұны жақсы қағазға әсемдеп жазылғандығынан ғана емес, сондай-ақ арнаулы әшекейлермен безендірілгендігінен де көруге болады. Қолжазбаның немесе тараудың, немесе кейде тіпті абзацтың басында заставкалар, яғни парақтың бүкіл енін, ал биіктігі жағынан кейде оның үштен біріне дейінгісін алып жатқан безендірілген өрнектер жасалды. Қолжазбаның қалған бөліктері инициалдармен, яғни әсем етіліп жазылған және әшекейленген бас әріптермен көріктендірілді. Кейде кітаптың жиегіне («жиектегі гүлшелер»), кітап соңына да әшекей жасалды.

Осы аталған ою, әшекейлердің бәрі белгілі бір стильде болды. XIXII ғасырларда стильдеген нәрселер кірістіріліп жазылған (негізінен алғанда өсімдік дүниесі), ең қарапайым геометриялык фигуралардан тұратын көне орыс немесе көне Византия ою-өрнегі басым болды. XIII ғасырдан бастап оюларда ұлттық, халықтық сарындардың ықпалы мен сюжеттері орын алды. Өзара өрімделген белдіктер мен бұтақтардың фонында рамка ішінде және одан тыс фантастикалық жануарлар аждаһалар, грифтер. арыстандар бейнеленді. Ою-өрнектің мұндай стилі ғажайыптык (тератологиялық) деп аталады.

XVI ғасырдың ортасынан Россияда басталған кітап басудың жағдайларына орай жаңа ою-өрнек туды. Әшекейлер тек екі түскеаққа қарамен немесе керісінше қараға ақпен жасалды. Бейнелердің көпшілігі аралықтарына стильденген гүлдер және басқа өсімдіктер салынған геометриялық формалар, әсіресе дөңгелектер мен квадраттар болады. Штрихтар қолданыла бастайды.

Бұдан әрі кітап басудың жетіле түсуі ою-өрнекті күрделілендіруге мүмкіндік берді. Оқырмандардың талғамына сәйкес (XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап) ою-өрнек үш түсті болды да, өнер үстемдік еткен стильдердің XVII ғасырда — барокко, XVIII ғасырда — рококо, ал XIX ғасырдың басында — ампира стильдерінің ықпалына ұшырады.

Оқиғалардың ашпа беттеріне онда не туралы айтылатынын бейнелейтін миниатюралар көптеген құнды қолжазбалардың әшекейі болды. Ашпа беттегі бейнелер ежелгі шіркеу кітаптарында, кейбір көне сыйлық грамоталарында ұшырайды. Миниатюралардың көпшілігі белгілі бір жылнамаларда бар, мысалы, Радзивиллов (немесе Кенигсберг) жылнамасында. XVI ғасырдың екінші жартысындағы 12 томдық жылнама жинағының ашпа бетінде бар, бұнда 16 мың бейне салынған т. б.

Бұлар XVII ғасырдың ескі ғұрып қолжазбаларында да ұшырайды. Кітап басудың дамуымен байланысты ашпа бет бейнелерді кітап гравюрасы бірте-бірте ығыстыра түсті.

Миниатюралардағы бейнелеу тәсілдері заказ берушінің де, орындаушының да көркемдік талғамдарына сай келді .XIXIII ғасырлардың пергамент қолжазбаларының ашпа бет бейнелері сол заманның фрескалық және мозаикалық бейнелеріне тән монументальдығымен көзге түседі. Сыры қалың, ашық етіліп жағылатын еді.

XIVXV ғасырларда пергамент қолжазбалардағы суреттер әлі де болса монументальды живописьтің ескі дәстүрлерін ұстады. Алайда қағаздың пайда болуы неғұрлым жеңіл акварельді живописьті игеруге мүмкіндік берді. А.Рублев живописінің ықпалына түскен XV ғасырдағы миниатюра жасаушылардың творчествосында, икона салу тәсілдерін сақтай отырғандығымен, реалистік тенденциялар болғандығы да байқалады.

XVI ғасырда XVI ғасырдың бірінші жартысында миниатю­ралар станоктық, ал содан кейін портреттік живописьтің («пар­сун жазуы») ықпалын бастан өткереді, реалистік тенденциялар бұдан арғы жерде Симон Ушаковтың есімімен байланысты бо­лады. Шартты түрде алынғандығына қарамастан, олар көптеген тарихи оқиғалар мен орыс халқының тұрмысы қолөнерші мен шаруаның еңбек қызметі, соғыс шайқастары, вече жиналыстары, халық көтерілістері т. б. туралы нақтылы ұғым береді. Бұл мәселе жөніндегі қызықты материалды мына кітаптан табуға бо­лады: О. И. Победова. Миниатюры русских исторических рукопи­сей (к истории русского лицевого летописания). М., 1965.

Кітаптан айырмашылығы—грамоталар парақтың бір жақ бетіне жазылды, мұны қолайлы болу үшін екіге немесе үшке тіліп бөлді. Егер де осындай бір парақ жетпесе онда бұған екінші, үшінші парақтар жапсырылды. Сонда лента («столпец») болып шықты, мұның екінші жағына дьяктар өз белгілерін, ал түзетуге жол бермеу үшін жапсырылған жерлеріне «Скрепа» жасады. «Столпецтер» XVI—XVII ғасырларда Москва приказдарының іс жүргізу практикасында әсіресе кеңінен қолданылды. Бұлардың көпшілігі мазмұны жағынан өзара байланыскан документтердің бүтін сериясынан тұратын. Мұндай «столпецтер» көбіне 15—20 м, тіпті одан да ұзын болатын. Сондай-ақ жеке документтердің кө­лемі де бұдан кем болмайтын, көбіне бұдан әлдеқайда артып кетіп те отырды. Мәселен, 1649 жылғы Собор уложениесінің түп нұсқа тексі біріктіріп жапсырылған 959 парақтардан тұрған «столпецтер» болып келеді де, ұзындығы 300 метрден асады.

«Столпецтер» шиыршықтап оралатын да, оларды сақтау қолайсыз болатын. Сондықтан да XVIII ғасырдан бастап парақтар дәптерге тігілетін болды. Осы уақыттан бастап парақтарды жолақ етіп тілуді қояды да, парақтың екі жағына бірдей жаза бастайды, бұл қағазды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бір мазмұнды немесе тектес маңызды материалдары бар дәптерлер біріктіріліп, буылды. Мұндай «буындылар» нөмірленді де, канцеля­рия архивтерінде сақталды (XVIIIXIX ғасырлар). Қолжазбаларды әсем етіп көрсету үшін ерекше декоративтік жазба вязь жиі қолданылды, мұнда қысқартып және әсемдеудің көмегімен текст біркелкі және тегіс өрнектеумен байланыстырылды. Бұл жағдайларда әсіресе алдыңғы және кейінгі әріптер үшін қайсыбір белгілерді немесе сызықтарды пайдалану, бір әріпті екіншісіне бағындыру немесе екі әріпті бір-біріне бағындыру кеңінен қолданылды. Әдетте вязь арқылы қолжазбаның бас тақырыбы немесе бастапқы бөліктері ерекшеленді. Бұлар көбіне қызыл не­месе қандайда болсын басқа бір ашық бояумен жазылатын-ды.

Вязьбен жазылған текстері бар алғашқы орыс қолжазбалары XIV ғасырдың аяғына жатады. XV ғасырда вязь ете кеңінен таралады, ал XVI ғасырда кейбір ірі қалаларда Москвада, Новгородта, Псковта вязь жазуының өз стилі қалыптасады. Бұлар XVII ғасырдың ортасына қарай бірте-бірте унификацияланады. Оның бүкіл тарихының өн бойында жазудың бұл түрінің өзіне тән белгісі әріптің биіктігін ұлғайтуға ұмтылу. Eгерде XV ғасырда әріптің биіктігі енінен әдетте 3—4 есе ұзын болса, енді XVII ғасырда бұл қатынас 10—12-ге дейін артады, мұндай әріптер енді қиын оқылады. Вязьдің мұндай XIX ғасырлардағы шіркеу кітаптарында да болған..

Бекіту сұрақтары:

  1. Ежелгі орыс мемлекетінде алғашқы жазба деректері қашан п.б

  2. Ағаш тақтайшалардағы жазу қай жылы табылды

  3. Талас өзенінің бойынан байырға қай жазулардың түрі табылды

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. О. И. Победова. Миниатюры русских исторических рукопи­сей (к истории русского лицевого летописания). М., 1965.

  2. Л. В. Черепнин. Русская палеография. М., 1956, 224—229, 335—340, 466-беттер.

  3. М. Н. Тихомиров пен А. В. Муравьев. Русская палеогра­фия (М., 1966, 35—36-бет)

4 лекция. Қолжазбаларды палеографиялық жағынан сипаттау.



Сабақтың мақсаты: Қолжазбалардың жазылған уақытымен, аты, мекен жайы туралы материялдарды қарастыру, түпнұсқалығы мен басты сипатымен танысу.

  1. Қолжазбаның жазылған уақыты, аты, мекен-жайы.

  2. Көне жазбаның мазмұны. Жазу материалы, көлемі мен форматы.

  3. Түпнұсқалылығы, басты сипаты.

Орыс қолжазбаларының басым көпшілігі пергамент пен қағазда жазылған. Тұрмыста мұның үстіне кайың кабығы да қолданылды.

Пергаментті жасап шығару үшін төлдің (бұзаудың, қозының т. б.) терісін алды да, оны мұқият өңдеп шықты. Сөйтіп, жазу үшін әдемі мықты және қолайлы, бірақ төтенше қымбат мате­риал алынды. Бір теріден 2—3 парақ пергамент жасап шығаруға болатын еді. XIXII ғасырлардағы орыс қолжазбалары Византиядан, Батыс Европаның басқа елдерінен әкелінген пергаментке жазылатын-ды: XIII ғасырдан бастап, тұрмыста жергілікті пергамент қолданыла бастады.

Пергаменттің қымбаттылығынан бір кезде жазылған тексті қырып тастау немесе жуып тастау жиі кездескен, ал содан соң оның орнына жаңасын жазған. Мұндай қолжазбалар палимп-сестер деп аталды. Бұндай қолжазбалардың жаңа тексі ғана емес, сондай-ақ ескі тексі де бағалы, өйткені химия реактивтері мен түсті бөліп көрсететін фотографияның көмегімен оны оқуға болатын еді.

Күнделікті тұрмыстық сипаттағы жазбалар үшін XIXV ғасырларда ежелгі Русьте өңделген қайың қабығын қолданған, демек оның ішкі ылғал бетіне үшкір таяқшамен (сүйек немесе ме­талл) текстер тырналып түсірілген. Қайың қабығы өте нәзік материал. Бірақ оның дымқыл жерде жақсы сақталатындығы мүлдем кездейсоқ жағдайда белгілі болған. Сондықтан да 500-ге жуық қайың қабығы грамоталары бізге дейін жетіп отыр, бірақ олардың саны әрине бұдан әлдеқайда көп болған ғой.

XIV ғасырдың бірінші жартысында жазу материалы ретінде қағаз пайдаланыла басталды. ;Қағазға жазылған ең ежелгі документтер: Семен Гордыйдың ағалы-інілі Иван және Андреймен жасасқан шарты (1341), Ярославск Спасск монастырына (1345 жылдар шамасы) Нижегород князі Василий Давыдовичтің жолдаған сыйлық грамотасы. XV ғасырдағы қолжазбалардың көп бөлігі қағазға жазылған ал XVI ғасырда сирек жағдайда ғана қолданылады.

Алғашқы кездерде Россияда шетел өндірісінің қағаздары пай-даланылды: XIV—XV ғасырларда итальян, XV ғасырда негізінен француз, сонан соң неміс, XVI ғасырда поляк, ал XVII ғасырда голланд қағаздары пайдаланылды, XVIXVII ғасырда Россияда өз қағаз өндірісін жолға қоюға әрекет жасалды. Бірақ тек XVIII ғасырдың бірінші ширегінде ғана бұны жүзеге асыруға қол жетті. Біршама арзан жазу материалын қағазды қолдану Россияның экономикалық және мәдени дамуының қажеттеріне сай келді, өз кезегінде бұл одан арғы ғылыми-техникалық прогреске (мысалы, кітап басуға) жол ашты.

Қағаз жасап шығарғанда сұйық масса рамаға керілген сым тордың үстіне құйылды. Бұл масса кепкеннен кейін, рамадан енді дайын қағаз алынды. Мұның бетінде сымның таптарыжарыққа ұстағанда көрінетін мөлдір сызықтар болды. Фирма мен қағаз сортын таңбалау үшін фабриканттар торға ерекше сым суреттерді өрді, бұлардың табы судағы таңба немесе филиграндар деп аталады. Судағы таңбалар осы қағаздың шыққан уақыты мен жерін анықтауға мүмкіндік беретіндіктен (ал осы таңбалар бойынша қолжазбаны да) ғалымдар XVIII ғасырдың өзінде-ақ датасы қойылған судағы таңбалардың альбомдарын құрастыра бастады. Қазіргі кезде тарихшылар К.Я.Тромониннін, Н.П.Лихачевтін, Ш.Брикенін атластарын, М.В. Кукушкинаның, С. А. Клепиковтың т. б. анықтағыштарын пайдаланады.

Қолжазбаларда ұшырайтын толып жатқан судағы таңбалардың арасында ең көп тарағандары мыналар: XIV ғасырда сызықтармен қиылған, крестпен бітетін екі шеңбер, безендірілмеген құмыра, шағын кеме, айбалта, қашып бара жатқан бұғы, XV ғасырда үш тау, (ортаңғысында крест бар) қаз, қайшы, тиардағы папа, екі кілт, әтеш, ит, вепрь, әйел фигурасы, жүзім бұтағы, тәж, тәжі астындағы жұлдыз, якорь, дельфин, готикалық әріптер М мен Р, аңшылық керней үш лилиялы герб. XVI ғасырда — биялай, әр түрлі кұмыралар, француз фабриканттарының есімдері бар таңбалар, шошқалар, тиарлар, поляк гербтері, бұқа бастары, француз қалаларының гербтері. XVII ғасырда тіске ұқсас ирек жағалы куақы адамның басы, Амстердам қаласының гербі, бүркіт, сыбызғы, патша тәжі, «Рro Patria» таңбасы (арыстанды ұрысқа итермелеген әйелдіқ аллегориялық бейнесі); XVIII ғасырда қос басты бүркіт (мемлекеттік герб), Георгий Победоносецтің суреті салынған Москва гербі, якорь, біріктірілген төрт якорь, айбалталы аю, қағаз жасалып шыққан кәсіпорындары иелерінің герб таңбалары мен монограммалары, оның жасалынған датасы, судағы таңбалар мына кітапта неғүрлым толық айтылған; Л. В. Черепнин. Русская палеография. М., 1956, 224—229, 335—340, 466-беттер. Мүнда кейбір филиграньдардың бейнелері / берілген. Оларды ғасырларға қарай бөлу өте шартты екендігін ескерген жөн. Көптеген филиграньдар бір ғасырдан екіншісіне ауысып отырды, кейбіреулері өте қысқа уақыт қана сақталды.

Пергамент пен қағазға текстер сиялармен жазылды, бұлар темірден, тері илейтін заттардан, шие желімінен және басқа материалдардан жасалып шығарылды. Бұлар өте тұрақты болды да, ғасырлар бойы сақталды. Қолжазбаларда немесе кітаптарда тақырыптар немесе бас әріптер сырмен, көбіне қызыл сырмен жазылған (осыдан барып орыстың «красная строка» деген сөзі «жаңа жолдан» бастау келіп шыққан). Ерекше кітаптар мен ма-ңызды грамоталар желімге езілген алтын түсті немесе күміс түсті бояумен жазылды.

Алғашқы кездерде қаздың қауырсыны (бұлар XIX ғасырдың ортасына дейін) қолданылды, аққу мен «түйе құстың» қауырсыны да сирек те болса қолданылды. XVI ғасырда әуелі контурлар­ды суреттерді жиектеу үшін, ал XVII ғасырдың аяғынан бастап жазу үшін де қарындаштар пайдаланыла бастайды. XIX ғасырдың 30-жылдарынан бастап болат қаламұштар пайдаланыла бастайды.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет