«Қош, бол құтты Әліппе, Армысың Ана тілі.» Әліппемен қоштасу ертеңгілігі. Мақсаты


Шолпан: О – кәдімгі дөңгелек Кетпесін ол дөңгелеп. Ән: «Ұстазым»



бет3/4
Дата06.12.2022
өлшемі25,4 Kb.
#161624
1   2   3   4
Байланысты:
әліппімен қоштасу

Шолпан: О – кәдімгі дөңгелек
Кетпесін ол дөңгелеп.
Ән: «Ұстазым»
Мұғалім:
- Рахмет, балалар! Міне, біз әліппені аяқтадық. Осы оқулықтан біз өз Отанымыз туралы көп оқып білдік. Ендігі кезекте Отанымыз туралы білгенімізді ортаға салайық.
- Балалар, біздің Отанымыз қай мемлекет?
- Біздің елбасымыз кім? 
- Рәміздерді білесің бе?
- Біз қай облыста тұрамыз?
- Ендеше Отан туралы қандай әндер, өлеңдер үйрендік, соны ортаға салайық.
Жасмина: Отан- сенің ата-анаң
Отан-досың бауырың
Отан-өлкең, астанаң
Отан-аудан,ауылың
Аршын: Отан-тарих, Отан –тіл
Жасаған ерің, ер халқың
Отан-өлең, Отан-жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Айкоркем:Отан осы достарым
Көңілге мұны түйе біл.
Отан деп өс,жас қауым,
Оны ардақтап,сүйе біл
Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан әліппені бітірді

Жасмина: «Әліппе»даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
Олжас:
Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып.
Жақын тарттың өзіңе
Шәкіртім деп қуанып.
Ерасыл:
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан басталғанын түсіндім.
Раяна :
Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі-әңгімені де өз бетіммен оқитын болдым. Осы үшін ұстазыма көп рахмет!
Ажар: Біз көп нәрсені – кітап оқуды, өлең жаттауды, ән айтуды, сурет салуды үйрендік. Осы үшін ұстазыма көп рахмет!
Би: «Бальс»
Әліппе:
Менің сендермен қоштасатын уақытым таяп қалды. Сендерге де рахмет балалар! Өздеріңдей тәртіпті, оқуға ынталы балалардың талабына қуанамын. Енді білімдеріңді жалғастырып, әрі қарай білімді болу үшін Ана тілі кітабымен таныстырайын. Ана тілі, мында келші!
Ана тілі:
Сәлеметсіздер ме балалар?
Туған елдің тілімін
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.Балалар,енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер.
Әліппе:
Әр сөзімді жаттаған,
Балалар үшін мақтанам.
Рахмет айтып, шаттанам,
Риза болып аттанам.
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман есен болыңдар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет