Өсімдіктер физиологиясы және биохимия непздері



бет7/25
Дата09.06.2017
өлшемі5,61 Mb.
#18297
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25

АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ

Өсімдік клеткасы әсіресе соңғы 15—20 жылда жақсы және ой-дағыдай зерттелді. Бұл кезде ғылымның клетка физиологиясы немесе цитофизиология деп аталатын саласы пайда болды. Зерт-теудің жаңа методтары мен электрондық микроскоп, фазалы-кон-траст микроскоп, ультражұқа кесінділер алу, шапшаң центрифу-галау және т. с. с. жаңа техниканың пайда болуы цитофизиоло-гияның өмірге келуіне себепші болды.

Өсімдік клеткасы протопластан тұрады, оның сыртын нәзік қабықша қоршап тұрады. Протопласт цитоплазмадан, вакуолядан, ядродан және басқа да органоид деп аталатын структура денелерінен тұрады. Микроскоппен көргенде цитоплазманың түссіз, біркелкі масса екендігін байқауға болады. Алғаш ол протоплазма деп аталды. Бұл терминді тұңғыш рет 1838 жылы чех физиологы Пуркинье мен ботаник фон Моль ұсынды. Соңғы кезде цитоплазма термині қабылданған. Цитоплазманың қалың қабатында ядро, пластидтер, минтохондриялар орналасқан.

Бұл органоидтардың құрылысы мен құрамын мұқият зерттеу үшін оларды гомогендеу методының жәрдемімен және одан соң дифференциалдық центрифугалау арқылы клеткадан оқшаулап бөліп алу мүмкіндігі бар. Гомогендеу деген сөз біртекті, гомогенді масса алу үшін затты немесе тканьді оның структурасын бұза отырып ұсақтауды, ұнтақтауды білдіреді. Гомогендеу процесі

арнаулы приборда жүргізіледі. Клод және басқа да зерттеушілер жасаған методтың жәрдемімен дифференциалдық центрифугалау арқылы гомогенаттан оқшауланған клетка ядросының, митохон-дрйянық, рибосоманын, және т. б. жекелеген фракцияларын бөліп алуға болады. Шамасы 600 Q (Q —ауырлық күшінің үдеуі)

болатын центрден тепкіш күшті қолдану арқылы гомогенаттан



42

3-сурет. Өсімдіктің жас клеткасының құрылыс схемасы:

1- клетка қабықшасы; 2 — лизосома; 3 май тамшысы; 4- вакуоля; 5- тонопласт; 6 - микротүтікшелер; 7 - эндоплазмалық тор; 8 - митохондрия; 9- рибосомалар; 10 -ядрошық; 11- хроматин; 12- ядро; 13 — плазмалемма; 14 —Гольджи аппараты; 15 —пластид.

қабықша мен ядроның ірі кесектерін шығаруға болады. 4000-

10 000 Q күшті қолданғанда ерітіндідегі митохондриялар тұнбаға түседі, 100 000 Q күшті қолданғанда рибосомалар тұнбаға түседі, ал ерітіндіде клетка плазмасынын, фракциясы қалады.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет