Өсімдіктер қоры тауысылатын, бірақ қайтадан қалпына келетін табиғи ресурстарға жатады. Қазір планетамыздағы жалпы құрылым территориясының небарі 26 проценті ғана орман алқаптарының еншісіне тиеді



бет2/7
Дата27.04.2020
өлшемі38,38 Kb.
#64907
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
топ коргау реферат
sabaq-kz attachment mzh.-7-zerthanaly-zhmys.-denen-syyta-zhzu-sharttaryn-anytau
ІІ Негізгі бөлім

Жер бетінде тек жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрі өседі.Өсімдіктер дүниес і- нағыз тіршілік атауларының тірегі. Ол өлі табиғат пен тірі табиғат аралығындағы дәнекер, яғни органикалық емес заттарды адам мен хайуанаттар қабылдай алатындай етіп, бойына түрлі микроэлементтерді, витаминдерді және басқа тіршілік негізіне қажетті заттарды жинақтайды.Сонымен қатар жасыл өсімдіктердің басты ролі-табиғатты СО2-дан арылтып, оны О2-мен байытып отыруында, яғни ұлы ғалым К.А.Тимирязевтің сөзімен айтқанда О2 фабрикасы міндетін атқарады.

Өсімдіктің міндеті мұнымен ғана шектеліп қоймайды. Олар топырақ құнарлығын арттырып, оны N2-мен байытады, әрі ең бастысы адамның күнделікті өміріне қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырады. Айталық, дастарханда қойылатын нан мен киетін киімге дейін осы өсімдіктің дүниесінен алынады.Бүгінде адам баласы өзінің қажетіне өсімдіктің 2.5 мың түрін пайдаланатын болса, соның мыңға жуығы мәдени түрде өсірілетін өсімдіктер.Пайдалы деген жабайы өсімдіктерді, практикалық маңызына қарай мынадай топтарға бөлуге болып:

1. Ағаш беретін сүректі өсімдіктер /отын, баға, тал, тіреу ағаш материалдары, фанера т.б./.

2.Өндіріс салалары мен медицинада түрлі заттар алу үшін пайдалантын өсімдіктер.

3.Тағамдық заттар беретін өсімдік /консервілеуге/.

4.Мал азығы ретінде пайдалантын өсімдіктер.

5.Көгалдандыру мен безендендіру мақсатында және эрозиядан қорғау үшін пайдалантын өсімдіктер.

6.Өзіндік ерекшелігімен қасиетіне байланысты комплекстік түрде пайдалантын өсімдіктер.

Үрі арша алқабы шығаратын фитонцидтермен үлкен бір қаланың барлық көшелерін микробтарын тазартуға болатындығын анықталған.Жасыл өсімдіктер жер бетіне біркелкі таралмаған, олар түрімен қоры жағынан бір-біріне табиғат белдеулері бойынша ажыратылады. Бүгінде Республика территориясында өсімдіктердің 5 600 түрі өсетіндігі белгілі, оның 758 түрі қазақ топырағында ғана өсетін эндемик өсімдіктер.

Сонымен қатар, өлкемізде сонау ертедегі дәуірлерден бері жойылып кетпей, бізге жеткен, яғни реликті өсімдіктердің көптеген түрлері де өседі. Мәселен, ¬аратауда реликті тобылғасы, Шу-Үлетауында, Жетісу инкавиллиясы өседі.

Қазақстан флорасының 312 түрі ағаштар мен бұталар, олар жинақталып, тоғайлар мен орман алқаптарын құрайды. Республика орман алқаптарының 19%қылқан жапырақтар, 13% жалпақ қылқан жапырақтар,54% сексеулдер,

қалғаны 14% бұталар.Республика территориясында мал азығына жарамды 400 ге жуық өсімдік өскен көк майса шалғынды жайлымдықтар мен шабындықтар да баршылық. Сол сияқты шипалы өсімдіктердің түрлері 500ге таяу.Қазіргі медицина өнеркәсібінде соның тек 30дан астамы ғана пайдаланылады. Дермене, қылша, қырық буын, қара аңыз киік оты, шайқурай сияқты дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс жылдан-жылға артып отыр. Керісінше, Республика территориясында сирек кездесетін өсімдіктердің 306 түрі өсетін болса, оның 20сы жойылып кету қауіпі бар.

Қазіргі кезде өсімдіктердің дүниесінен 20 мыңға жуық түрлі заттар алынады газ балансына ықпал етіп жер үсті және жер асты суларынан деңгейін реттейді, топырақ қабатын түзіп қалыптастырады, оны шайылудан, жел ықпалынан қорғайды.Орман 1 жыл ішінде ауаға 3 тоннаға дейін О2 бөліп шығаратындығы есептелінген. Сол себепті де ормандар планетамыздың ”өкпесі” деп аталуы да тегін емес. Ғалымдар 1 га самырсын орманның 32 тоннадай түрлі шаң-тозаңдарды тұтып қалатындығының анықтаған. Қарағаш терекке қарағанда шаңды 6 есе көп мөлшерде ұстап қалады. Шаң сорғыш мықты қондырғының өзі 97%ке ғана тазарта алады екен.Көптеген орман ағаштары /арша, самырсын, шырша/қарағай, емен, терек ағаштары/ ауаға түрлі зиянды микроорганизмдерді жоятын заттарды фитоциатарды бөліп шығарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет