Өсімдіктер қоры тауысылатын, бірақ қайтадан қалпына келетін табиғи ресурстарға жатады. Қазір планетамыздағы жалпы құрылым территориясының небарі 26 проценті ғана орман алқаптарының еншісіне тиеді



бет3/7
Дата27.04.2020
өлшемі38,38 Kb.
#64907
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
топ коргау реферат
sabaq-kz attachment mzh.-7-zerthanaly-zhmys.-denen-syyta-zhzu-sharttaryn-anytau
2.1. Қазақстандағы өсімдік қоры

Өсімдіктер биосферадағы заттар мен энергия алмасуында басты рөл атқарады. Басқа тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өсімдіктерде түзілетін органикалық заттарға тікелей байланысты. Биосферадағы заттардың биологиялық айналымы өсімдіктер арқылы ғана жүріп отырады. Жер атмосферасындағы оттектің қазіргі мөлшері де жасыл өсімдіктер тіршілігінің жемісі. Сондықтан да жасыл өсімдіктерді бейнелі түрде Жер ғаламшарының "өкпесі" деп атайды. Сонымен бірге өсімдіктердің адам өмірінде де алатын орны ерекше. Әсіресе адам денсаулығы үшін қажетті таза ауаның болуы да жасыл өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесіне тәуелді.Адам күнделікті өзіне қажетті тамағын, киімін және тұрмысына қажетті бұйымдар мен заттарды да өсімдіктерден алады.


Әрбір халықтың өсімдіктерді аялауға және корғай білуге қатысты тарихи дәуірлерде қалыптасқан салт-дәстүрлері, даналық қағидалары бар. Мысалы, наурыз мейрамының негізгі қағидасы табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға арналған. "Атаңнан мал қалғанша тал қалсын", "бір ағаш кессең он ағаш отырғыз" және т.б. нақыл сөздер наурыз мейрамының басты ережесі. Наурыз мейрамы кезінде бұлақтардың көзі ашылып, жағалауына жасыл көшеттер егіледі. Бұл мыңдаған жылдар жалғасып келе жатқан халықтық экология үлгі-өнегелік дәстүр. Тіпті халықтық экологиялық тыйым сөздердің көпшілігі өсімдіктерді аялай білуге арналған. Мысалы, "жалғыз ағашты кеспе", "орманды отама", "орманды өртеме", "құракка орақ салма" "көкті таптама", "көкті жүлма", "бұтақты сындырма", "гүлді жұлма" және т.б. бұлардан басқа өсімдіктерді қорғай білуге арналған қаншама мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, даналық нақыл сөздер бар. "Бабалар еккен шынарды балалары саялайды", "бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір" және т.б. көптеген өсиетті сөздердің әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор.

Қазақстан табиғаты өсімдіктерге де бай. Маман ғалымдардың деректері бойынша елімізде өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның ішіндебалдырлардың 2 мыңнан астам, қыналардың 600-ге жуық, мүктектестердің 500-ге жуық, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6 мыңнан астам жәнесаңырауқұлақтардың 5 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда өсімдіктердің геологиялық замандардан сақталып келе жатқан реликті және дүние жүзінің басқа ешбір аймақтарында өспейтін эндемик түрлері де кездеседі. Қазақстанда мұндай эндемик түрлер 730-дан асады. Тек, Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау жотасындағана осындай 165—170 түрлі эндемик түрлер өседі. Өсімдіктердің мұндай реликті және эндемикті түрлерін сақтап қалудың және қорғаудың ғылыми маңызы зор.

Қазақстандағы өсімдіктер әлемінің жалпы түр санының 84,5%- ын шөптесін өсімдіктер, 15,3%-ын бұталар мен шала бұталар, ал 1,2%- ын ағаштар құрайды. Еліміздің далалы аймағында өсімдіктердің 2000-нан астам түрі өседі, олардың 175-і эндемик түрлер. Шөлейтті, шөлді аймақтарда өсімдіктердің — 2500—2800 түрі өседі, олардың да 210— 215-і энедемик түрлер. Сондай-ак өлкеміздің таулы алқаптарында өсетін өсімдіктердің 3400—3600 түрінің — 540—570 түрі де эндемик өсімдіктер. Өсімдіктер қоры тауысылатын, бірақ қайтадан қалпына келетін табиғи ресурстарға жатады. Қазір планетамыздағы жалпы құрылым территориясының небарі 26 проценті ғана орман алқаптарының еншісіне тиеді. Бұл ағаштарды кесіп, жойып жіберу қиын емес, ал оны қалпына келтіру үшін ұзақ жылдар керек. Ғылыми деректерге қарағанда, отырғызылған балғын шыбықтан бәйтерек ағаш өсуі үшін 100-150жыл керек.

Біздің ормандарымызда жыл сайын 844 млн м3 ағаш қосымша өсіріледі де 460млн га кесіледі.Ағаш қорын сақтау үшін кесілген ағаш жаңа жас ағашпен толықтырылып отыруы керек (әрбір ағаш түбінен есептегенде), ағаш кесу әрбір 80-100 жылда қайталанып отыруы тиіс, өйткені қысқа мерзім ішінде жас ағашты отай беру оның тез арада қалпына келуіне, мүмкіндік бермейді. Кесілген ағаштың 1/3 табиғи жолмен қалпына келеді, ал қалғанын адамдар өз күшімен отырғызуы керек. Өкінішке орай, тәжірибеде ол жүзеге аса бермейді.Мамандардың есебі бойынша, біздің ормандарымыздан жылына 1500 млн м3 дейін ағаш дайындауға болады. Қазіргі кезде оның 1,3 ғана дайындалып жүр, соның өзінде ағаш қоры дұрыс пайдаланбағандықтан орманға үлкен зиян келуде.Кесілген ағашты сақтауда, тасымалдауда өте көп кемшіліктер бар. Олар поезбен, сумен, автотранспортпен тасымалдағанда жолшыбай шашылып, ысырап болады. Орманды сактауда оларды зиянды жәндіктерден корғаудың маңызы зор. Оның механикалық, химиялық, биологиялық жолдары бар. Көгалдар мен жайылымдарды сақтау үшін: 1) жер бетіп лас нәрселерден тазарту керек; 2) топырақ құнарлылығын сактау керек; 3) улы өсімдіктермен тұрақты күресу керек.

Қазақстан орман шаруашылықтары жыл сайын 90 мың гектарга ағаштар отырғызады. Онда табиғи өсімдіктердің бес мыңнан астам түрлері өседі, олардьщ ішінде дүние жүзінде кездеспейтін реликті өсімдіктер де бар. Мысалы, Шарын өзенінің аңғарында өсетін ақ үйеңкі тоғайы планетамыздың басқа түкпірлерінде кездеспейді. Сол сияқты сирек кездесетін реликті өсімдіктср түрлері Бетпакдала, Іле Алатауының бөктерінде бар. Республиканың табиғи өсімдіктерінің 400-ден ас-там түрі қала парктерін, көше бойларын және жекелегсн алаңдарды көріктендіру үшін пайдаланылады.

Өсімдіктердің түр-түрінің көп болуы адамдарға бай-ланысты. Олар өсімдікті қолдан өсіру арқылы оның түрлерін көбейтуге де, дұрыс пайдаланбау нәтижесінде кейбір бағалы өсімдік турлерін жойып жіберуге де мүмкіндігі бар. Мысалы, адамдардың дұрыс карамау нәтижесінде дүние жүзіндегі өсімдіктердің 30 мың түрі жоғалып кетті, казір оның 25 мың түрі құрып кету дәрежесінде түр.

Елімізде өсімдіктің 20 мың түрі болса, оның 5.6 мыннан астамы Қазақстанда өседі. Онын. 760 астам түрі республикамыздың жерінде ғана болатын, басқа жерде кездеспейтін эндемик өсімдіктер, 1500 түрі пайдалы (азықтық, техникалық) өсімдіктер қатарына жатады. 300-ден астамы “Қызыл кітапқа” енгізілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет