Өсімдіктер қоры тауысылатын, бірақ қайтадан қалпына келетін табиғи ресурстарға жатады. Қазір планетамыздағы жалпы құрылым территориясының небарі 26 проценті ғана орман алқаптарының еншісіне тиеді



бет7/7
Дата27.04.2020
өлшемі38,38 Kb.
#64907
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
топ коргау реферат
sabaq-kz attachment mzh.-7-zerthanaly-zhmys.-denen-syyta-zhzu-sharttaryn-anytau
Қорытынды

Өсімдіктер биосферадағы заттар мен энергия алмасуында басты рөл атқарады. Басқа тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өсімдіктерде түзілетін органикалық заттарға тікелей байланысты. Биосферадағы заттардың биологиялық айналымы өсімдіктер арқылы ғана жүріп отырады. Жератмосферасындағы оттектің қазіргі мөлшері де жасыл өсімдіктер тіршілігінің жемісі. Сондықтан да жасыл өсімдіктерді бейнелі түрде Жер ғаламшарының "өкпесі" деп атайды. Сонымен бірге өсімдіктердің адам өмірінде де алатын орны ерекше. Әсіресе адам денсаулығы үшін қажетті таза ауаның болуы да жасыл өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесіне тәуелді.

Адам күнделікті өзіне қажетті тамағын, киімін және тұрмысына қажетті бұйымдар мен заттарды да өсімдіктерден алады. Жер бетінде тек жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрі өседі.Өсімдіктер дүниес і- нағыз тіршілік атауларының тірегі. Ол өлі табиғат пен тірі табиғат аралығындағы дәнекер, яғни органикалық емес заттарды адам мен хайуанаттар қабылдай алатындай етіп, бойына түрлі микроэлементтерді, витаминдерді және басқа тіршілік негізіне қажетті заттарды жинақтайды.Сонымен қатар жасыл өсімдіктердің басты ролі-табиғатты СО2-дан арылтып, оны О2-мен байытып отыруында, яғни ұлы ғалым К.А.Тимирязевтің сөзімен айтқанда О2 фабрикасы міндетін атқарады.

Өсімдіктің міндеті мұнымен ғана шектеліп қоймайды. Олар топырақ құнарлығын арттырып, оны N2-мен байытады, әрі ең бастысы адамның күнделікті өміріне қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырады. Айталық, дастарханда қойылатын нан мен киетін киімге дейін осы өсімдіктің дүниесінен алынады.Бүгінде адам баласы өзінің қажетіне өсімдіктің 2.5 мың түрін пайдаланатын болса, соның мыңға жуығы мәдени түрде өсірілетін өсімдіктер.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Астанин А. П., Благосклонов К.Н. " Охрана природы", Москва "Колос", 1984;

2.Сагимбаев Г.К. "Экология и экономика", Алматы "Каржы-каражат" , 1997;

3. Кормилицин В.И. и др. "Основы экологии", Москва, 1997;

4.Маринченко А.В. "Экология" Москва, 2008;



5. Ливчан И.Ф., Воронов Ю.В. "Охрана окружающей среды" Москва, 1998;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет