Өсімдіктерді химиялық қорғау пәнінің дәрістері



бет3/6
Дата28.09.2023
өлшемі77,29 Kb.
#182858
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Өсімдікті химиялық қорғау дәрістер (копия)
1569256675-TZhB-Kazak-tili-9-synyp, Әлеуметтік зерттеулер – әлеуметтік шынайылық құрылғысы. Қоғамның құрылуын және қабаттарын зерттеу.
Түйіршікті препараттар
Өсімдіктердің зиянкестерімен және арамшөптерге қарсы ұнтақтармен бірге түйіршікті препараттар кеңінен қолданылады. Мұндай препараттар бүркілген өсімдікті басқа да қоспалармен ластамайды. Түйіршікті препараттар көбінесе топырақтағы зиянкестерге қарсы және өсімдіктің алғашқы өскіндерін сорғыш жәндіктерден қорғау үшін қолданылады. Өсімдіктің тамыры арқылы сіңетін жүйелік түйіршікті фунгицидтер де белгілі. Түйіршікті пестицидтерді алудың негізгі жолы дайын түйіршіктерді пестицидтердің ертінділерімен шылқыту немесе пестицид ертінділерінің минералдарымен ұнтақтарын әртүрлі толықтырғыштармен түйіршік жасау. Толықтырғыштар ретінде көбінесе каолин, бентонит және сол сияқты минералдар, ал байланыстырғыштар ретінде синтетикалық шайырлар қолданылады. Түйіршікті препараттар құрамында препараттардың 0,5-20 пайызы, байланыстырғыш заттардың 1-10 пайызын құрайды. Түйіршіктердің көлемі және қаттылығы препараттың қайда жұмсалуына байланысты болады. Әдетте препараттардың түйіршіктерінің көлемі 0,2-1 мм. Соңғы кездері көлемі 0,2 мм түйіршікті препараттар көп қолданылады. Мұндай микротүйіршікті препартардың арамшөптерге, нематодтарға және басқа да зиянды ағзаларға қарсы әсері жоғары. Қаттылығы жоғары препараттардың арамшөптерге әсері төмен, алайда су айдындарындағы шөптерге қарсы қолдану үшін олардың қаттылығы жоғары болуы тиіс. Түйіршікті препараттар шаң тозаңданбайды, тері бетінен және киімнен тез тазартылады сондықтан олардың тиімділіктері де, улылығы да жоғары болып келеді. Толықтырғыштар суперфосфат немесе мочевина болып келетін түйіршікті препараттар аз қолданылады, өйткені тұрақтылығы төмен болып келеді. Зиянды кеміргіштермен күресуде түйіршікті препараттар қоректік заттардың қоспаларымен жасалады. Мұндай заттар көбінесе жем ретінде пестицидтерден, қоректік және байланыстырғыш заттардан тұрады. Микрокапсулалық препараттар
Микрокапсулалық препараттар пестицидтердің әсер етуші затымен қаптамадан тұрады. Мұндай заттар күннің сәулесіне тұрақсыз, тез ыдырағыш келеді. Капсулалардың көлемі 5-100 мкм құрайды. Микрокапсулалық препараттар пестицидттің қолданылатын нысанаға тікелей әсерін баяулату үшін қолданылады. Бұл препараттық формада иісі жағымсыз улы заттар қолданылады. Кейбір препараттар ірі капсулаларда да қолданылады. Мұндай капсулалық препараттар ретінде көбінесе жүйелік инсектицидтер қолданылады. Микрокапсулалау процесі пестицидтердің тамшыларын немесе бөлшектерін пленкалағыш материалдармен қаптаудан тұрады. Пленкалағыш заттарға қойылатын талаптардың бірі олардың суда немесе топырақ ерітіндісінде ерігішінің жоғары болуы. Сол сияқты олардың пестицидтерді ерітпеуі тиіс, өйткені ол пестицидтің сақталу мерзімін төмендетеді. Өндірісте пленкалағыш заттар ретінде табиғи немесе жасанды жоғары және төменгі молекулалық заттар - желатин, желім, агар, әртүрлі мономерлер және т.б. қолданылады. Микрокапсулалық препараттарды алу үшін әртүрлі заттар қолданылады. Олардың негізінде микрокапсулаларды жасаудың химиялық, физикалық-химиялық негіздері қолданылады. Химиялық әдістерге мономерлерді полимерлеу, полконденсациялау, полимер ерітінділерін агенттермен жалғау қолданып, капсуланың ерігіштігін төмендетеді. Физикалық-химиялық әдістерде пестицидтердің тамшыларын немесе дисперті бөлшектерін қаптағанда дисперсті ортада жасалады. Сол сияқты пестицидті қаптағыш заттардың бу фазасында аэрозольді бөлшектерге айналдырып, ары қарай конденсациялап, буды бөлшектерге айналдырады. Микрокапсулалық пестицидтер тиімділігі жоғары болса да, олардың өндірісі қаптағыш заттардың арзандылығына байланысты. Судағы және органикалық еріткіштердегі ерітінділер
Судағы ерігіштігі жоғары пестицидтер ерітінді ретінде қолданылады. Көбінесе, гербицидтердің ішінде фосфор, карбон және сульфон қышқылдары, суда ерігіш феноляттар ерітінді ретінде қолданылады. Ұрықтарды өңдеуде формалиннің, органикалық негіздердің тұздарын, өсімдіктің өсуін реттегіш заттар ерітінді ретінде қолданылады. Ұнтақ улағыш препараттарға қарағанда фунгицидтердің сулы ертінділерімен себетін ұрықтарды бүрку тиімді. Өйткені, олардың жұмсау мөлшері төмен. Әсіресе, кейбір дақылдар (сұлы) үшін тиімді. Мысалы, кольфуго-супер, 20% с.е. (карбендазим) препаратының 1,5-2,0 л/т мөлшері 10 л суда ерітіліп 1 тонна бидай немесе арпа дәнін алдын ала улауға жұмсалады. Көлемді улау кезінде жартылай құрғақ улағыш фунгицидтер пайдаланылады. Пестицидтердің органикалық еріткіштердегі ерітінділері кеңінен пайдаланылады. Мысалы, дивиденд стар, 036, т.к.с. (дифеноконазол, 92 г/л + мефеноксам, 23 г/л), дуплет, 37% в.с.к. (карбендазим, 20% + карбоксин, 17%). Мұндай ерітінділер көлемі аз бүркігіш қондырғыларға арналған. Пестицидтердің органиникалық ерітінделері зиянкес жәндіктерге – адам және жануарлардың паразиттеріне қарсы, бейметалл заттарды қорғау үшін, қандала және қансорғыш жәндіктерді үркіту үшін қолданылады. Осындай заттар көмегімен бөлмелерді дезинфекциялау және дезинсекциялау жұмыстары жүргізіледі. Пестицидтерге ерітінді таңдау кезінде препараттың ерігіштігі ғана емес, еріткішпен алынатын ерітіндінің қасиеттері ескеріледі. Жасыл өсімдіктерді өңдеуге арналған пестицидтер үшін олардың фитоцидтік қасиеттері бар. Мұндай жағдайда өсімдік жапырағын күйдірмейтін еріткіштер таңдап алынады. Егер ерітінділер жабық бөлмелерді бүркуге арналмаған болса, олардың адамға, үй жануарларына улылығын ескерген жөн. Пестицидтердің өртену қауіпсіздігін барлық жағдайда, тіпті ұшақпен бүрку кезінде ескеру қажет. Еріткіштерді таңдауда олардың басқа пестицидтермен химиялық әрекеттесу қасиеттерін де ескереді. Пестицидтердің ерітінділерін жасауда көбінесе мұнай көмірсутектері, ароматсыз керосиндер, уайт-спирит, минералды майлар, дизельді жанармайлар пайланылады. Тұрмыста аэрозольды баллондар үшін еріткіш және диспергаторлар ретінде фреондар немесе олардың қоспалары қолданылады. Кей жағдайларда еріткіштердің қосындалары пайдаланылады. Мысалы, пестицидтің арзан еріткіштегі ерігіштігін жоғарылату үшін препаратқа жақсы еритін қымбат еріткіштер қосылады. Мұндай ертікіштер екіара еріткіштер деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет