Өскелең ұрпақ тәрбиесінің негізі "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы



Дата25.08.2017
өлшемі52.73 Kb.
Өскелең ұрпақ тәрбиесінің негізі - "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев патриотизмді ұлттық идея деп жария етті. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы жағдайында патриоттық тәрбиенің негізі ретінде инновацияларға қабілеттілік, өзінің өмірі мен қызметін басқару, отбасы мен отбасылық қарым-қатынас құндылығын түсіну, өз халқының, мемлекетінің тарихы мен салт-дәстүрлеріне құрмет, Отанға деген махаббат пен оны қорғауға дайындық сияқты азамматық қасиеттерге тәрбиелеуді негіз ретінде алу қажет.

Патриотизм мағыналы құндылықтардың бірі ретінде мемлекеттік ғимараттың іргетасы, оның өркендеу қабілетінің идеологиялық негізі болып табылады. Қазіргі таңда жастарды патриоттық тәрбиелеу мәселесі өзекті. Қазақстандық экономиканың нарықтық қарым-қатынасқа көшуі рухани-адамгершілік құндылықтарын қараумен сүйемелденеді.

Оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу - жақын адамдарға, мектепке, туған үйге, көшеге, қалаға және елге деген махаббатқа тәрбиелеуден тұратын адамгершілікке тәрбиелеу міндеттерінің бірі.

Біздің халқымыздың көп ғасырлық тарихы патриотизмсіз мықты мемлекет құру және адамдарға олардың азаматтық борышы мен заңды құрметтеу түсінігін ұғындыру мүмкін емес екендігін дәлелдеді. Сондықтан да, патриоттық тәрбие әрдайым елдің рухани, саяси және экономикалық қайта дамуының, мемлекеттік тұтастық пен қаупсіздіктің көзі мен құралы болып табылады.

Патриотизм адамның қылықтары мен қызметінен көрінеді. Патриоттық сезім өзінің кішкентай Отанына деген махаббаттан туындап, өз кемелдігінің жолында бірқатар кезеңдерден өтіп, жалпымемлекеттік патриоттық сана-сезімге, өз Отанына деген махаббатқа дейін көтеріледі. Патриотизм әрқашанда нақты, шынайы объектілерге бағытталған. Патриотизмнің қызметтік жағы анықтаушы болып табылады, атап айтқанда, ол нақты Отан мен мемлекетке қажет істер мен іс-қимылдарға сезім бастамаларын қайта құруға қабілетті.

Патриотизм оқушылардың оқуы мен тәрбиесінің үдерісінде қалыптасады. Оқушылардың патриоттық тәрбиесі әртүрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысу арқылы жүзеге асырылады.

Мектепте патриоттық тәрбиелеу мәселесі әрқашан өзекті болды.

Педагогикалық білімнің көптеген теоретиктері патриоттық тәрбиеге мектепте оқытылатын әдебиет, орыс тілі, қоғамтану, тарих сияқты пәндерге үлкен мән береді. Бірақ, мен технология сабағында да оқушыларды халықтық рухта, патриотизмде, интернационализмде тәрбиелеуге болады деп санаймын.

Біз, технология пәнінің мұғалімдері Президент жария еткен "Мәңгілік Ел" бағдарламасын жүзеге асыруымыз, қазақ халқының ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан аумағында тұратын халықтардың шебер-қолданбалы өнермен өскелең ұрпақты таныстыруымыз керек. Өз халқы үшін патриотизм сезімін тәрбиелеу.

Қазақ халқының шебер-қолданбалы өнер дәстүрлерін тарихпен бірге оқыту этно-менталитет негізі мен ұлттық өзіндік ұқсастықты құрайтын білім синтезін береді.

Оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеуге септігін тигізетін қосымша материалдар пайдаланылатын сабақтар қызықты, жанды өтетіндігін көп жылғы жұмыс тәжірибесі көрсетті. Тек қана мұғалімнің әңгімелеуі міндетті емес. Оқушының өзі де өмірден мысал келтірумен материалды ұсыну қажет. Қазіргі таңда оқушыларға сабақ үстінде және сыныптан тыс іс-шараларда адамгершілік, ізгілік, өмір мәні, патриотизм, адамның жер бетіндегі міндеті, шынайы және жалған құндылықтар туралы ойлар жетіспейді, осыдан міне, адамзат өмірі мен қызметінің барлық саласына әсерін тигізетін "біздің еліміздің әдептілік күйзелісі" туындайды. Сол себепті, әрбір мұғалімнің тәрбиелі және білімді тұлға қалыптастыру үшін тәрбие жұмысына назар аударуы, өз пәнінің әлеуеті арқылы толық үлесін қосуы маңызды.

Осы мәселенің жұмыс талдауы тәрбие мәселелерін шешуде технология пәнінің әлеуеті жоғары екендігін көрсетті, сонымен қатар, пәннің тәрбие саласындағы бағыттарының ауқымы өте кең. Егер мұғалім сабақ үстінде өз пәнінің тәрбие және дамыту әлеуетін ұтымды ашса және пайдаланса, оқушыларда оларға қажет барлық құзыреттіліктер қалыптасады. Технология пәні оқыту пәні ретінде үлкен тәрбие әлеуетіне ие. Әрбір сабақ үстінде патриоттық тәрбиелеуді жүзеге асыруға болады. Бұл ұзақ және тынымсыз еңбек болашақта біздің еліміздің мықты дамуы және гүлденуімен ақталады.

Адам ең жоғары қызмет деңгейін шығармашылықтан алады деп саналады. Шығармашылық қызмет тұлғаны рухани және материалдық құндылықтар тұтынушысының сатысынан оны жасаушы сатысына дейін көтереді. Шығармашылық арқылы өз Отанына деген махаббат, оның тарихы мен мәдениетіне құрмет, туған өлкесінің табиғатына аяушылық, қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне мақтаныш сезімі дамиды.



Өз Отанының азаматы мен патриоты болу, белсенді азаматтық көзқарасының болуын, өз құқықтарын сауатты қолдануын, өз міндеттерін адал атқаруын, өз өмірін лайықты деңгейде ұстау үшін еңбекқор болуы және сенің көмегің қажет адамдарға қол үшін беруін, өз елінің өткені, бүгіні және болашағы үшін өз жаупкершілігі мен ортақтастығын сезінуін білдіреді.
"Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы балалар мен жастарды әлеуметтік жауапкершілікке, қазақстан қоғамының игілігі үшін еңбек дайындығы мен бірлесу сезімін тәрбиелеуге бағытталған.

Тарих немесе музыка болсын, қандай пәннен сабақ беруін маңызды емес, бастысы оқушыны патриотизм, жауапкершілік, адамгершілік және махаббат сезіміне үйрету. Мен технология пәнінен сабақ беремін, өз жұмысымда кәсіптік бағдарға аса назар аударамын.

Қазіргі таңда әрбір үшінші жасөспірім қандай мамандық түрін таңдау керек екендігі жөнінде түснігі болмай мектепті бітіреді. Сол себепті, мектепте кәсіптік бағдар жұмысының мәні: жасөспірімнің өздігінен жоспарлаудың іштей дайындығы және өзінің кәсіби жоспарларын, қызуғышылықтарын түзету мен жүзеге асыруды біртіндеп қалыптастыру болып табылады. Атап айтқанда, мектепте тұлғаның эмоционалды, әлеуметтік және психологиялық қалыптасуын ескере отырып, мен оқыту үдерісінің барысында оқушылардың мамандық таңдауға психологиялық дайындығын қалыптастыру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланамын. Қазіргі кезеңде мектеп рөлі еңбек нарығында жастардың дұрыс бағдар алуынан, өздерін кәсіби маман және тұлға ретінде қалыптастыруға қажет білім алуынан тұрады. Кәсіптік бағдар оқу-тәрбие үдерісі арқылы оқушылармен сабақтан және мектептен тыс жүзеге асырылады.

Өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесі туралы айта келе, жастарға жақсы тәрбие беріп, дұрыс бағдар көрсетуді ерекше атап өту қажет. Бүгін біз жастарға дұрыс тәрбие берсек, ертең тиісті нәтижесін көреміз. Патриоттарды, іскери және дені сау адамдарды тәрбиелесек, зайырлы және тұрақты елдің дамуына сенімді бола аламыз.



Елбасының көтерген идеялары жү­зеге асырылса, еліміздің іргесі нық бекіп, келешек көкжиегіне талмай жетеріміз анық. Ол үшін бүкіл халық жұдырықтай жұмылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ортақ мақсат үшін тынбай еңбек етуі керек. 

Әдебиеттер тізімі:

1.     Президенттің үндеулері мен сөз сөйлеулері "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері".  

2.     "Мәңгілік Ел" Оқулық. М.Б. Қасымбеков, С.Ж. Пралиев, К.К.Жампеисова и т.б. – Алматы: Ұлағат, 2015



3. Қазақстанның педагогикалық ойларының антологиясы. 2-бөлім. Құрастырушылар: К.Жарыкбаев, С.Калиев. – Алматы: Рауан, 1998.
Каталог: uploads -> doc -> 020c
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
020c -> Сабақтың тақырыбы: Ғажайыптар әлемі. Сабақтың мақсаты
020c -> Қасым Рахымжанұлы Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Қызыл ауылында туған. Әкесінен бес жасында айрылған болашақ ақын ауылда қозы бағып, отын-су, шөп тасумен бірге мал күзетеді
020c -> Әкеніздің әкесі сізге кім болатынын көрсетіңіз Ата


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет