Основы фармакологии



бет4/4
Дата20.12.2023
өлшемі1,47 Mb.
#198118
1   2   3   4
Байланысты:
Фармакология
ОФТ.docx 75 рецепт

Раздел 3.
Доля от общей оценки
35
Индекс подобия
0% (интернет-источники: 0%, другие работы: 0%)
Оценка
95
Апелляция
-

Жартылай шығарылу кезеңі - дегеніміз дәрілік заттың элиминациясының жылдамдығын бағалау үшін қолданылатын фармакокинетикалық параметр, препараттың ағзадағы концентрациясы 50 пайызға төмендейтін уақыт. Көбінесе бүйректен метаболиттер - глюкуронидтер мен сульфаттар түрінде,3 пайыз өзгермеген күйде шығарылады. Т1/2 ұзақ болған сайын, дәрілік зат ағзадан соншалықты баяу элиминацияланады. Егде жастағы пациенттерде препарат клиренсінің төмендеуі, Т1/2 ұлғаюы байқалады. Кейбәр дәрі- дәрмектерде жартылай шығарылу кезеңі өте қысқа. Екі қарапайым аспирин немесе ибупрофен таблеткалары үшін шамамен 4 сағатты құрайды. Бірақ кейбір стереоид емес қабынуға қарсы препараттар мысалы, пироксикам үшін 24 сағатты құрайды. Бұлшықетке енгізілген алтын препаратының ( ревматоидты артриттің терапиясына арналған) жартылай шығарылу кезеңі 3-4 айды құрайды.


Мысалы, гентамицин үшін соңғы Т1/2 53 сағатқа тең, ал II қосымшада 2-3 сағат келтірілген, өте ұзақ соңғы Т1/2 индометацин үшін (120сағат) препараттың белсенді ішек-бауыр айналымен байланысты болады (II қосымшада 2,4 сағат келтірілген). Т1/2 -нің белгілі бір кезең үшін клиникалық маңыздылығы заттың организмнен қандай үлесі шығарылатынына және осы кезеңдегі таралу көлеміне, сондай-ақ қандай көрсеткіштердің - препарттардың сарысулық концентрациясы немесе оның организмдегі жалпы құрамы фармокологиялық әсерлермен жақсы байланысты екендігіне байланысты.
Препараттардың организмде болу уақытын сипаттайтын жартылай шығару кезеңі жас балаларда ересектерге қарағанда 2-3 есе жоғары болып келеді. Организмнен дәрі-дәрмектердің шығарылуы бүйрек қатысумен орын алады. Жаңа туылған нәрестеде зәр шығару жүйесі жеткілікті дамымығандықтан, оларда дәрі-дәрмектің шығарылуы балалар мен ересектерден баяу жүреді. Осы жағдай дозаны таңдаған кезде ескерілуі тиіс.
Тематика Раздел 1.
Доля от общей оценки 30
Индекс подобия 6% (интернет-источники: 6%, другие работы: 0%)
Оценка 90

Бензодиазепин қатарындағы препараттардың ұйықтатқыш әсері негізінен, олардың ұйқы мен ұйқының циклдік өзгеруін қамтамасыз ететін лимбиялық жүйеге (гиппокамп) және ми жүйесі мен ми қыртысының белсенді ретикулярлық құрылымына әсер етуімен байланысты.Бензодиазепиндердің әсерінің механизмі олардың арнайы бензодиазепиндік рецепторлармен әрекеттеседі.Ол рецепторлар ГАМҚ-рецептор макромолекулярлы комплексіне кіреді және бұл рецепторлар бензодиазепиндерге, барбитураттарға және де хлор ионофорына сезімтал.Бензодиазепиндер арнайы рецептормен аллостерлік әсері нәтижесінде ГАМҚ тежегіштік әсерді күшейтеді. Хлор ионофоларының жиі ашылуы орын алады. Осы жағдайда нейрондарға хлор иондарының түсуі артады,бұл ингибиторлық постсинапстық потенциалдың жоғарылауына алып келеді.


Адам миынан g-аминобутир қышқылының рецепторларымен тығыз байланысты бензодиазепин рецепторлары табылған. ГАМҚ- әмбебап тежегіш нейромедиатор, ол өз функцияларын нейронның мембранасында хлор ионына арналған арналарды ашу арқылы жүзеге асырады. Бензодиазепин рецепторларының тітіркенуі ГАМҚ-рецепторларын белсендіріп, хлорлы канладардың ашылуы мен орталық жүйке жүйесінің нейрондары тежелуіне ықпал етеді. Бензодиазепиндер ОЖЖ-нің барлық деңгейіндегі ГАМҚ-лық тежелуді күшейтеді.
Бензодиазепин туындыларына жататын препараттар:Нитразепам,Лоразепам, Нозепам, Темазепам,Диазепам, Феназепам, Флуразепам. Фармакологиялық әсерлері: анксиолитикалық, ұйықтатқыш, седативті, эпилепсияға қарсы және де бұлшықет-босаңсытушы белсенділіктерге ие.
Тематика Раздел 2.
Доля от общей оценки 35
Индекс подобия 0% (интернет-источники: 0%, другие работы: 0%)
Оценка 98

Дерматологияда пиодермия, яғни терінің іріңдік жарасы кезінде алмаз (бриллианттық) жасылын қолданады. Алмаз жасылының әсер ету механизмі жасушалық ферментативті процесстерді тежейтін қиын еритін кешендердің пайда болуымен байланысты. Препарат антисептиктердің бояғыштар санатына жатады. Бұл препараттар тобы антисептикалық және де химиотерапиялық дәрілік заттардың арасындағы орынды алады. Себебі, олар грамм оң бактерияларға айтарлықтай әсер етеді, сондай-ақ уыттылығы адам үшін төмен болып келеді. Химиялық құрылымы бойынша Алмаз жасылы трифенилметан туындыларына жатады, бояғыштардың ішіндегі ең белсендісі болып саналады. Осы антисептиктің сулық және спирттік ерітінділері жараларды өңдеу үшін қолданылады.


Пиодермияның беткі формаларын жергілікті емдеу үшін алкоголь ерітінділері, анилин бояғыштары,антисептикалық және микробқа қарсы препараттар қолданылады.Антисептик ретінде хлоргексидин, диоксидин, эвкалипт жапырақтары сығындысы, микроцид, повидон-йод қолданылады; аэрозольдер сыртқы емдеу үшін де тиімді, себебі, бетіне біркелкі жағылады,теріге тез енеді (триамцинолон, гидрокортизон, окситетрациклин, лифузол, декспантенол).
Тематика Раздел 3.
Доля от общей оценки 35
Индекс подобия 0% (интернет-источники: 0%, другие работы: 0%)
Оценка 90

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет