Осөж тақырыбы: Мехатроника мен робототехника – еліміздегі дамуы. Мамандығы



Дата18.10.2022
өлшемі88,5 Kb.
#153730
Байланысты:
робототехника осөж 5 апта
ЖҚТБ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Физика – математика факультеті
Физика кафедрасы



ОСӨЖ
Тақырыбы: Мехатроника мен робототехника – еліміздегі дамуы.
Мамандығы: 6B05301- Физика
Пәні:Робототехника және мехатроника



Орындаған: Серікбай.А.Т 4ФКО
Тексерген :Таскалиев.А.К


Ақтөбе қаласы
2022 жж
Мехатроника мен робототехника – еліміздегі дамуы.

Робототехника-бұл роботтар, протездер, медициналық аспаптар және электромобильдер сияқты жоғары технологиялық және күрделі жүйелерді жобалау және өндіру үшін механикалық, электрлік, компьютерлік және жүйелік инженерияны біріктіретін пәнаралық техника саласы. Қазіргі уақытта робототехника сұраныс пен ұсынысқа негізделген қарқынды дамудың шегінде. Ұсыныстың қозғаушы күші-датчиктердің, есептеуіш құрылғылар мен атқарушы тетіктердің әр түрлі түрлерінің құнын төмендету және қол жетімділігін арттыру. Сұраныс қорғаныс және қауіпсіздік, денсаулық сақтау, автоматтандыру, жеке өндіріс және интерактивті ойын-сауық саласындағы ұлттық қажеттіліктерге негізделген. Сондықтан, өнеркәсіпте және қоғамның басқа да салаларында заманауи робототехникалық және мехатрондық жүйелерді жобалау, енгізу және жұмыс істеуге қабілетті инженерлерді мамандандырылған университеттік бағдарламаларында даярлаудың қажеттілігі бар. "Робототехника" бағдарламасының студенттері теориялық концепцияларды түсінуге, сондай-ақ кафедраның оқу-зерттеу зертханаларында кең тәжірибелік жұмыс тәжірибесіне негізделген дағдыларды игереді.


Бағдарлама роботтехникасы бойынша оқытатын еліміздегі алғашқы бағдарлама болып табылады. Бұл сондай-ақ әлемдегі робототехникасы және мехатроника саласындағы алғашқы бағдарламалардың бірі. Бағдарлама жас инженерлерді әртүрлі өндірістегі соңғы интеллектуалды робототехникасы және мехатроникалық жүйелермен жұмыс істеуге, жергілікті робототехникасы және мехатроникалық компанияларды құруға және оларды шығару жұмыстарына дайындауға үйретеді.
-Қазақстан үшін робототехника өте жас сала. Мысалы, Жапония, АҚШ, Германия сияқты робототехника саласындағы жетік елдер сондай биік дәрежедегі өндіріске ондаған жылдар бойы тынымсыз еңбектеніп жетті. Қазірге кезде жоғарыда айтылып кеткен елдерде, робототехника саласы қарқынды дамып келеді және де сол елдердегі робототехника саласы Қазақстандағы робототехниканы 10-20 жылға озып отыр. Германияның Kuka AG, Жапонияның Kawasaki Robotics индустриялды роботтарды шығаратын компаниялары соған мысал. Егерде, біз сондай елдерді жетіп алғымыз келсе не болмаса олармен пара пар болғымыз келсе, Қазақстандағы робототехника саласындағы әр адам сол елдердегі ғалымдармен салыстырғанда бірнеше есе көбірек жұмыс істеп, тынымсыз еңбектену керек. Сонда ғана Қазақстандағы робототехника саласы белгілі бір жетістіктерге жетіп, өзіміздің индустриялды роботтарды шығара алатын зауыттарды құра аламыз. Әрине, бұл мақсатқа жету өте қиын, бірақ жүзеге асырылмайтын іс деп ойламаймын. Ең бастысы шын ниетпен еңбектенсек, алдымызға қойған мақсатымызға жетеміз.
Әрбір мемлекеттің экономикалық дамуы сол мемлекеттің машина жасау саласының дамуына тығыз байланысты. Машина жасау саласы дамыған мемлекеттің экономикалық дамуы да жоғары болады. Оған мысал, әлемде экономикасы дамыған алпауыт мемлекеттердің бірі – Германия. Қазіргі кезеңде Германияның Фраунгофер орталығының бастауымен дүние жүзінде сандық технологияларға, робототехникаға, 3D принтингке негізделген 4.0 Индустрия революциясы өтуде.
Машина жасау саласының теориялық негізі болып машиналар және механизмдер теориясы ғылымы болып табылады. Академик Жолдасбеков – осы машиналар және механизмдер теориясын Қазақстанда қалыптастырып дамытқан ғұлама ғалым. Машиналар және механизмдер теориясы ғылымының негізгі мақсаты механизмдер мен машиналардың құрылымдық, кинематикалық, динамикалық талдауы мен синтезі болса, қазіргі машиналардың электроникамен, басқару жүйелерімен жетілдіруіне байланысты осы ғылымның «өрісі» кеңейіп, ол әлемде қарқынды дамып келе жатқан алдыңғы қатарлы мехатроника және робототехника ғылымдарымен жалғасып жатыр.
Қазіргі кезде автоматты түрде басқарылатын қондырғылардың бәрі робот деп аталып жүр, мысалы, робот-ойыншықтар, робот-шаңсорғыш және тағы басқалар. Негізінде роботтың өндіріске қажетті функцияларын орындайтын механизмі немесе манипуляторы болуы қажет. Американың Роботтар Институты (RIA) анықтамасы бойынша робот дегеніміз программаланған көп функциялы манипулятор, яғни роботтың негізгі бөлімі оның манипуляторы немесе механизмі болып табылады.
Өндірісте қолданып жүрген роботтар негізінен сериялық манипуляторлардан тұрады. Сериялық манипуляторлардың құрылымы адам қолының құрылымына ұқсас болғандықтан олардың жүк көтергіштігі, динамикасы нашар болады. Сондықтан дүниежүзілік робототехника саласында соңғы уақытта роботтардың манипуляторларына яғни механикасына көп көңіл бөлінуде.
Қазақстанда Жапонияда сияқты алуан түрлі роботтар жасалмаса да, Қазақстан ғалымдарының халықаралық робототехника деңгейінде өз орны бар. Ол – параллель роботтар. Паралелль роботтардың құрылымы тұйық кинематикалық тізбекті манипуляторлардан тұрғандықтан олардың сериялық манипуляторларға қарағанда жүк көтергіштігі мен позициялау дәлділігі өте жоғары. Сондықтан параллель роботтарды тау-кен, металлургия, аэроғарыш өндірістерінде кеңінен пайдалануға болады
Осы параллель роботтарды зерттеу халықаралық деңгейде жақында қолға алынып жатса, академик Жолдасбеков параллель роботтардың негізі болып табылатын жоғары класты механизмдерді зерттеуді өткен ғасырдың алпысыншы жылдары М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінде дәріс алып жүргенде IFToMM президенті академик И.И. Артоболевскийдің ғылыми жетекшілігімен бастаған болатын. Осы ғылыми бастаманы Өмірбек Арыстанұлы қазақ еліне кеңінен таратып, қажымас және екпінді мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарымен ұштастыра отырып, өз шәкірттерімен бірге жазық және кеңістік жоғары класты механизмдер теорияларын құрды, жүздеген ғылым кандидаттары мен докторларын даярлады, отандық және шетелдік патенттермен қорғалған теңдесі жоқ параллель манипуляторлардың жаңа түрлерін жасады. Яғни, академик Жолдасбеков еңбектері – параллель роботтардың қайнар бүлағы.
Бұл күндері Өмірбек ағаның ғылыми мектебі өзі көп жылдар бойы ректорлық қызмет атқарып, еңселі қабырғасын көтерген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жалғасын табуда. Университетте «Сандық технологиялар және робототехника» ғылыми-білім беру орталығы ашылып, «Робототехника жүйелері» мамандығы бойынша бакалавриат, магистратура, докторантурада көптеген студенттер дәріс алуда, Ұстаз жолын жалғастыруда. Ғылыми-білім беру орталығының негізгі ғылыми бағдарламасы – параллель роботтарды зерттеу және оларды RoboMech класты параллель манипуляторларда, жасалып жатқан «Ai-Gerim» әлеуметтік гуманоид роботында, интелектуалды электрлі көліктерде қолдану.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет