Қоспалары: Каолиндер жəне саз-балшықтар



бет3/3
Дата11.10.2023
өлшемі24,55 Kb.
#184726
1   2   3
Байланысты:
Документ материал
Философия СРС 1
1. Иленгіштігі. Саз сумен араластырғанда иленгіш қамырға айналады. Иленгіштік деп – саздың қамыр күйінде сыртқы күштің əсерінен керек форманы ажырамай (үзіліссіз), шытынамай (қуыссыз)қабылдап, оны кептірген жəне күйдіргеннен кейін сақтау қасиетін атайды.
2. Шөгуі (тығыздануы немесе бұйымның отырғыштығы) деп – қамырды (бұйымды) ауада кептіріп, отта күйдіргенде оның сызық өлшемдері мен көлемінің кішіреюін айтады. Отырғыштық – бұйымның алғашқы өлшемдерінен, процент арқылы анықталынады. Бұйымның шөгуі – қамырды кептіргенде ылғал (су) бөлініп, ал күйдіргенде – оның балқығыш құрамы басқа балқымайтын бөлшектерді өзіне тартуы əсерінен пайда болады.
3. Пісуі деп – күйдіргенде саздың тығыздығы өсіп тас тəрізді денеге айналуын айтады.
Балшықтардың бірінші түрі көбінесе фарфор, фаянс жəне отқа төзімді бұйымдар алу үшін пайдаланылады. Екінші түрі – едендік тас, канализациялық құбырлар мен осыларға құрамы ұқсас бұйымдар өндірісінде қолданылады. Үшінші түрі – кəдімгі кірпіш, черепица, т.б. бұйымдар өндіру үшін пайдаланылады.
Осы келтірілген түрлі балшықтардың сипаттамасына байланысты, пісу интервалы да əртүрлі. Мысалы, оңай балқитын балшықтардың пісу интервалы 50-100оС аралығында, ал отқа төзімді балшықтардікі – 400оС.
6-слайд
Қабырғалық керамикалық бұйымдар. Бұлардың маңызы зор, өйткені олар құрылыста қолданылатын барлық қабырғалық бұйымдардың тең жартысы. Көп тараған түрлеріне мыналар жатады: кəдімгі күйдірілген кірпіш, тиімді қабырғалық бұйымдар, қуысты керамикалық тастар, кірпіштен не керамикалық тастардан құралған іріпанельдер.
Тиімді қабырғалық керамикалық бұйымдар.
Кəдімгі керамикалық кірпіштіңжылуөткізгіштігі жоғары, осының салдарынан сыртқы қабырға қалың – 2 немесе 2,5 кірпіш, яғни 52 немесе 64 см болып істелінеді. Бірақ, мұндай жуан қабырғаның жоғарыдан түскен күшке кедергісі өте көп, пайдаланылмай қалады, салмағы да ауыр. Сондықтан оның орнына беріктігі жоғары, бірақ жылу өткізгішті төмен бұйымдарды пайдаланған жөн. Бұл жағдайда қабырға қалыңдығы жұқарады. Осындай бұйымдарға қуыс кірпіш, қуыс керамикалық тастар жəне диатомит пен трепельден өндірілген кірпіш пен тастар жатады.
7-слайд
Тыстаулық (өңдеулік) керамикалық бұйымдар. Бұлар: сыртқы (фасад-қасбет) жəне ішкі тыстамалы бұйымдар деп бөлінеді.

  1. Қасбеттік тыстамалы бұйымдар. Олар қабырға панельдерінің, цокол блоктарының қасбетті жағын, лоджияларды өңдеуге жəне үйдің қабырғасын панолау (əшекейлеп сурет салу) үшін пайдаланылады.

  2. Ішкі өңдеулік бұйымдар. Бұлар: қабырғалық жəне едендік болып екі түрге бөлінеді. Ішкі қабырғалық тыстаулық плиткалар көбінесе ылғалдылығы жоғары жайларды (монша, ванна, дəретхана, кір жуатын үй, (лабораториялар, т.б.) өңдеу үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет