Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қазақ және орыс филологиясы факультеті



бет6/6
Дата03.07.2020
өлшемі28,73 Kb.
#74863
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Абай шығырмашылығындағы эстетикалық көзқарас
1. Дидактикалық материалдар. Қосымша 2. Нұсқа 2., диалектология готов, Айтыс мақала
Әдебиет эстетикасы

Абайдың ең көп көңіл бөлінген, ең көп талқыланған және ең маңызды тарауы - әдебиет пен өнер эстетикасы. Абай ақын болғандықтан өлеңнің сапасына, сөздің мазмұны мен көркемдік құдіретіне қатты назар аударған. Екі өлеңнің бірінде сөздің бағасын көтеруді ыждағаттағанын кездестіреміз. Сонда да кейбір өлеңдері ерекше орын алды. Мұхтар Әуезовтың тілімен айтқанда бұлары - бағдарламалық өлеңдер. Солардың ішінде атақты әрі мазмұны жағынан бай да көлемдісі «Өлең - сөздің патшасы, сез сарасы».

“ «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,


Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сезбен былғанса, сез арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бүл жұрттың сөз танымас бір парасы...»”

Бұл елеңнің бағдарламасын үшке бөлуге болады. Біріншіден, өлеңнің езінің көркемдік сапасы, дәрежесі. Екіншіден, ақындарға өлеңнің мазмұны, оқиғасы жайында қойылатын талап. Үшіншіден, тыңдаушы қауымды өзгертудің, тәрбиелеудің қажеті, жұрттың өлеңді жаңаша түсінуі жайында. Ақынның «Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол», «Алыстан сермеп...», «Мен жазбаймын елеңді ермек үшін...», «Өзгеге, көңлім тоярсың...», «Талай сез бұдан бұрын кеп айтқанмын...», «Өлсе елер табиғат, адам өлмес...», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңдері де бағдарламалық өлеңдері қатарынан орын алады. Неміс ғылымдары Лессинг пен Гегель, орыс ойшылдары Белинский мен Чернышевский сияқты Абай да әдебиетті, сөз өнерін, әсіресе, поэзияны енердің алды деп санайды. Ой мен сезімді сөзден артық ештеңе жеткізе алмайды деп бағалайды. «Алыстан сермеп» өлеңіндегі «Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас...» деген жолдар сөз енері құдіретін аспандата түспей ме? Абай өлең енерін жоғары бағалаған: «Өзгеге, көңлім тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың? Оны айтқанда толғанып, Іштегі дертті жоярсың. Сайра да зарла қызыл тіл, Қара көңлім оянсын...»- деп, өлеңсіз өмірдің мәні жоқ екенін жырға қосады. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ - барды, ертегіні термек үшін, Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін...» - деп, өлеңді ермек үшін жазбайтынын, онда жастарға деген үлгі-өнеге, ақыл-кеңес, өсиет бар екенін ұғындырады. Жақсы ән мен тәтті күйдің кісіге беретін ләззатының айрықша екенін, ләззат беріп қана қоймай, түрлі ойларға жетелеп, арманыңа қанат бітіретінін де: «Құлақтан кіріп, бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй...» - деген өлең жолдарымен көңілге ұялатады. Сөйтіп, оқушысын ән-күй өнеріндегі сұлулықты сезіне білуге, оның ләззатынан құр қалмауға меңзейді. Міне, бүл өлең жолдарынан Абайдың музыка өнері туралы түсініктерінің, оның жалпы эстетик. көзқарастарымен үндес келетінін көреміз. Зейін қойып, мән беріп оқыған кісіге Абайдың әрбір өлеңінен, әрбір сезінен эстетик. мазмұн аңғарылады[3, 621 б].

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Ә.Ш. Әлімжанова, Т.Х. Ғабитов. Өнер - өзін-өзі танудың қайнар көзі. Алматы: 2011; 168 бет

2)Қазақ совет энциклопедиясы 12 том; Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы. Алматы: 1978; 598 бет.

3) Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-91995. – 720 бет.

4) Абай. Шығармаларының екі томдық жинағы. – Алматы: «Жазушы», 1995, 1 – том., 336 б.



5)Абай эстетикасы және Ислам. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2007, -152 бет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет