Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет5/70
Дата03.06.2022
өлшемі1,35 Mb.
#145881
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы
Отбасы құқығы, слайд менің арманым маман, 9-10 сын олимп тапсырма, 1 тапсырма Тест 8 сынып 8.11.21ж, 269129
Сексуалды-эротикалық қызмет. 
Дара әрі қайталанбас тұлға ретіндегі 
тұрақты серіктеспен таңдамалы, тұрақты сексуалды қатынастар ғана 
серіктестердің толық сексуалды үйлесімінеқол жеткізуді қамтамасыз етеді.
-
Рухани қарым-қатынас қызметі –
отбасы мүшелерінің рухани дамуын 
көздейді; ақпаратпен алмасу; тұлға үшін аса маңызды әлеуметтік-саяси, кәсіби, 
қоғамдық өмір мәселелерін талқылау; әдеби және көркем шығармалар, музыка 
контексінде 
қарым-қатынас; 
отбасы 
мүшелерінің 
тұлғалық 
және 
интеллектуалды өсуіне жағдай жасау.
 
-
Эмоциялық қолдау және қабылдау қызметі немесе психотерапиялық 
қызмет 
қауіпсіздік сезімін, эмоциялық өзара түсіністікті және жанашырлықты 
қамтамасыз етеді. Қазіргі отбасында бұл қызметтің басқа аспектісі тұлға 
бойында өзін-өзі көрсету және өзін-өзі таныту қажеттіліктерін қалыптастыруды 
көздейді. 
 
-
Рекреативті (қалыпқа келтіруші) қызмет 
– отбасы мүшелерінің нервтік-
психикалық денсаулығы мен психикалық тұрақтылығын қалыпқа келтіру 
жағдайларын қамтамасыз етеді.
 
-
Әлеуметтік басқару, бақылау және қамқорлыққа алу 
(отбасының 
кәмелетке толмаған жәнеәрекет ете алмайтын мүшелеріне қатысты) [Зацепин, 
1991; Эйдемиллер, Юстицкис, 1999].
 
Соңғы онжылдықта адамның аффилиацияға және махаббатқа 
мұқтаждығын эмоциялық қолдау мен қабылдау қызметінің маңызы айтарлықтай 
артты. Қазіргі қоғамда махаббат отбасындағы қатынастардың маңызды 
сипаттамасы болып табылады, некеге түсу – ең алдымен ерлі-зайыптылар 
арасындағы махаббатпен анықталады. Дегенмен де ажырасусебептері көп 
жағдайда ерлі-зайыптылардың эмоциялық-тұлғалық қатынастарынан туындап 
жатады: ажырасу кезінде ерлі-зайыптылар көбіне махаббат сезімінің және 
эмоциялық жақындықтың жоғалуына, эмоциялық қолдау мен өзара түсіністіктің 
болмауына шағымданып жатады.
Отбасы қызметтері бірдей емес, олар иерархиялық құрылымды құрайды. 
Қызметтер иерархиясы әлеуметтік-мәдени институт ретіндегі отбасы тарихымен 
анықталады. Ол тарихи кезеңдерге, әлеуметтік-мәдени ортаға және отбасының 


11 
өмірлік циклдері кезеңдеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, ХІХ ғ. 
отбасы құрылымы мен тыныс-тіршілігі шаруашылық-тұрмыстық қызметтің 
үстемділігімен анықталды, репродуктивті және бала тәрбиелеу сияқты маңызды 
қызметтері жанама түрде атқарылды. Дүниеге бала әкелу отбасы 
шаруашылығында жұмыскерлер санын арттыру мақсатымен байланысты болды. 
Балалар жұмыс күшін арттыруға және ата-аналарды қартайған кезде бағып-
қағуға кепілдік ретінде қажет болды. Отбасында ұл баланың өмірге келуі – басқа 
қонған бақ ретінде бағаланды, ұл балалар отбасының шаруашылық игілігін 
нығайтатын жігерлі жұмыскерлер болып саналды. Қыз баланың өмірге келуі
керісінше отбасының өркендеуін күйретуші қауіп ретінде қабылданды. Қыздар 
тұрмысқа шығып, отбасыншығынға салады, отбасындағы мүліктің бір бөлігін өз 
жасауы ретінде алып кетеді. Отбасының тағы бір қызметі – әлеуметтік мәртебені 
жеткізу қызметі қазіргі қоғамда өз мәнін жоғалтты. Мұрагерлік монархия, 
аристократиялық лауазымды мұрагерлікпен беру мәртебе мен биліктің 
сабақтастығын қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта мұндай қызмет тек кейбір бай, 
қуатты,жоғары қызметтегі отбасыларда жүзеге асырылады, әдетте ол мұрагерлік 
негізінде емес, элитарлы білім беру мен қарым-қатынастың тиісті ортасына 
енгізу есебінен жүзеге асырылады.
Сонымен, постиндустриалды қоғамдағы отбасының екі маңызды қызметті 
– экономикалық және әлеуметтік мәртебені жеткізу қызметтерін жоғалтты(Т. 
Парсонс). 
ХХ ғ. өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендіруші институт ретіндегі 
отбасының рөлі айтарлықтай жоғарылады. Балалық шақтың ұзақтығы ұлғайды, 
жас шақтарының дамуының жаңа кезеңдері пайда болды – балдәурендік шаққа 
хронологиялық шегі анағұрлым кең бозбалалық (бойжету) кезең қосылды. 
Отбасы өмірінде балаларды тәрбиелеу қызметі ерекше маңыздылықты иеленді, 
ата-аналық қамқорлық кішкентай сәбилерге ғана емес, ересектерге де 
көрсетілетін болды. Баласыздық қазіргі кезеңде ерлі-зайыптылар үшін 
отбасылық өмірге 
қанағатсыздық 
күйін сезіндіріп, некенің 
мәнін 
жоғалтты.Қазіргі отбасы – ХХ ғ. екінші жартысындағы және біздің 
ғасырымыздың басындағы отбасы өзін «психотерапиялық одақ» ретінде 
анықтайтындығы айқын байқалады.Отбасы міндеті өзін-өзі дамытуғажәне ерлі-
зайыптылар мен балаларының өзін-өзі жүзеге асыруына бірегей жағдай 
жасауымен байланыстырылып келеді. Тәрбие – бала құқығын құрметтеуге
әсіресе оның өмір жолын өз бетінше таңдауқұқығын мойындауға негізделген ата-
аналар мен балалардың тең құқылық ынтымақтастығы сипатымен ерекшеленеді. 
Отбасының қызметтік құрылымының иерархиясындағы өзгерістер тек тарихи 
дамудың жалпы бетбұрыстарын бейнелейді. Әрбір отбасының ерлі-
зайыптылардың тұлғалық ерекшеліктерін, отбасылық құндылықтарын
әлеуметтік-мәдени, ұлттық, этникалық дәстүрлерін, тарихи кезеңдер 
ерекшеліктерін 
бейнелейтін 
өзіндік 
бірегей 
иерархиясы 
болады. 
Қызметтердіңиерархиялық құрылымы туралы айта келе, осы иерархияны отбасы 
мүшелерінің қабылдау ерекшеліктерін де ажыратып алған жөн, яғни отбасы 
мүшелерінің аталған қызметтердің қайсысына баса мән беретіндігін білу қажет. 


12 
Отбасының қызметтік құрылымының иерархиясын ерлі-зайыптылар әртүрлі 
қабылдауы мүмкін. Бұл дегеніміз ерлі-зайыптылардың өзара түсіністігінің және 
олардың әрекеттері үйлесімділігінің бұзылуына, отбасылық жанжалға, олардың 
қызметінің тиімсіздігіне, үйлесімсіздікке, деструкцияғаәкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет