«ОҚушының ойлау белсенділігін арттыру»



бет1/2
Дата01.04.2017
өлшемі175,08 Kb.
  1   2
Каримова Сандугаш Жаубасаровна

Көкшетау қ. «№7 орта мектеп» КММ

тарих пәні мұғалімі

«ОҚУШЫНЫҢ ОЙЛАУ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ»


«Кішкентай адамның рухани әлемін оқуға ғана жетелеуге болмайды. Егер біз баланың бар күшін сабаққа жұмсауға ұмтылсақ, оның өмірі төзгісіз болады. Ол оқушы ғана емес, ең алдымен сан қырлы қызығушылығы, сұранысы, ынтасы бар адам болуы керек».

(В.Сухомлинский)

Қазіргі уақыттың экономикалық қиыншылықтарына қарамастан мектеп оқушыларына білім беру,оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр.

Мектеп оқушыларына-ҚР болашақ азаматтарына терең білім беру,оларды жан-жақты дамыту. Отанына,халқына,туған жеріне адал қызмет етуге тәрбиелеу. Мұғалім жаңа сабақты оқушының санасында ой туғызып, білуге ынтасын арттырып,алдағы уақытта өз бетінше жұмыс орындауына негіз қалайтындай жүргізуі керек. Ең бастысы, сабаққа шәкіртті қызықтырып, тарта білу, жаңаны көрсете білу, оқушының ойын рята білу, ойланта білу керек.

Тарих-мектепте оқытылатын негізгі қоғамдық пәндердің бірі. Әбу Насыр әл-Фараби «Тарихты білмей өткенді,қазіргі жағдайды,келешекті болжау қиын десе, ал Ахмет Байтұрсынұлы «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы-тарих» деп, тарих оқушылардың жан дүниесінде орын табатындай болуы міндетті.

Тарих-мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным-әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалармен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу.  Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері өте көп. Өз бетінше жұмыстың ең жиі қолданылатыны,әрі ең тиімдісі-оқулықпен жұмыс істей білу. Онда мынадай талаптар қойылады: мәтіннің негізгі мазмұнын баяндап беру, оқылған мәтін бойынша жоспар құру, конспекті жасау, қойылатын мәселеге орай жауаптар іздестіру, талдау жасау, салыстыру, материалды жинақтау.

Мен түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта өзім сабақ беретін 5-7-сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіруді жөн санадым. Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң,ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалады. Ал,өзім істесем, үйреніп алам». Яғни,баланың ынтасын жетелеу қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз.  Тарих сабағын оқыта отырып, сын тұрғысынан ойлау, ұжымдық оқыту, пікірталас, сынақ, өзіндік жұмыс және тарихи диктант т.б. тәсілдерді қолданамын.

Мен өз сабағымда пайдаланатын стратегиялар түрі:

1.Негізгі ойды суреттеу


2. Топтастыру
3. Бес жол өлең
4. Эссе жазу
5. Галереяға саяхат
6. Венн диаграммаcы
7.Авторға сұрақ қою
8. Әлемді шарлау
9.Ой қозғау

Мысалы, 6 сыныпқа осындай тапсырмаларды жиі қолданамын:



Дұрыс-бұрыс жауабын көрсету:

Балама тест(иә-жоқ)

1.Алғашқы адамдар еңбек құралдарын тастан жасады?

2.Алғашқы адамдардың өмірі орташа жасы 70 дейін болды?

3.Ұлы Отан соғысы-1940-1945 жж. аралығында болды?

4.Қола табиғатта таза күйінде кездеседі?

5.ҚР өзінің тәуелсізідігін 1992 ж.2 наурызында алды?



Тарихи кеңістікті анықтау:

Мезолит дәуірінің тұрақтарын карта бойынша көрсет:



Берілген жылдардың дұрын жауабын көрсету:

1.Б.з.б.-2 млн. 600-12 мың жыл-

2. Б.з.б.-2 млн. 600-40 мың жыл-

3. Б.з.б.- 2 млн. 600 мың-800 мың жыл-

4. Б.з.б.-140-40 мың жыл-

5. Б.з.б.-40-12 мың жыл-

6. Б.з.б.-12-5 мың жыл-

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазу қажет:

1. Адамдар жер бетінде ағаш, бұта басындағы өсіп тұрған әр түрлі жеміс-жидектерді,жеуге жарамды тамырларлы қазып алды,құстардың жұмыртқаларын жинады. Мұндай кәсіп... деп аталды.

2. Қазақста,аумағында алғашқы адам шамамен бұдан... жыл бұрын пайда болды.

3. Бұдан ... мыңнан ... мың жылға дейін жердің бетін мұз басып жатты.

4. ... Мың жыл бұрын мұздық ери бастады.

5. Мезолит заманының үлкен жағылығы ... пен ... жасалуы.

«Сәйкестігін орнына қой».
Австралопитек - «Епті адам»
Питекантроп - «Тік жүретін адам»
Синантроп - «Қытай адамы»
Кроманьон - «Қазіргі адамға ұқсас»

Ашық тесттер жинағы:

1.Алғашқы адамдардың көне іздері Маңғыстау түбегіндегі Шақпақата,Оңтүстегіндегі Шабақты,Қазанғап,Тәңірқазған т.б. қоныстардан табылған.

2.Тасты бір жағынан соққылау арқылы сындырып,қыр шығарды Бұндай құрал монофас д.а.

3.Адамдар мустье кезінде от жағуды үйренді

Кестемен жұмыс:



Қауым мүшелері

Атқарған жұмысы

1.

Қариялар




2.

Ересектер




3.

Балалар




Сурет бойынша шағын әңгіме құрастыру:


Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атақты жерлесіміз І. Есенберлин туралы мәлімет беріп білімді қалыптастыру
Razrabotkaurokov -> Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан
Razrabotkaurokov -> «Қазақ батырлары»
Razrabotkaurokov -> СӘкен сейфуллин «наурыз» Мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> Гомбо Серікгүл Красный яр селосы «№13 «Амина» бала бақшасының» тәрбиешісі Тақырыбы: «орманға саяхат»
Razrabotkaurokov -> Нұрмұқанова Жұмагүл Жабенқызы Көкшетау қаласы №18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Топқа бөліну І топ “Сұңқарлар” ІІ топ “Алғырлар” ІІІ топ “Білімділер” іvтоп “Тапқырлар”


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет