Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет7/70
Дата03.06.2022
өлшемі1,35 Mb.
#145881
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70
Байланысты:
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы
Отбасы құқығы, слайд менің арманым маман, 9-10 сын олимп тапсырма, 1 тапсырма Тест 8 сынып 8.11.21ж, 269129
дуальды-рулық неке
пайда болды. Оның негізінде бір рудың ер адамдары басқа рудың барлық 
әйелдерімен ерлі-зайыптылық қатынастарға түсу құқығын алды. Ру мүшелерінің 
тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін шаруашылық іс-әрекеттің толық құқысы бар 
субъектісі бұрынғыдай барлық ру болып қала берді. Балалардың тәрбиесіне де 
барлық ру жауапты болды. Топтық некенің орнына келген 
жұптық неке
ер мен 
әйел руы арасындағы қатынастар таңдамалылығы мен ұзақтығын көздеді. 
Алғашында жұптық некенің негізі сексуалды қатынастар мен серіктестердің 
жеке жақындастығы болды. Шаруашылықты жүргізу және бала тәрбиелеу 
қызметін ерлі-зайыпты жұп емес, рулық субъект жүзеге асырды. Рулық – ана 
жағынан анықталды, биологиялық әкені анықтау мүмкін болмады. Осындай 
жағдайда матриархат қандас-туыстық қатынастарды орнатудың тәсілі ретінде 


15 
ұрпақ жалғастыру қызметін орындау үшін тиімді болды. Егін шаруашылығының 
дамуы мен еңбек өнімінің өсуіне қарай отбасының одан әрі қалыптасуы 
шаруашылық дербестікті нығайту бағытында жүрді.
Ата-аналардың балаларын асырап, тәрбиелеу мүмкіндіктері, ерлі-
зайыптылардың сексуалды қатынастары тұрақтылығының,ортақ шаруашылық 
мүдделерінің нығаюы моногамды (бір некелі) отбасының туындауына әкелді. 
Жыныстық диморфизм отбасын асыраушы ер адамдардың рөлін және 
әйелдердің бала тәрбиесіне жауапкершілігін күшейтті. Некелік қатынастар 
тұрақтылығы әкені анықтау сенімділігін қамтамасыз етті. Патриархат әке 
жағынан туыстық қатынастарды орнату түрі ретінде матриархалды 
қатынастарды алмастырды, аталған қатынас түрінде отбасында әке (ер адам) 
үстемдік етіп, ана (әйел) ер адамға бағынды, ерлі-зайыптылардың теңсіз 
қатынасы орнады.Жеке меншіктік қатынастардың дамуы некелік-отбасылық 
қатынастарды 
басқару 
түрі 
ретіндегі 
моногамды
 
патриархалды
отбасыныңорнығуына себепші болды.
Вавилон патшасы Хаммурапи кодексінде біздің заманымызға дейінгі 
бірнеше мыңжылдар бұрын моногамия жарияланған, сонымен қатар ерлер мен 
әйелдердің теңсіздігі де белгіленген. Қандас мұрагерлерді қолында ұстау үшін 
моногамды отбасының қожайыны ер адам-әке болған. Бұл жылдары отбасы 
құрылымы айтарлықтай шектелді, әйелдерден зайыптылық сенім қатаң талап 
етілді, 
ал 
Ер 
адамдардың 
зинақорлық, 
ойнас 
жасауы 
қатаң 
жазаланғанымен,көңілдес әйел алуға рұқсат берілді. Мұндай заңдар ежелгі және 
орта ғасырларда шығарылды.
Көптеген ғалым-этнографтар моногамияға қарсы жезөкшеліктің 
болғандығын алға тартады. Кейбір қоғамдарда діни жезөкшелік тарады: тайпа 
көсеміне, дін қызметшісіне немесе биліктің басқа да өкіліне қалыңдықпен 
бірінші неке түнін өткізуіне құқық берілді. Дін қызметшісі бірінші түнді 
пайдалана отырып, ерлі-зайыптылықты дәріптейді деген сенім үстем болды. 
Егер бірінші түнді пайдалану құқығын патшаның өзі алса, ол жас жұбайлар үшін 
үлкен мәртебе болып саналды.
Отбасы мәселелеріне арналған зерттеулерде оның эволюциясының негізгі 
кезеңдері бақылауға алынды: шамамен барлық халықта ана жағынан туыстық әке 
жағынан туыстықтан басым болды; уақытша (қысқа және кездейсоқ) 
моногамиялық байланыстармен қатар жыныстық қатынастардың бастапқы 
сатыларында некелік байланыс еркін жүріп, үстемділігін байқатты; кейін 
біртіндеп жыныстық өмір еркіндігі шектелді, осы және басқа әйелге (ер адамға) 
некелік құқының болуы азая бастады; некелік қатынастар динамикасы қоғамның 
даму тарихында топтық некеден жеке некеге өтуімен нәтижеленді.
Ф. Ариес [1999] және И.С. Кон [1988] еңбектерінде әлеуметтік-мәдени 
феномен ретіндегі отбасының тарихи дамуына терең әрі жан-жақты талдау 
жасалды. Аталған еңбектерде отбасының қалыптасуы бірінші кезекте балаларды 
тәрбиелеу қызметтерімен байланыста қарастырылады. 
Дәстүрлі тұрғыда отбасы құрылымы мен түрінің трансформациясы 
феодалды қоғамнан буржуаздық қоғамға өту кезеңінде болды және ол 


16 
индустриалды төңкеріспен, халықтың ауыл жерінен қалаға көшіп-қону 
үрдістерімен, сонымен қатар өсіп келе жатқан жас өскіндерді әлеуметтендіру 
арнасы ретіндегі ата-аналық қатынастың пайда болуымен байланысты. Осы 
үрдістер салдарынан кең «көпядролық» патриархалды отбасылық топтардан 
шағын нуклеарлы отбасыларға көшу белең алды. Индустриализация мен 
урбанизацияның одан әрі қарқынды дамуы барысында жаңа ұрпақты 
әлеуметтендіру кезеңі арттыжәне отбасы алғашқы әлеуметтендіру институты 
мәртебесін иеленді. ХІХ-ХХ ғ. шетелде пайда болған «қазіргі» отбасының 
қоғамды прогрессивті дамытудың жалпы заңдылықтары мен жетістіктерін 
бейнелейтін бірқатар спецификалық ерекшеліктері бар.
Отбасының үш тарихи түрін бөлуге болады [Голод, 1995]: патриархалды 
(дәстүрлі), детоцентрлік (қазіргі), ерлі-зайыптылық (қазіргіден кейінгі). 
Ата-аналар мен балалардың өзара қатынастары тарих бойына өзгеріп 
келді. Балалармен қатынастың алты стилі бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет