Ќостанай облысы Ќостанай ауданы єкімдігініњ


§ 3 ТАБИҒАТ КЕШЕНІ ЖӘНЕ ЛИТОСФЕРА



бет4/50
Дата07.12.2022
өлшемі390,1 Kb.
#161779
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
ҰБТге дайындық кітабы
08.09. математика 5сынып, силлабус 3-курс инклюз, инклюзияға, Ресурс4.2, Жұрнақ пен жалғау.86-90 жаттығулар, биофизика, соөж3 балалар әдебиеті, БИЛЕТ педагогика, 6 топ маусым айы, 00068059-e9f9fca7, 5 сынып 29.11.22 ж БЖБ, модерация Улболсын, ТЖБ 10 сынып 2 тоқсан Биология, Жоғары сынып оқушыларына мінездеме
§ 3 ТАБИҒАТ КЕШЕНІ ЖӘНЕ ЛИТОСФЕРА
Табиғат компонеттеріне: Ауа, су, топырақ, өсімдік, жануар, күн
сәулесі жатады.

  • Барлық табиғат компоненттерінің өзара байланыста болып, өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір бөлігі немесе өзара әрекеттескен аумақтың бір бөлігі – Табиғат кешені деп аталады.

Мысалы орман, шөл, өзен, өзеннің жағасы, Тау алды, тау.
Бірақ табиғат кешенінің ең ірісі – географиялық қабық болып табылады.
Географиялық қабық – литосфераның жоғарғы , атмосфераның төменгі бөлігі. Ол гидросферамен биосфераның өзара байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасады.
Географиялық қабықтың 4 заңдылығы бар:
1. Тұтастығы 3. Зат және энергия айналымы

  1. Ырғақтылығы 4. Зоналылығы

Зат алмасу деген- табиғаттағы су айналымы ( су буланады, жаңбыр болып қайта жауады), атмосферадағы ауа айналымы (адам СО2 шығарып өсімдіктерге берсе, Өсімдік О2 ні шығарып адамға береді, организмдер қалдықтарын -шірігін топыраққа берсе, шірік өсімдікті қоректендіреді) жатса, Күн мен Жердің ішкі сыртқы энегиясы да осыған жатады.
Ал ырғақтылық – (ритмділік) Күн мен түннің ауысуы, жыл мезгілдерінің ауысуы т.б
Біртұтастылығы – табиғаттағы барлық процестер бір – бірімен тығыз байланысты. Мысалы Топырақ - өсімдікке, Өсімдік - топыраққа, Өсімдік - жануарға, Жануар - өсімдікке не береді? (Өзің ойланып көр)
Географиялық қабықтар қабаттары да төртеу;
Литосфера – жердің қатты қабаты. Атмосфера - ауа қабаты. Биосфера – тіршілік қабаты. Гидросфера – су қабаты
Адам әрекетінен өзгеріске ұшыраған жерлер – антропогендік фактор деп аталады. Антропосқазақша адам деген сөз.
Адам орман егіп парк ашуы мүмкін немесе орманды өртеп сол жерді батпаққа айналдыруы мүмкін.


ЛИТОСФЕРА
Литосфера - мантияның жоғарғы қабаты мен жер қыртысынан тұрады. Литосфера қалыңдығы – шамамен 70 км . Мантия – жер қыртысы мен ядро аралығындағы қабат. Мантияны жер қыртысынан жұқа Мохорович қабаты бөліп жатады
Оның жоғарғы шекарасы – 2900 км – ден басталады
Жер қыртысы – жердің ең беткі жұқа қатты қабығы.Оның орташа қалыңдығы мұхиттар астында 5- 10 км, материктер астында 35 – 40 км, ал биік тауларда - 70 км – ге дейін жетеді.
Геологиялық жыл санау бойынша жер ғаламшарының жасы шамамен – 5 млрд жылға жуық . Ол 5 кезеңге (эра) бөлінеді.
Жер қыртысының қалыптасуына кеткен уақыт шамамен – 3,5 млрд жылдан астам.

  • Жердің ежелден қалыптасқан, қозғалмайтын, тегістелген салыстырмалы түрде тұрақты бөлігін – платформа – деп атайды. Платформа үстінде жер бедерінің жазықтары қалыптасады.

  • Ежелгі және жас платформалардың әртүрлі жастағы және қалыңдықтағы шөгінді тау жыныстары басып жатқан бөлігін - тақта – д.а.

  • Жер қыртысының қозғалмалы белдеулері – геосинклинальдар д.а. Бұл аймақтарда жер сілкіну вулкан процестері жиі болады.

  • Қазіргі ең ірі геосинклинальдық белдеулерге; Альпі – Гималай, Тынық мұхиттық белдеулер жатады.

  • Жердің ойлы – қырлы беті – жер бедері деп.а

  • Жер бедерінің өзгеруі; ішкі (жер сілкіну ,вулкан, цунами,)және сыртқы (жел, өзен ағысы, күн сәулесі, тұрақты желдер,т.б. ) күштерге жатады.

- Жазықтардан оқшау беттері қия, биік бөліктерді таулар деп аталады
- Жалғаса тізіліп жатқан таулар тау жотасы деп аталады
- Бірнеше тау жоталары түйісетін жерді тау торабы д. а.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет