Өсу және даму әрбір жеке ағзаға тән қасиеттердің бірі. Өсу мен даму кезінде ұлпалар



бет1/7
Дата06.02.2022
өлшемі32,3 Kb.
#82059
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3-тапсырма Абдрасимова Асель (1)


Абдрасимова Асель.

3-НҰСҚА



1. Өмір сүру жағдайларының мектеп жасындағы балалардың өсуі мен дамуына тигізетін əсері.- Өсу және даму - әрбір жеке ағзаға тән қасиеттердің бірі. Өсу мен даму кезінде ұлпалар мен мүшелерде сандық және сапалық күрделі өзгерістер байқалады. Адам ағзасының өсуі мен дамуында негізінен 2 кезеңді ажыратады. Бірінші ұрықтық даму (эмбриональдық). Бұл ағзаның ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан бастап, туғанға дейінгі уақытты қамтиды. Ұрықтық даму анасының ішінде, яғни жатырда өтеді. Екіншісі - туғаннан бастап, өз тіршілігін жойғанға (өлгенге) дейінгі кезең. Әрбір ағзаның жеке дамуын ғылыми тілде онтогенез (гр. ontos — жекелей, genes - шығу тегі) дейді. Адамның туғаннан кейінгі жеке дамуында бірнеше кезеңдерді ажыратады. Адам организмі толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю. Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциациялануы мен қызмет қаблетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта адамның жыныстық жетілуі, репродукцияға қаблеттілігі және әлеуметтік қызметтерді орындай алу мүмкіндігі қалыптасады.


2. Дене бітімі, оның дұрыс қалыптасуының маңызы. Кеуде қуысы қаңқасының деформациясы. Жалпақтабандылық.- Дене бітімінің дамуын бағалағанда бой ұзындығын, дене салмағын және кеуде шеңберін міндетті түрде зерттеу керек. Арнаулы, терең жүргізілетін зерттеулерде дененің әртүрлі бөліктерінің ұзындық диаметрі, сан, иық, жіліншіктерінің шеңбері т.б. қосымша өлшенеді. Ұжымның дене бітімінің дамуын, жеке жас мөлшері топтарының негізгі антропометриялық белгілерінің және олардың өзгерістерінің орташа арифметикалық өлшемдерін есептеп шығару арқылы бағалайды. Кеуде деформациясы – кеуде түріндегі туа біткен немесе сатып алынған өзгеріс. Термині бойынша «қабырға торы» жоғарғы тулалардың тірек-қимыл аппаратының қаңқасын білдіреді, ішкі органдарды қорғау. Кеуде деформациясы дислопастикалық және сатып алынуы мүмкін. Киллимен ерекшеленеді, шұңқыр және жалпақ туа біткен кеуде деформациясы. Алынған деформациялар эмфиземалы болып бөлінеді, scaphoid, паралич және кифосколиоз. Кеуде деформациясы жүрекке әсер етеді, өкпе және басқа органдар, кеуде қуысында орналасқан, олардың қалыпты жұмысына кедергі келтіреді. Жалпақ табан — адам табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі. Табан ойысының жалпаюына байланысты: көлденең жалпақ табан және ұзына бойлай жалпақ табан болып ажыратылады. Біріншісінде табанға аяқтың 5 бақайшақ сүйегінің алдыңғысы ғана тірек болып, еденге (жерге) табанның басы ғана тимей тұрады. Ал екіншісінде аяқты басқанда, табан толықтай еденге тиеді, ал ондай жағдайда табан ойысының белгісі де қалмайды.Жалпақ табанның іштен туа біткен және жүре пайда болған екі түрі болады. Туа біткен жалпақ табан сирек кездеседі, себебі, ол табан сүйектері мен жіліншіктің жетілмеуінен болады. Жиі кездесетін түрі — жүре пайда болған немесе статикалық жалпақ табан. Ол балаларда мешел ауруының салдарынан тым көп салмақ қосқаннан болса, ал ересек адамдарда, әсіресе, күні бойы тік тұрып қызмет істейтін (шаштараз, сатушы, т.б.), ауыр дене еңбегінен (жүк тасушы, т.б.), аяқ киімді дұрыс таңдап кимеуден, табанның, тілерсек пен табанның қосылған буынының, жіліншіктің, т.б. жарақаттануынан болады.Жалпақ табан адам жүргенде тез шаршап, балтыры, табаны, белі ауырады. Кешке қарай табаны ісініп, ертеңіне қайтуы мүмкін. Асқынған түрінде табан пішіні мен жүрісінде өзгерістер (кібіртіктеу, аяқты шалыс басу) пайда болып, аяқтың үлкен башпайы қисаяды. Аурудың белгісі біліне бастағанда ортопед-дәрігерге көріну керек. Ауруды алдын алу үшін спортпен айналысу, әсіресе, жүзумен көбірек шұғылдану керек; бірақ спорттың аяққа көп салмақ түсіретін түрімен (ауыр атлетика, жүгіру, коньки жарысы, т.б.) айналысуға болмайды. Жылы кезде құмда, борпылдақ топырақта жалаңаяқ жүрген пайдалы. Сондай-ақ, аяқ киімді дұрыс таңдаудың маңызы зор. Тар немесе кең, өкшесі 3 — 4 см-ден биік аяқ киім киюге болмайды. Арнайы ұлтарақ, массаж белгіленеді, асқынып кеткен түріне хирургиялық операция жасалады

3. Рефлекс - жүйке əрекетінің негізі. Рефлекторлық доға. Рецепторлар.- Рефлекс(лат reflexus — кері қайтарылған, шағылысқан) — ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы. Рефлекс туралы түсінікті алғаш рет ұсынған француз философы Р.Декарт (1596 — 1650). Ол Рефлексті санаға тәуелсіз, жан әрекетінің нәтижесі деп есептеді. “Рефлекс” терминін жүйке жүйесі физиологиясына чех ғалымы Й.Прохаска (1749 — 1820) енгізді. Бұл ілімді орыс ғалымдары И.М. Сеченов пен И.П. Павлов одан әрі дамытты. Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Рефлекс тудыратын қозудың жүріп өтетін жолын рефлекс доғасы дейді. Рефлекторлық доға (рефлекторная дуга); (лат. reflexus — шағылысу) — сыртқы және ішкі әсер етуші факторларға организмнің жауап беру реакциясы кезінде пайда болған жүйке толқынының жүретін жолы.Рефлекторлық доғаны кем дегенде сезімтал, байланыстырғыш (аралық), қозғалтқыш нейроциттер тізбегі құрайды. Рефлекторлық доға қабылдағыш аппараттан (рецептордан), орталыққа тепкіш (афферентті) жолдан, орталықтан (жүйке жүйесіндегі орталықтар нейроциттерден тұрады), орталықтан тепкіш (эфферентті) жолдан, жауап беру мүшесі (эффектор) бөлімдерінен құралады. Қарапайым рефлекторлық доға жұлын арқылы тұйықталады, ал күрделі рефлекторлық доға жүлын және мидың қатысуымен іске асады. Сенсорлық жүйе (лат. organum sensuum, лат. organon — мүше, ағза; лат. sensuum — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты: экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді. Экстерорецепторлар - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады. Интерорецепторлар — ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді. Интерорецепторлардың жеке арнайы түрі — проприорецепторлар. Олар тірек-қимыл аппараты мүелеріне (қаңқа сүйектері, бұлшықеттер, буындар) әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды


4. И.М.Сеченов жəне И.П.Павлов - жоғары жүйке əрекеті туралы ілімнің негізін қалаушылар.- Жоғары жүйке қызметі - үлкен ми сыңарлары, ми қыртысы және қыртыс асты бөліктері арқылы атқарылатым адамның күрделі іс-өрекеті мен мінез-құлқының, танымдық іс әрекеті процестерінің физиологиялық механизмдерін қамтамасыз ететін жүйкелік реттеудің жоғарғы түрі. Жоғары жүйке қызметі өте күрделі рефлекторлық жолмен жүріп, ағзаны, адам мінез-құлқын реттеп отырады. Жоғары жүйке қызметі арқылы адам және жануарлар сыртқы ортамен тығыз байланыста болады. Жоғары жүйке қызметі өз алдына ілім ретінде И.М. Сеченов пен И.П. Павлов зерттеген
5. Алыстан көру жəне жақыннан көргіштік. Кеңістікті көрудің жас ерекшеліктері. Əр түрлі жаста жарықты жəне түсті сезгіштік. Балалар мен жасөспірімдердің көру қабілетінің бұзылыстарының алдын алу. Көру өткірлігін анықтау. - Жақыннан көргіштік немесе Миопия — көз кемістігі, мұндайда адам алыстан жөнді көре алмайды. Бұл кемістік бөлмеле жарықтық жеткіліксіздігінен, затқа көзді тым тақап жұмыс істеуден (оқу, жазу, кейбір қолөнері кәсібімен шұғылдану) т. б. болады. Алыстан көргіштік— көз жанарының нашарлауы, заттардың түрсипатының бұлдырап көрінуі (әсіресе жақыннан). Алыстан көргіштік туа бітеді және жүре келе пайда болады. Балалардың барлығы дерлік алыстан көргіш болып туады, алайда өсіп-жетілу процесінде алыстан көргіштіктің дәрежесі біртіндеп төмендеп, шамамен 10 жасқа келгенде көпшілігінің көруі қалыпқа түседі. Әлсіз немесе орта дәрежедегі алыстан көргіштік (3 диоптрийге дейін) әдетте қалыпты болып есептеледі, сондықтан оны арнаулы көзәйнекпен түзетудің қажеті жоқ. Алыстан көргіштіктің аса жоғары дәрежесінде кейде (5 диоптрийден жоғары) айқын көру бұзылады және тіпті көзәйнек кигеннің өзінде де нормаға жетпейді. Егер адам көзәйнек кимесе, алыстан көргіштік жағдайында оның көзі тез шаршайды, басы айналып, маңдайы мен көзінің маңайы зеңіп ауырады, көз қысымының артқаны сезіледі, оқыған кезде әріптер бұлдырай бастайды. 7 жасқа дейінгі балаларға теледидарды күніне 30-40 мин. көруге болады. Одан жоғары жаста теледидарды күніне 1,5-3 сағат көруге рұқсат етуге болады. Бұл кезде үздіксіз көру ұзақтығы 1,5 сағатты құрауы тиіс (яғни бір фильм). Теледидарды көру кезіндегі негізгі зиянды фактор –ол алыстан ұзақ көру кезінде көзге түсетін күш. Бұл компьютермен жұмыс істеуге де қатысты. Компьютер алдында жұмыс істеу ұзақтығы да күніне 40 минуттан аспауы тиіс. Күнделікті үйреншікті әрекеттерді қалыптастыру қажет. Бала үйде немесе мектепте болсын, оның жұмыс орны дұрыс ұйымдастырылуы тиіс, жақсы жарықтандыруды, дұрыс бағытталған жарықты орнату, көз белсенділігін дене белсенділігімен, қозғалысты демалыспен алмастыру, көз жаттығуларын жасау керек. Әлсіз аккомодация болған кезде 20-30 минут сабақ оқудан кейін көз гимнастикасын жасау керек.
6. Шеткі эндокриндік бездердің құрылысы мен қызметі. Стресстік əсерлерге организмнің бейімделуі.- Эндокринді бездер немесе Ішкі секреция бездері(glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino — бөлу) — инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері): орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.[1] Ағзада гормондар мөлшерінен көп бөлінсе гиперфунция, мөлшерінен аз бөлінсе гипофункция деп атайды. Гормондардың мөлшерден тыс көп бөлінуі де, аз бөлінуі де қауіпті. Кез келген бездің гипер және гипофункциясы қауіпті ауру тудыруы мүмкін.

7. Организмнің ішкі ортасы. Қанның құрамы мен қызметтері. Қанның ұюы. Қан топтары. Қан аздылық жəне оның мектеп жасындағы балалардың арасында таралуының алдын алу.- Организмнің ішкі ортасы — адам мен жануарлар ағзасындағы жасушалық, ұлпалық, мүшелік деңгейдегі зат алмасу процесі мен дене мүшелерінің құрам тұрақтылығын (гомеостаз) қамтамасыз ететін, үздіксіз қорғалыста болатын биологиялық сұйықтар (қан, лимфа және ұлпа сұйығы) мен ішкі орта ұлпалары (ретикулалы, май, талшықты борпылдақ және тығыз дәнекер, шеміршек, сүйек ұлпалары). Организмнің ішкі ортасы — адам мен жануарлар ағзасында зат алмасумен қатар қорғаныс және тіректік қызметтер атқарады.Организмнің ішкі ортасы - қан, лимфа және ұлпа сұйықтығынан тұратын көптекті ағза жүйесі. Ішкі ортанын салыстырмалы химиялық құрамы мен физика-химиялық тұрақтылық қасиеті арқылы организмнің жасушалары салыстырмалы өзгермейтін жағдайларда тіршілік етеді және сыртқы орта әсеріне көп ұшырамайды. Қанның құрамы. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4,5-5 л. Қанның құрамы - плазмадан(55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады . Қан келесі қызмет атқарады:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет