Отбасы және оқу орны тәрбиесіндегі заманауи сабақтастық



Дата22.05.2022
өлшемі22,31 Kb.
#144561
түріСабақ
Байланысты:
ОТБАСЫ ЖӘНЕ ОҚУ ОРНЫ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЗАМАНАУИ САБАҚТАСТЫҚ


ОТБАСЫ ЖӘНЕ ОҚУ ОРНЫ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЗАМАНАУИ САБАҚТАСТЫҚ
Әр дәуірдің өз міндеті бар. Ендеше, бүгінгі дүниежүзілік ықпалдасу, жаһандану дәуірі тудырып отырған ашық ақпараттанған қоғам тәрбие кеңістігін кеңейтіп, өскелең ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көңіл бөлу арқылы ұлтжандылық, азаматтық, төзімділік рухымен қаруланған білімді жастарды дайындауды түпкі мақсат етіп қойып отыр. 
Жастар санасында мұндай жоғары рухты қалыптастыру – жекелеген тәрбие мекемелері немесе жеке тұлға – тәрбиешінің ғана қолынан келетін жұмыс емес. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Қазақ баласының отбасынан тәрбие алып, ол қоғамдық тәрбиемен ұштасуы заңды да. Тәрбие жүйелі жалғасын табу үшін оқу орны ата – аналармен әлеуметтік серіктестік орнатуы қажет, яғни үштіктің серіктестік қатынасын қалыптастыру қажет. Дәлірек айтсақ, оқушылардың функцияналды сауаттылығының ең басты тетігі – ол: оқушы – педагог – ата – ана. Механизмнің іске қосылуының басты тетіктері болып есептелінеді.
Оқушы
ПедагогАта – ана
«Үштік одақ немесе Үшік серіктестік»

Тәрбиенің негізгі ошағы – отбасы. Отбасы – тәрбиенің қайнар көзі десекте қателеспейміз. Себебі, баланың жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені, бала тәрбиесінің отбасы мен мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отбасындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен – ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Қай халық болмасын, үмітін, ең алдымен, ұрпағымен байланыстырады.


Жай мұғалім – хабарлайды
Жақсы мұғалім – түсіндіреді
Керемет мұғалім – көрсетеді


Ұлы мұғалім – шабыттандырады (деп қытай ғұламасы Конфуций айтып кеткендей)

Осы орайда білім ордасы - мектеп, ал мектептің жаны – мұғалім екендігі баршамызға мәлім. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры. Мұғалім – қоғам айнасы, оқытушы. Мұғалім – ұстаз, оқулық авторы, технолог, жаңалықты дәріптеуші, таратушы. Ұстаз – өмірлік тәжірибесі мол, нағыз еңбекқор, ізденімпаз, ұшқыр ойлы жан. Нағыз мықты ұстаз ғана салауатты да саналы, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыра алады. Ал осындай тұлға қалыптастыру үшін мұғалім заман ағымына сай білімін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Сөз соңында Конфуцийдің мына ойларымен аяқтағым келіп отыр: «Шын ілім адамдарды биік ізгілікке үйретеді, ол – адамдардың жаңаруы. Биік жетістікке жету үшін:



  1. Бүкіл адамның тұрмысы жақсы болсын.

Ол үшін:

  1. Отбасының жағдайы жақсы болсын.

Ол үшін: 

  1. Жеке өзінің жағдайын жақсы болсын.

Ол үшін:

  1. Жүрегін таза болсын.

Ол үшін:

  1. Шыншыл бол, ой саналылығы болсын.

Ол үшін:

  1. Жоғары сатылы білімің болсын.

Ол үшін: өзіңді өзің зертте.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Республикалық ғылыми – әдістемелік, педагогикалық журнал «Кәсіптік мектеп» № 4 басылым, 2013 жыл

  2. Конфуций «Даналық дәрістері», Астана - 2002


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет