Отбасы тәрбиесінің негіздері



бет1/4
Дата17.12.2023
өлшемі83,94 Kb.
#197408
  1   2   3   4
Байланысты:
Отбасы тәрбиесінің негіздері
stud.kz-23043, 000ce7f1-008f5d5f, 2 5431887083901818284 (копия), АКТ, Қауіпсіз интернет, Препарат для общей, ӘРІПТЕР

Отбасы тәрбиесінің негіздері

Жоспары

  • Отбасындағы тәрбие. Отбасы түрлері
  • Қазіргі отбасының ерекшеліктері
  • Отбасы тәрбиесінің мазмұны, мақсаты, міндеті
  • Оқушылардың отбасымен сынып жетекшісімен ынтымақтастық әдістерінің түрі, құралы

Отбасындағы тәрбие. Отбасы түрлері

Отбасы тәрбиесі — көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен отбасы мүшелерінің тарапынан жасалатын ықпал үрдісінің жалпы атамасы. Қоғам, отбасы және мектеп тәжірибесі ажырамас бірлікте орындалатын істер ауқымын қорғайды..

Отбасы туралы алғашқы педагогикалық түсініктер мен идеялар халық педагогикасында пайда болған. К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, П.ФЛесгафт және басқалар балалар тәрбиесін ұйымдастыруда олардың даралық ерекшеліктерін, бейімділіктерін, дене-күші және психологиялық дамуы деңгейін ескеру керектігіне ерекше көңіл бөлген. Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский бала тәрбиесінің теориясын жасаған. Қазіргі зерттеушілердің еңбектерінде баланың отбасындағы қарым-қатынас әректін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын құру мектеп пен отбасы арақатынасы т.б мәселелері қамтылған.

Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасыда адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасыда өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян. Жоғарыда әңгімеге арқау болған тұжырымдарды жинақтаумен келесідей қортынды жасауға болады: — отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас ұлғаюымен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды; — қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа-қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады; — отбасы тұлғаның әлеметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбек тәрбиесінің мүмкіндіктерін мейілінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді; — салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететін отбасы; — отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері — азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ отбасы иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру; — отбасының кәсіп таңдауға да тигізер ықпалы орасан.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет