Отбасы: типологиясы, қызметтері және тұжырымдар Отбасы тұлға өмірінің



бет2/3
Дата12.10.2023
өлшемі2,31 Mb.
#184921
1   2   3
Байланысты:
социолог6
5-АПТ в практике ОВП 5 курс 2022, Глоссарий 2023-2024 оқу жыл P1, Глоссарий 2023-2024 оқу жыл P1, Реферат Цитология, Добавить подзаголовок
Отбасы қызметі — құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Отбасы тәртіп
ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынас сипатына да әсер етеді.
Отбасы қызметі негізі екі тұрғыда қарастырылады: әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған
отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер. Отбасында көрініс алатын мінез – құлық феномені және процестері.Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір – біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір – бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.
Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі өз маңыздылығын жоя бастады, ал уақыт талабына сай әлеуметтік – психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір – біріне психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.Баланың ата – ана және құрбыларымен қарым – қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады.
Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез – құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы – құрдастарымен қарым – қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәжірибесіне сүйенеді.
Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс — әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін айқындайды.
Гүлдәурен
Отбасы - адам болудың қажетті және негізгі қадамдарының бірі. Бала кезінен отбасында алған тәрбиені ол қалған өмір бойы сақтайды. Дәл осы отбасында баланың жеке басының "өзіндік Мен" негіздері қаланады. Жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесі адамның бүкіл өмірінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, әр түрлі жас кезеңдерінде ол өзіне тән ерекшеліктерге ие болады. Адамның норма мен тыйымдарды үйренуін, құндылықтар мен өз мінез-құлық ерекшеліктері қалыптасуын бізде отбасы реттейді.Осыған байланысты, адамды әлеуметтендірудің маңызды институты отбасы деп айта аламыз. Отбасы-жеке тұлғаны әлеуметтендірудің, салауатты өмір салтын тәрбиелеудің маңызды институты. Бұл қоғаммен өзара әрекеттесудің алғашқы тәжірибесін алатын орта.
Отбасы әр индивид өмірінде бірнеше функция орындайды:
  • Әлеуметтену немесе Тәрбиелеу функциясы: отбасы балаларды қоғамның нормалары мен құндылықтарына сәйкес тәрбиелейді.
  • Репродуктивті функция: ұрпақтың жалғасуы, жаңа қоғам мүшелерінің дүниеге келуін қамтамасыз етеді.
  • Экономикалық : отбасы мүшелерінің бір-біріне қаржылай көмек беруі

  • Отбасы типологиясының өлшемдері:
  • Құрамына байланысты : нуклеарлы; толық емес, кеңейген

  • 2) Рөлдерді бөлу ерекшеліктері бойынша : патриархалды, матриархалды
    3) Мекен-жай: ауылдық, қалалық, т.б.
    4) Балалар санына қарай : көп балалы, аз балалы, баласыз

Айымгүл
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын.
Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ- деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі.
Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Ұлын ұлтжанды, қызын инабатты, сыпайы етіп өсіру ол әр ата – ананың міндеті болып табылады. «Отбасы кішкентай мемлекет» демекші, мен өз отбасыммен айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым отбасымды мақтан тұтамын. Менің отбасымда төрт адам бар. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан әкешім, бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен, түн ұйқысын төрт бөлген – аяулы анам, әрдайым көмектесетін, ақылын айтатын – ағам және мен. Бірін – бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.
Ақбота


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет