Оңтүстік Америка материгіне саяхат



Дата24.04.2017
өлшемі96,38 Kb.
#14938
түріСабақ
Тақырыбы: Оңтүстік Америка материгіне саяхат
Мақсаты:
А) Білімділік: оқушыларға материк табиғатының ерекшелігі мен қалыптасу заңдылықтарын танып-білуге арналған білімдерін жүйелеу, географиялық білімін толықтыру.
Б) Дамытушылық: оқушының ойлау қабілетін дамыта отырып,түрлі тақырыптық карталармен жұмыс дағдысын,пәндік сөйлеу тілін жетілдіру.Елтануға, пәнге қызығушылығын арттыру В) Тәрбиелік: оқушының топта жұмыс қарым-қатынасын үйрете отырып, табиғатты қорғауға үйрету ,эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ түрі: Саяхат сабағы
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, сабақта АКТ- ны пайдалану. Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру (сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын, оқу құралдарын және сынып тазалығын тексеру.)
ІІ. Үйге берілген тапсырма. Оңтүстік Америкаға саяхатқа шығу үшін кеме лайнеріне ұтыс билетін ұтып алумыз керек. Ол үшін мына сұрақтарға дұрыс жауап беруіміз керек.
1. Оңтүстік Америкаға бару үшін қай бағытта және қай мұхитты кесіп өтуіміз керек?
2. Оңтүстік Америка қай материктің құрамында болған?
3. Дүние жүзіндегі ең терең көл.
4. Жер шарындағы ең биік тау.
5. Ауданы бойынша 4 материк
6 .Ең ылғалды материк. 7. Ең үлкен жазықтық ІІІ. Саяхаттың барысы: Оқушылар Оңтүстік Америкаға жолдаманы ұтып алды.
1.Төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап берілсе ұшақ билеті тегін беріледі.
(Белгіленген объектілердің атын тауып картадан көрсетеді)
А . Оңтүстік Американың шеткі нүктелері.
К. Дүниедегі ең ұзын тау
И. Оңтүстік Американың орналасқан жазықтар
Д. Оңтүстік Американың шығысындағы үстірт
В. Тынық мұхиты мен Атлант мұхитын жалғастырып жатқан мойнақ.
С. Оңтүстік Американың өзендері
Н. Оңтүстік Америка мен Отты Жер аралын бөліп жатқан бұғаз.
Г.Оңтүстік Американың табиғатына әсер ететін ағыстар Е. Оңтүстік Американың солтүстігіндегі теңіз М.Оңтүстік Америкадағы шөл 2.Билетті ұтып алып «Бригантина» кеме лайнерімен Оңтүстік Америкаға жеттік алдымыздан үндістер шығып қарсы алды. (Бізге сұрақтар берді және оған иә немесе жоқ деп жауап беру керек.)
1. Оңтүстік Американың ең ірі аралы-Мадагаскар
2. Оңтүстік Америка көлемі жағынан 3 орындағы материк.
3. Оңтүстік Американы 4 мұхит шайып жатыр.
4.Оңтүстік Америка материгіне экваторлық климаттың әсері басым.
5. Оңтүстік Америкаға саяхатқа барған орыс саяхатшы -Н.И. Вавилов 6.Оңтүстік Американы ашқан –Христофор Колумб ІV. Қонақ кәде. (Біз өзіміздің өнерімізді оларға көрсетуміз керек. Разминка «Қара жорға» биі) V.Біз Оңтүстік Америкаға саяхат барысында кедергілерден өтіп отырдық.
1-ші кедергі. Амазонка өзенінен өту (берілген обьектілерді дұрыс сәйкестендіруміз керек) Мына жазықтардың қайсысы Оңтүстік Америка материгінде орналасқан

а) Шығыс Европа 1) Оңтүстік Америка б) Ла- Плато 2) Евразия в) Миссисипи 3) Евразия г) Тұран 4) Солтүстік Америка

2-ші кедергі. Анды тауына шығу (шыңдардың атын табыңдар және қайда орналасқан)

а) 8884м- б) 6995м- в) 6960м-



VI. Үйге қайту үшін «Виктория» кеме лайнеріне билет алуымыз керек. Ол үшін тест сұрақтарын дұрыс шешкенде ғана тегін билетке ие бола аламыз.
1.Жер шарындағы ең ылғалды материк:
А) Африка
Ә) Еуропа
Б) Австралия
В) Оңтүстік Америка
2. Оңтүстік Америка материгінің жер көлемі:
А) 30, 3 млн шк
Ә) 30, 6 млн шк
Б) 24, 2 млн шк
В) 18, 6 млн шк
3. Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі:
А.Ассоль көлі;
Ә. Өлі теңіз;
Б. Өлім аңғары
В. Вальдес түбегі
4.Анд тауының ұзындығы:
А. 7500км Ә.9000 км Б. 8900 км В. 6450 км
5. Материктік теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі:
А. Климанджаро;
Ә. Кения;
Б.Камерун;
В. Аконкагуа
6. Ең биік нүктесінің биіктігі:
А. 5895 м
Ә. 5190 м
Б. 4620 м
В.6960 м
7. Оңтүстік Американың оңтүстігіндегі ең ірі арал:
А. Мадагаскар
Ә.Канар
Б. Комор
В. Отты Жер
8.Оңтүстік Америкадағы ең ірі тектоникалық көл:
А. Виктория
Ә.Ньяса
Б. Титикака
В. Чад
9.Материктің ең үлкен сарқырамасы
А. Тугела
Ә. Анхель
Б. Виктория
В. Игуасу
10.Атлант мұхиты мен Тынық мұхитын жалғастырып тұрған канал:
А. Гибралтар
Ә. Суэц
Б. Мозамбик
В. Панама

Бағалау: (оқушылар өздерін-өздері бағалайды) Үй тапсырмасы: келесі сабақта Оңтүстік Америкаға саяхаттау барысында алған әсерлерін жазып келу.

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы,

Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі

Назар Жанат Мәлдекқызы География сабақтарында оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар

дәптермен жұмыс жүргізу.

Мектептің білім беру жүйесінде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзінің табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде, Жер бетінде тіршілікті сақтауда география пәні үлкен рөл атқарады. Сондықтан географиялық білім берудің мынадай мақсаттары бар:



  • оқушылардың географиялық ойлауын қалыптастыруға, еркін әрі шығармашылықпен ойлауына жағдай жасау;

  • оқушылардан географиядан қазіргі дүние толқынына бағдарлануды меңгеруге көмектесетінін жүйелі білім беру;

  • оқушылардың бойында қоршаған ортаның алуан түрлілігіне, әртүрлі елдердің өзіне тән ерекшеліктеріне қарай адамзат алдында тұратын күрделі проблемаларға қарамастан,қоршаған ортаның біртұтастығы туралы түсінік қалыптастыру;

  • оқушылардың сөйлеу-логикалық және бейнелі түрде ойлай алуын дамыту;

  • картографиялық сауаттылығының қалыптасуына жағдай жасау;

  • оқушыны шынайылыққа тарту және ғылыми-географиялық таным негізінде дүниедегі өз орнын анықтауға көмектесу;

  • география пәнінен оқушының тапсырмалармен өзіндік жұмыс жасауға арналған дәптермен жұмыс жасай білу;

Оқушылардың білімін,іскерлік қабілеттерін жақсарту мақсатында мұғалімдердің аса маңызды талаптарының бірі-оқушылардың жұмыс дәптерімен жұмыс жасап үйренуін қалыптастыру. Оқулықтағы материалдарды түсіндіріп,ұғындырумен қатар,мұғалім оқушылардың кейбір мәселелерді өз бетімен оқып, сараптап жазып, нәтижеге жетуіне машықтандырады. Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптердің пайдасы сол-оқушының білігі молаяды, оқығандарының ішінен қажетті нысанды таңдап алуға жаттығады, өзіндік қорытынды пікір айтуға үйренеді. Білім алуға құштарлығын, өмірлік көзқарасын қалыптастыру, іскерлік төзімділік, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді. Мен оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптерді бірнеше жылдан бері қолданып келемін. Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптерді қолдануымның себебі, кез келген пән мұғалімінің өз пәніне деген оқушының қызығушылығын туындатуы керек.Мұғалім өз тәжірибесінде оқушыны білім нәрімен сусындату үшін көптеген тәсілдер мен әдістерді, жаңа технологияның жетістіктерін пайдаланады. Менде осы айтылғандармен қатар оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптерді де қолданамын. Барлық сыныптарға арналған бұл дәптерлерді дүкен сөрелерінен табуға болады. 5-сыныптың дәптері «Жаратылыстану» деп аталады. Авторы Полулях Л.Н. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар ҚР БҒМ бекіткен оқу бағдарламасына сай дайындалған. Олар жаратылыстану ғылымдарының негіздерін оқып-үйренуде есте сақтау, логикалық ойлау мен шығармашылықпен жұмыс істеуге негізделген. Дәптерде оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға және жаратылыстанудан игерген білімдерін бекітуге негізделген жұмыс түрлері мен тапсырмалар берілген.Әр түрлі жұмыстар оқушыларда белгілі бір практикалық қабілеттердің қалыптасуына көмектеседі.Танымдық қабілетті дамытуға арналған тапсырмалар оқушының жас ерекшілігіне сәйкес дайындалған. Дәптердегі тапсырмалардың сапалы безендірілуі материалды көзбен көре отырып, қабылдауға мүмкіндік береді. Мұғалім материалды алған білімді бекітуде де, сонымен қатар оқушылар білімін тексеруге де қолдана алады, мұғалім белгілі бір бағалау жүйесін таңдай алады. 6-сыныптың дәптері «Физикалық география» деп аталады. Авторы Гордеева С.А.Ол екі бөлімнен тұрады. Бұл сыныпқа арналған дәптердің мақсаты мен міндеті мынадай.Оқушылар білімге жаңа дүниенің есігін айқара ашатын ғылым-географиямен танысады. Ол табиғатты танып білуге күнделікті өмірге қажетті білім алып,білім дағдыларын шыңдауға көмектеседі. Жұмыс дәптері оқулық пен картаны жақсы және терең түсінуге көмектеседі, себебі ол басты назарды логиканы, ойлау мен шығармашылық қабілетті дамытуға аударады. Дәптерді пайдалана отырып, сызбалармен, диаграмма және кестелермен жеңіл жұмыс жасап үйренеді. Дәптерге кіргізілген қосымша материалдар оқулықтың теориялық-материалдарын толықтыра түседі.Тапсырмаларды оқушылар өз беттерімен де, мұғалімнің жетекшілігімен де орындауына болады. Қазақстан Республикасының барлығы география пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес келеді. Қиындығы жоғары тапсырмалар жұлдызшалармен белгіленген. 7-сыныптың дәптері «Материктер мен мұхиттар географиясы» деп аталады. Авторлары Матвиенко Н.Н.пен Кругликова С.В. Ол екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Жер шары табиғатының басты ерекшеліктері», «Солтүстік жарты шар материктері» деп бөлінеді,ал екінші бөлім «Оңтүстік жарты шар материктері» деп аталған. Құралдарда оқушылардың географиялық білімдерін бекітуге және олардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға көмектесетін жұмыстар мен тапсырмалар түрлері ұсынылған. Кестелермен және сызбалармен жұмыс оқушылардың белгілі бір біліктіліктері мен дағдыларын дамытуға септігін тигізеді. Жұмыс дәптеріндегі сапалы безендіріліп және үйлесімдіріле берілген деңгейлік тапсырмалар оқушылардың материалды көзбен көріп қабылдауы барысында білімдерін щыңдап,толықтыра түседі. 8-сыныпта біз өз Отанымыз-Қазақстан Республикасының табиғат ерекшеліктерін оқимыз.Дәптер авторы Головина Г.Е. Козина С.С. Бұл жұмыс дәптері біздің республикамыздың әртүрлі аймақтарындағы табиғат кешендерінің қалыптасуының ерекшеліктерін тереңінен түсінуге көмектеседі.Оқушылар тапсырмаларды орындай отырып,оқулық пен картаның көмегімен ғажайып саяхат жасайды.Тапсырмалар оқушылардың өзіндік жұмыс жасауы үшін, әрі мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеуге есептелген.Дәптер құрылысы мен мазмұны оқушылардың білім дәрежесін бақылауға мүмкіндік береді. Аса күрделі тапсырмалар жұлдызшалармен берілген. 9-сыныптың жұмыс дәптері «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» курсы үшін құрастырылған. Дәптер.Е.А.Ахметовтің базалық оқулығы негізінде құрастырылған. Дәптердің авторы Полулях Л.Н. Жұмыс дәптерінде оқушылардың оқуға ынтасын оятып, географиялық білімін нығайтуға мүмкіндік туғызатын жұмыс түрлері мен тапсырмалардың әртүрлі формалары келтірілген. Диаграмма және сызбанұсқалармен жұмыс істеу оқушылардың белгілі бір практикалық дағдысын дамытады, әрі математикалық білімдерін қолдануды қажет етеді.Дәптерде материалдарды көрнекті түрде ұғынып, білімді толықтыра түсу үшін сапалы безендірген әр деңгейдегі тапсырмалар орналастырылған. Жұмыс дәптеріне енгізілген материалдарды оқушының алған білімін нығайтуға,сондай-ақ оқытушының оқушы білімін тексеру үшін пайдалануына болады.Мысалы, «Өзіңді өзің тексер» деген бөлімі бойынша оқушы дұрыс жауаптың 90-100% -ын берген болса, «5» деген баға қоюға болады,егер 70-80% дұрыс жауап берілсе «4» бағасын,ал 50-60% жауапқа «3» қоюға болады.Оқытушы сынып дайындығының деңгейіне қарай бағаның басқа өлшемдерін де таңдай алады.Жұмыс дәптерінде оқытушыға барлық курс бойынша оқушы жұмысының жүйесін қадағалауға ыңғайлы болуы үшін «Тақырып бойынша қорытынды баға» деген жолға жеке орын берілген. Олар логикалық ойлауды дамытуға және экономикалық география негіздерін шығармашылық тұрғыдан үйренуге бейімдейді. 10сыныптың дәптері «География» курсы бойынша құрастырылған. Дәптер екі бөлімнен тұрады.Бірінші бөлім «Негізгі бөлімдерді қайталау және қорытындылау» аталады,ал екінші бөлімі «Жалпы шолу.Тәуелсіз мемлекеттер достастығының елдері» деген атпен берілген. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10 сынып оқушыларымен жұмыс істеуге арналған.Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар ҚР БҒМ-нің 10 сынып бағдарламасына сай сәйкес келеді.Дәптерде география пәнін жаратылыстану ғылымының негізі ретінде үйрену үшін оқушылардың шығармашылықтары мен логикалық ойлауын дамытуға және географиялық білімдерін бекітуге,білімге деген құштарлықтарын арттыруға арналған жұмыстардың түрлері мен тапсырмалар берілген.Диаграммалар, сызбалар мен кестелермен жұмыс істей отырып оқушыларға математикадан алған білімдерін дамытады.Берілген материалдарды оқушы білімін тексеріп ғана қоймай,алған білімдерін бекіту үщін де пайдалануға болады.Дәптерде берілген «Мәтінді толықтыр», «Анықтама бер», «Өзіңді тексер», «Дұрыс жауапты таңда» бөлімдері бойынша оқушы білімін бағалауға болады. Бүгінгі мектеп партасында отырған оқушыларға ғылыми білім беру,оларды әлемдік мәдениет жетістіктерімен сусындату,шығармашылық қабілетті жеке тұлға етіп қалыптастыру үшін оқушының тапсырмалармен өзіндік жұмыс жасауға арналған дәптердің атқарар рөлі зор.География пәні өте қызықты да күрделі. Пәнге қызықтыру арқылы, оқушыға табиғаттың күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып,сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын,яғни жаңа педагогикалық технолияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді .Сол сияқты оқушының тапсырмалармен өзіндік жұмыс жасауға арналған дәптерін сабақта пайдалану,оқушының шығармашылық интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірге пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді. Қорыта келгенде,оқушының тапсырмалармен өзіндік жұмыс жасауға арналған дәптерді пайдалану мынадай мүмкіндіктер береді:

  • пәнге қызығушылығы артады;

  • оқушының шығармашылық ізденісі жоғарлайды;

  • қосымша терең білім алады, өзін-өзі тексереді;

  • тесттік тапсырмаларды шешеді;

  • кестемен, кескін картамен жұмыс істейді;

  • дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі артады;

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет