ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Мәдениеттану»



бет27/37
Дата18.03.2017
өлшемі2,06 Mb.
#11893
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Қазақ немесе мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи ерекшеліктері мен өзіндік белгілеріне тоқталып өткен жөн. Егер бұрынғы қазақ мәдениетін дәстүрлік өркениет деп бағаласақ, онда тоталитарлық жүйеде ұлттық негіздерді жойып беруге бағытталған большевиктік шараларды ескеру керек. «Тағдыры ортақ жаңа қауым», «тарихта бұрын болмаған адамдардың жоғары бірлестігі – кеңес халқы», сондай – ақ «мазмұны пролетарлық және түрі ұлттық социалистік мәдениет» ұрандарын басшылыққа алған идеологтар мен саясатшылар рухани мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте заманның өзінде атақты Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе, революционер марксистер мәдениеттегі ұлттық мазмұнды бекерге шығарды.
Қорытып айтқанда, большевиктік «мәдени революция» Жер шарының 1/6 бөлігінде «кеңестік адам» атты, бұрын – сонды болмаған, адамдардың айрықша түрін қалыптастыруға бағытталды. Баспасөз газет – журналдар шығару, радио хабарларын тарату, теледидар, кезінде «от арба», «сиқырлы машина» деп жүретін ауыл тұрғындарына жете бастады. Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттық опера, балет , драма, симфониялар пайда болып, ауқымы кеңи түсті. Қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітова, шебер биші Шара кәсіпқой сахна жұлдыздары Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышпаев, Шәкен Айманов т.б. өз өнерлерімен халық дәстүрін жаңа заманға лайықты жалғастыра білді.
Ән, әуен қазақ халқының аңызы бойынша аспан әлемінен түсіп, ықылым заманнан осы кезге дейін жетіп отыр. Көкте халықтаған ән көшпенді қазақ даласына жетіп, мұны естіген халық сондықтан, үлкен әуендік қасиетке ие болды деп есептеледі. Сондай-ақ, халық арасында: "Әуен мен әуезге деген қабілет дүниеге келгенде бірге дарыған", - деген болжам бар. Қазақ халқының еңкейген кәріден еңбектеген баласына дейін ән, әуен десе ішкен асын жерге қойып, елеңдеп қалатыны жақсы мәлім. Ән - әуен орындайтын топтың өзіндік музыкалық аспаптары мен орындау мәнерлері болған. Балалар саз - сырнайда, тастауықта, үскірікте ойнаған. Бұл аспаптарды шебердің өзі немесе балалар жасаған, олар әртүрлі аңдардың, құстардың, балықтың, көп басты аттың, жарқыраған көздердің суреттерін салған. Балалар әндері мен әуендік ойындар, бесік жыры мен үлкен азаматтардың өсиет - өлеңдері арқылы кішкене бөбектер қоршаған ортаны танып, әлеуметтік мәдени ортаның толық мүшесіне айналған.
Жастар ойындарына, қайым айтыстарға, тартыстарға қатысу, диалогиялық тұрмыстық әндерді, қара өлеңдерді орындау арқылы жаңа көркемөнерлік білімдер мен тәжірибе жинақталған. Жас кездегі репертуар махаббат лирикасы мен қазақ тойында орындалатын көпбояулы дәстүрлермең әндермен, жар-жармең қалыңдықтың қоштасу әнімен, дабыл, дауылпаз, аңға шығу мен әскери жорық кезіндегі шыңдауыл үнімен толысып, байып отырған. Бұл ретте, өмірлік іс-тәжірибесі мол адамдар қоғамдық істер, ру мүддесін қорғау, айтыстар, халықтық дәстүрлі мереке-мейрамдарды ұйымдастыруға басшылық жасап, халықтық дәстүрлердің сақталымына ерекше мән беріп отырған.Ал, "кәрілік" пен "даналық" туралы әндер жастарға тәлім - тәрбие беру, өмірдің мән - мағынасы туралы ой-толғаулар, жастықтың қайтадан келмейтіндігі жайлы болып келеді. Ұлы Абай:
"Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй", - дейді.
Ұлтымыздың бүкіл рухани игілігі 20 ғасырға дейін жазбасыз түрде дамып, ауыздан-ауызға, әкеден-балаға, ұстаздан - шәкіртке, өткеннен болашаққа жеткізіліп отырған.
20 ғ. қазақ музыкалық мәдениеті жаңа әуендік және жанрлық түрімен байыды. Аз ғана кезеңдік тарихи уақытта Республика европалық классикалық музыканың көпдауыстылығы мен жанрлық арсеналын игерді. Бұл - опера, симфония, балет, аспаптық концерт, кантата, ораториялық, ансамбльдік, оркестрлік, хорлық орындау түрлері.
Шығармашылықтың жазба түрінде қалыптасқан жаңа кәсіби композиторлық мектебі құрылды. Ұлттық мазмұндағы синтездік іріктеу және 20 ғасырдың 30-40 жылдарындағы европалық түрді таңдау нәтижесінде қазақ опералық өнерінің классикалық шығармалары - Е. Брусиловскийдің "Қыз Жібек", А. Жұбанов, Л. Хамидидің "Абай", М. Төлебаевтың "Біржан-Сара" опералары дүниеге келді. Олардың драматургиялық және музыкалық негізі - қазақ фольклоры мен ауызша кәсіби музыканың шексіз мүмкіндігі арқылы жасалған. Опералық театр сахнасы 19 ғ. ақындары Біржан мен Сара арасындағы қызу айтыс, той дәстүрі. 19 ғасырдағы ұлт - азаттық көтеріліс батырының әндері, ақын және күйші Махамбеттің және ән -жоқтаулар орындалатын аренаға айналды. 60-70 жж..
Мәдениет пен ғылымның дамуы . Соғыстан кейінгі жылдарда республикадағы мәдени құрылыс салалары да үлкен қиыншылықтарға кездесті. Оған интеллигенция өкілдерінің басым көпшілігінің майданға алынып кетуі, мәдени мекемелердің, мектептердің оқу орындарының санының азаюы өз әсерін тигізді. Республика жазушыларының шығармаларының басым көпшілігі Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылды, Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», сияқты соғыс тақырыбына жазылған шығармаларда қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі баяндалды. С. Мұқановтың « Сырдария », Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», Ғ. Слановтың «Кең өріс» атты еңбектерінде ауыл еңбеккекрлерінің өмірі көрсетілді. Осы жылдары М. Әуезовтың «Абай жолы», С. Мүхановтың «Шоқан Уәлиханов» сияқты көптеген шығармалары жарық көрді.
Музыка мәдениеті де біршама табыстарға жетті. М. Төлебаевтың «Біржан Сара», А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай», Е. Брусиловскийдің « Дударай », Қ. Қожамияровтың ұйғыр тіліндегі «Назгүл» опералары сол жылдарда дүниеге келді. «Абай» қойылымы мен «Біржан-Сара» операсы үшін Қазақ академиялық драма театрының ұжымы Кеңестер Одағының сыйлығын алды.
Сонымен қатар 40 жж. аяғы 50жж. басында өнер қайраткерлеріне де әділетсіз, орынсыз сындар айтылып, теріс баға беру жағдайлары орын алды. Осыған байланысты әдебиет пен өнерде өмірді жасанды түрде суреттейтін тартымсыз шығармалардың пайда болуына алып келді.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет