Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңыздышайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. О лар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шыңдықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бірінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғабьламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы жүрегіңізге орналастырыңыз Нұрға толы бүкіләлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашыңыз.
Ескерту:
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Балалардың көз қуанышы»
В.А. Сухомлинский
Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын неге байқамады?
Сенің ойыңша қарт балаға не айтуы мүмкін?
Айналадағы әсемдікке көңіл аударуына не әсер етті?
Қоршаған ортаның сұлулығы неде?
Адамдардың қуанышты болып жүруіне не себеп болады?
Бір шәкірт ұстазымен егін алқабын аралап келе жатады. Кенет әлгі екеудің жол шетінде жатқан тозығы жеткен бір аяқ киімге көздері түседі. Шәкірт ұстазына:
– Шамасы, мынау егінші шаруаның аяқ киімі сияқты. Тығып қойсақ қайтеді? Сосын бір жерге жасырынып, қалай абдырап, сасқалақтағанын қызықтайық, – дейді. Сонда ұстазы:
– Кедейлерді әбігерге салуды қызық көріп, олардың есебінен көңіл көтергеніміз адамдыққа жатпайды. Өзіңе бақыт пен шаттық сыйлағың келе ме? Онда оны мазаққа айналдырмай, керісінше, аяқ киіміне ақша салып қояйық. Сонан кейін ғана не қызық болатынын тамашалайық, – дейді.
Ұстазының ұсынысы бірден көңіліне қонған шәкірт айтқанын орындайды. Содан соң екеуі жақын тұрған ағаштың артынан жасырынып, бақылауды бастайды.
Сәлден соң жүзі әбден тотыққан, жұпыны киімді бір шаруа келеді. Аяғын аяқ киіміне сұққаны сол еді, ішіндегі затты сезіп, аяғын дереу қайта суырып алады. Қолын салып еді, ақша екен. Екінші сыңарынан да сондай ақша шықты. Ақшаға бір, жан-жағына бір қарап, таң-тамаша болып тұрып қалды. Көз жетер жерде ешкім байқалмайды. Ақшаны қалтасына салды да, жерге тізерлеп отыра кетті.
Жасаураған жүзін аспанға көтеріп дауыстап сөйлей бастады: «Я, Раббым! Сен менің хәлімді өзімнен артық Білушісің. Әйелімнің ауру екенінен, балаларымның аш-жалаңаш екенінінен хабардарсың. Бәрімізді басқа түскен нәубеттен құтқардың. Шүкір, шүкір...». Осылайша, ұзақ уақыт жасын төккен күйі Жаратушысына алғыс айтып, шүкірлігін білдіреді.
Манадан бері одан көз жазбай қарап отырған шәкірт қос жанары жасқа толып, қатты әсерге бөленеді. Шәкіртінің бойындағы өзгерісті байқап отырған ұстазы:
– Қазір бұрынғы хәліңнен бақыттырақ екеніңді сезіп отырған сияқтысың. Алғашқы ойыңды іске асырғанда қандай күйде болар едің?! – дейді. Шәкірті:
– Иә, ұстаз! Өмір бойы ұмытпастай дәріс алдым. Сізге алғысым шексіз! «Берген кездегі қуаныш алған кездегі қуаныштан көп артық болады» деген сөздің мағынасын енді түсіндім, – деп жауап қатты.
7. Үй тапсырмасы. «Мақтаншақ жолбарыс» ертегісін оқу. 67-68бет.
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
Тыныштық сәтін ұйымдастыру. Баяу музыка. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз бен жақсы ойларыңызды естеріңізге түсіріп көріңіздерші. Оны жүрегімізде сақтап, ата-анамызға деген үлкен сүйіспеншілік сезімдеріміздіалақанға салып, барша әлемге сыйлайық.
Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде,
Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде!
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Өзін-өзі тану. 4 сынып оқулығы. «Бөбек» Алматы 2010
2. Өзін-өзі тану. 4 сынып. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал. «Бөбек» Алматы 2010