Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Турлыбаевна Наргуль Жиенбаева, №44 «Жанар» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі



Дата05.06.2017
өлшемі29,11 Kb.
#17995
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы

Турлыбаевна Наргуль Жиенбаева, №44 «Жанар» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.

Ұйқы және оның адам өміріндегі маңызы.

Мақсаты:Ұйқы туралы, оның адамдармен жануарлар өміріндегі маңызы туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру.

Күн тәртібін сақтау мен мезгілінде ұйықтаудың маңызы туралы түсініктерін дамыту.

Айналадағы адамдардың және өзінің денсаулығына, толыққанды

ұйқысына мән бере қарауға тәрбиелеу.



Қажетті құрал- жабдықтар: ойыншықтар, қуыршақтар жататын ойыншық төсектер,доп, «Бесік жырының» аудиожазбасы, слайд, ұйықтап жатқан адамдармен жануарлар суреттері.

-Балалар, қараңдаршы бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.

Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады:

Қоңырау біздің сиқырлы,

Сыңғырлап тағы ән салды.

Шақырды түріп ұйқыңды,

Шеңберге тұр, – деп баршаңды!

Тәрбиеші балаларға қоңыраудың көмегімен амандасуды ұсынады:

Мен Алинаға күлімдеп қараймын да, қоңыраумен: «Сәлеметсің бе, Алина », – деп шылдырлатамын, содан кейін қоңырауды оған беремін. Осылайша біздің қоңырауымыз бәрін айналып шығуы керек.

Отырған қонақтарға да қоңырау соғып сәлемдеседі.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.

Базарда сатылмайды,

Таразыда тартылмайды.

Өзі балдан да тәтті,

Өмірге бір шапағатты.

Балалар: Ұйқы.

Ұйқының не үшін қажет деп сұрайды.

Балалардың жауаптары.

Балалардың жауаптарын қорыта келіп, ұйқы ағзаның барлық дене мүшелерінің демалуы, тынығуы. Ол денсаулығымыз жақсы болып, жақсы көңіл-күйде жүруіміз үшін өте қажет.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар жануарларға ұйқы қажет па?

Балалардың жауаптары.

Олай болса теледидарға назар аударыңдар.

Балалар теледидардан слайд тамашалайды.

Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр, менімен ойнайсыңдар ма?

Балалар қуана келіседі.

Дидактикалық ойын: «Кім жастықты бұрын қаптайды»

Балалар ойын шартын орындайды.



Сергіту жаттығуы.

Бір отырып, бір тұрып

Біз бір дем алайық.

Түсірейік төменге

Міне былай, қарайық

Құстай қанат қағайық.

«Бесік жырын» аудиожурналдан естірту.

Балалар бесік жырын айтады.



Дидактикалық ойын: « Ұйқыға дайындық»

Балалар ұйқыға қажетті заттарды табады, көрсете отырып атын атап береді.



Енді ұйқы туралы мақал – мәтел айтып берейік.

Балқадиша:

Ұйқымен үйір болсаң,


Ұйқы бағарсың.
Ұйқымен араз болсаң,
Жылқы бағарсың.

Нұрислам:

Тоқ адамды ұйқы басады,


Аш адамнан ұйқы қашады.
Алина:

Бала күлкіге тоймас,


Болбыр ұйқыға тоймас.
Санжар:

Ұйқы арыстанды да жығады.


Жарайсыңдар балалар.

Балалар мына қуыршақты төсекке жатқызып көрейікші, сендер үлкендердің көмегінсіз қалай жатқызады екенсіңдер.

Балалар өздері төсек жаймасын ашып қуыршақты төсекке жатқызады.

Қорытынды.

Балалардан ұйымдасқан оқу қызметінен не үйренгендерін, ненің ұнағанын, алған әсерлерімен бөлісуді ұсынады.

Балалардың жауаптары.

Жақсы қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.



Қонақтарға сау болыңыздар деп қоштасады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет