Оқу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет15/44
Дата06.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#40237
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Фразеология - екі одан да көп сөздің тұтас бір меншікті мағынаға ие болып, бір бүтін единицаға айналуын айтамыз. Фразеологиялық тіркес құрамындағы сөздердің тұрақтылығы, яғни даяр қалпында жұмсалу белгісі, мағына тұтастығы, тіркестің тиянақтылығы басты үш белгі болып есептеледі.
Фразеологиялық тіркестер мағына жағынан жеке сөзге, құрамы жағынан синтаксистік сөз тіркестеріне жақын болып келеді. Сондықтан фразеологиялық тіркестердің басты белгілерін ажырату үшін сөз және еркін сөз тіркесімен салыстыру керек. Фразеологиялық тіркестер екі не одан көп сөздің тіркесі сияқты көрінгенмен, олар сөйлеу, жазу кезінде бір бүтін единица ретінде даяр күйінде қолданылады. Мысалы: ауылға бару, сәлемінжеткізу, кітап алу сияқты еркін тіркестер сөйлеу, жазу кезінде сөздердің ойға лайық таңдалуынан барып тіркеседі. Ал жүрегі елжіреді (аяды), қоян жүрек (қорқақ), жыл он екі ай (жыл бойы) сияқты тіркестер тұтас алынып, жеке сөз мағынасында даяр қалпында колданылады. Бұл құбылыс фразеологизмдердегі мағыналық бірліктің күштілігін көрсетеді. Олай болса, фразеологизмдер тек сыртқы көрінісі жағынан ғана еркін сөз тіркесіне ұқсайды. Ал мағыналық тұтастығымен жеке сөздер сияқты сөздік қорымыздың бір ерекше түрі деуге болады.
Фразеологизмдер жеке сөз сияқты форма және мағынаға ие. Сөздің формасын дыбыстар жасаса, фразеологиялық тіркестің формасын сөздер құрайды. Мысалы: ынтықты -зар болды, жылауық - зар жақ, қорлады - ит аяцтап сары су ішкізді.
Тұрақты тіркестер тұтас мағына бүтіндігіне ие болғандықтан, басқа толық мағыналы сөздер сияқты сөйлемде жеке сұраққа жауап беріп, жеке сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Мысалы: Шай үстінде Сардардың әңгімеден аузы босаған жоқ. Қайтіп шешесімен екеуі тіл қатысқан жоқ (Қ.Найманбаев). Келмей жатып дікіндеп, әнгір таяқ ойнатып, ақыл үйреткеніне зығырданы қайнайды (Б.Тілегенов). Берілген мысалдардағы фразеологиялық тіркестер баяндауыш қызметінде жұмсалып тұр.
Фразеологизмдер тіл жүйесінен өзгеше құбылыс емес. Олардың бірден жасала қоймағаны, уақыт ұзаған сайын бірте-бірте қалыптасқаны, еркін тіркестердің негізінде жасалғаны сөзсіз. Мұнын. өзі фразеологиялық ауыспалы мағынаның кейіннен пайда болып экпрессивті қызмет атқаруына байланысты біржола қалыптасқанын көрсетеді.
Фразеологизмдердің түрлері. Фразеологизмнің түрлерін біреу мағынасына, енді біреу құрылымына, үшіншісі - қызметіне қарай топтастырып, әркім әр түрліклассификациялайды.
Академик В.В. Виноградов фразеологизмдерді кұрастырушы сыңарларының мағыналарының өзара қатысы жағынан алып

ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті



(фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек деп үшке бөлсе), Н. М. Шанский төртінші етіп фразеологиялық сөйлемшені қосады, К.Аханов та осы төрт түрін мақұлдайды. Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді арнайы зерттеген І.Кеңесбаев фразеологиялық түйдек
және фразеологиялық тіркес деп екіге бөледі. Ол фразеологиялық тіркесті түйін тіркес және түйіс тіркес деп екіге бөледі. Ал мақал-мәтелдерді өзгеше құбылыс ретінде қарастырады. Барлық пікірлерді жинақтай келгенде, ғалымдардың классификациясы бір-бірінен алыс кетпеген. Мәселен, I. Кеңесбаевтың фразеологиялық түйін тіркесі В. В. Виноградовтың фразеологиялық бірлігіне, түйіс тіркесі фразеологиялық тізбегіне, мақал-мәтел фразеологиялық сөйлемшеге келеді. Негізгі айырмашылық терминдерде ғана деуге болады. Фразеологиялық тұтастық /фразеологиялық түйдек, идиом/. Фразеологиялық тұтастыққа жататын фразеологизмдер құрастырушы сыңарларының бұрынғы лексикалық мағынасы ұмытылып, бәрі бір ғана меншіктеулі ұғымды береді. Мысалы: ит арқасы қиянда, жеті қараңғы түнде, көк ми, ала көз, ит жанды, аузы-мұрны қисаймастан, жаны қуырдақ болу т.б. Бұл мысалдардан фразеологизмнің меншікті мағынасына құрастырушы сыңарлардың мағынасының жанаспайтындығын көреміз.
Фразеологиялық тұтастық - тарихи құбылыс. Бір кезде олардың бәрі де құрастырушы сыңарларының мағынасы мен тұтастанған мағынасы байланыста болған. Тек фразеологиялық тұтастық мағынасы ауыспалы образды мағынаға ие болып қолданғанда, бірте-бірте тура мағынасы ұмытылып, ауыспалы мағынада ғана айтылатын болған. К.Аханов «ит өлген жерде» деген фразеологиялықтұтастық пайда болуына тоқталып, оның халық арасында «жақсы ит өлімтігін көрсетпейді» деген сенімінің себебі болғанын айтады.

Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет