Оқу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет2/44
Дата06.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#40237
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
2 ДӘРІСТЕР
1 Модуль. Лексикологияның зерттеу объектісі, қалыптасу, даму жолдары
№1 Дәріс тақырыбы: Сөздің анықтамасы
Жоспары:

  1. Сөзге анықтама берудің қиындығы

  2. Сөздің мазмұны

  3. Сөзге тән белгілер

  4. Лексика-семантикалық жүйе

Сөз – дыбыстық форма мен мағынаның тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың жинақты бейнесінің белгісі. Бұл туралы академик В.В.Виноградов сөз дегеніміз - фонема болатын дыбыстардың белгілі бір жүйеде дыбысталуы мен мағыналық бірлікте болуы деген пікірді айтады.
Заттың, құбылыстың бейнесі адамның миына сыртқы түйсік арқылы әсер етеді. Адам тіл арқылы, яғни белгілі сөз арқылы, яғни белгілі сөз арқылы ойлайды.
Сөз термині тар мағынада заттың, құбылыстың атауы деп немесе сөз ұғымының белгілеген түрі деп аталады.
Сөздің о баста-ақ атқаратын қызметі туралы айта келіп, В.В Виноградов:
«Сөз тек дыбыс пен мағынадан ғана құрылатын болса, онда тілде әрбір жаңа ұғымды, жаңа пікірді, жаңа мәнді белгілеу үшін ерекше дыбыстар шығып, ерекше сөздер болуға тиіс емес пе?» дегенді айтады. Сөз айтушы мен тыңдаушыға ортақ, яғни түсінікті, сөз жасарлық, белгілі мағына берелік ақиқат дыбыстардың бірлестігінен туатын мағыналы дыбыс құрылысын сөз жасаудың бір элементі деп ұғыну керек.
Осыны ескерген профессор А.И. Смирницкий «Звуковая материя языка, крайняя существенная для него ( языка), без которой он не может существовать и развиваться как действительно важнейшее средство общения, составляет все же лишь одно сторону, внешнего; у языка есть и другая сторона, внутренная, смысловая сторона значений» деген еді.
Сөздің екі жағы болады. Біріншісі, материалдық жағы, дыбыстық жағы да, екіншісі – идеалдық жағы, мағыналық, ұғымдық жағы. Бұл екеуі өзара тығыз байланыста болады.
Сөз әртүрлі тәсілдермен түрленіп, әлденеше формаға ие болады. Мысалы: қызылдау, қызылырақ, қызғылтым, қып-қызыл дегендер бір ғана қызыл деген сөздің аффикация тәсілі, жартылай қосарлану тәсілі арқылы жасалған формалары болып саналады.
Грамматикалық форма көбіне-көп сөз формаларына байланысты қарастырылады. Сөз, әдетте, әр түрлі формаларға ие болады. Ол белгілі бір сөйлемде немесе сөз тіркесінде қолданылғанда, барлық формаларында емес, бір немесе бірнеше формада қолданылады. Сөйлемдегі немесе сөз тіркесіндегі сөздер мағыналар жағынан емес, сонымен формалары жағынан ажыратылады. Мысалы: Тізімнен сүріндірсең, сүріндер, тілімнен сүріндерме (мақал) деген сөйлемдегі сүріндір етістік бір-бірінен әр түрлі формада қолдануы жағынан ажыратылып жүр.
Сөз қаншама формада қолданылса да, әр басқа сөз емес, бір сөз ретінде
ұғынылады. Профессор А. И.Смерницкий ондай сөзді (әр түрлі формада қолданылғанымен, бір сөз ретінде танылатын сөзді) жалпы сөз атаулыдан ажырату үшін лексема деп атауды жөн көрсетеді.
Сөздердің өзгерген түрлерінің ішінен әр басқа лексикалық мағыналарды білдіретіндері өз алдына дербес лексикалық единицалар (әр басқа сөздер) ретінде қаралуға тиісті де, әр басқа лексикалық мағыналарды емес, әр түрлі грамматикалық мағыналарды білдіретін сөздің формалары ретінде қаралуға тиіс.
Өзгеріп түрленген сөздің әр түрлі формалар арқылы қаншама түрленгенімен, өзгеріссіз қалатын негіздері лексикалық жағы, екіншісі - бір ғана сөзге емес, сөздің белгілі бір тобының күллісіне бірдей ортақ, солардың бәріне бірдей тән грамматикалық жағы. Сөздің белгілі бір формасының негізгі форма ретінде саналуы үшін, оның басқа формалаға ұйытқы болуы шарт. Сонда ғана ол негізгі форма ретінде танылады. Мысалы, септік формаларының ішінде атау септік, әдетте, негізгі форма ретінде танылады да, ілік, барыс,табыс, шығыс, көмектес септік формалары туынды форма ретінде саналады.
Тіл-тілде формалардың 2 түрі бар: оның бірі – сөздің синтетикалық формалары, екіншісі – сөздің аналитикалық формалары.
Сөздің синтетикалық формалары 2 түрлі жолмен, атап айтқанда, 1) аффиксация арқылы, 2) дыбыстың алмасуы (ішкі флексия) арқылы жасалады.
1. Сөзге әртүрлі аффикцасиялардың жалғануы арқылы оның түрлі-түрлі формалары жасалады. Сөздердің синтетикалық формаларының аффиксация тәсілі арқылы жасалуы көптеген тілдерге тән және ол жиі ұшырасады. Мысалы, қазақ тілінде: етікшілер, етікшілерге, етікшілердің, етікшілері, етікшілеріміз, орыс тілінде: стол-столы, ағылшын тілінде: table-tables сөздердің синтетикалық формаларының жасалудың афиксация жолы тіл-тілде суффиксация және префиксация түрінде көрінеді, ал түркі тілдерінде мұның бір-ақ түрі - суффиксация түрі қолданылады.
2. Сөздің синтетикалық формалары дыбыстардың алмасуы немесе ішкі флексия тәсілі арқылы да жасалады. Мысалы, ағылшын тілінде man зат есімнің
жекеше түрін (ер, еркек) білдірсе, оның ішкі флексия арқылы өзгерген түрі men (ерлер, еркектер) зат есімінің көпше түрін білдіреді.
Сөздің синтетикалық формалары ішкі флексия тәсілі мен аффиксация тәсілінің екеуінің бірдей қатысуы арқылы да жасалуы мүмкін. Мысалы, неміс тілінде Gast «қонақ» дегенді білдірсе, аффиксация тәсілі мен ішкі флексия тәсілі арқылы жасалған формасы Gaste «қонақтар» дегенді білдіреді.
Сөздің аналитикалық формалары негізгі (атауыш) сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалады. Сөздің аналитикалық формаларының құрамына енетін атауыш сөз негізгі морфемаға (түбірге) барабар қызмет атқарса, көмекші сөз әр түрлі көмекші морфемаларға, яғни аффикстерге ұқсас қызмет атқарады.
Аналитикалық конструкцияның бөлшегі ретінде қаралатын көмекші сөз өзінің гамматикалық табиғаты мен қызметі жағынан сөз түрлендіруші (форма тудырушы) морфемаға (аффикске) барабар қызмет атқарып, бүтіндей аналитикалық конструкция атауыш сөздердің формасы болса да, оның (атауыш сөздің) сөз түрлендіру (форма тудыру) жүйесіне (парадигмасына) енеді.
Аналитикалық конструкция немесе сөздің аналитикалық формасының шығу тегі жағынан сөз тіркесіне барып тіреледі. Сөз тіркесі 2 түрлі бағытта- грамматикалану және лексикалану бағытында дамуы мүмкін.
Аналитикалық конструкция туралы мәселе профессор М. М. Гухманның еңбегінде неміс тілінің деректері негізге баяндалады. Ол аналитикалық конструкция «Жартылай сөз бен толық сөздің ажыралмайтын тұрақты тіркесі» деп таниды. М.М.Гухман негізгі тектегі етістіктердің аналитикалық конструкциясына тән 4 белгіні айтады. Ол:
1) аналитикаық конструкцияның байланыстылығы;
2) бөлініп ажыратылмағанда негізделген «идиомалылығы»
3) етістіктердің күллі лексикалық жүйесін түгел қамтиындығы;
4) етістіктің өзара шарттас формаларының жүйесіне парадигматикалық қатардың элемет ретінде енетіндігі.

Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет