Оқу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет9/44
Дата06.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#40237
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Орыс тілінен енген сөздер, олардың қолданылуы туралы айт.
2. Кірме сөздер категориясы дегеніміз не?
3. Кірме сөздердің фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктері.
4. Кірме сөздердің қолданылу аясы, пассив және активтілігі.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Болғанбайұлы Ә. Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –

А: Санат, 1997

ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті




  • Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А, 1962

  • Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А, 2002

3 Модуль. Лексикография
№7 Дәріс тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні.
Жоспары:
1. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері.
2. Әдеби тілге тән басты белгілер.
3. Әдеби тілдің стильдік тармақтары.
4. Тілдік стиль туралы ұғым.
Қоғам мүшелерінің бір-бірімен қатынасы олардың бәріне бірдей түсінікті ортақ іл арқылы жасалады. Ол ортақ тіл жалпы халықтық тіл деп аталады. Қолдану ерекшелігіне қарай жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша түрлері болады. Тіл мен сөз әрқашанда диалектикалық бірлікте қаралады. Тіл мен сөзді бір-бірінен бөліп ажырату үшін, ең алдымен тілдің қандай элементтерден тұратынына көңіл аударған дұрыс. Тіл құрайтын элементтер : морфема, сөз, сөз тіркесі және сөйлем. Бұларды тіл жүйесі деп те атайды. Тіл жүйесінсіз сөйлеу болмайды. Тіл жүйесі арқылы адамдар өзара пікір алысады. Сөз тұтас бірлікте танылып қабылданылады. Солай болғанымен оның ішкі мазмұны және сыртқы формасы болады.
Сөз ауызша және жазбаша болып бөлінеді. Ауызша сөйлеуде әр түрлі сазды үн шығады, яғни адамдар айтайын деген ойын бір-біріне үнді тіл арқылы жеткізеді. Сөйтіп, бірінің айтқанын бірі естиді. Сөйлеуде есту сезімі қатысады.
Ауызша сөйлеу интонациялық құбылмалылыққа өте бейім тұрады. Ол тілге әр түрлі мәнерлік , әуезділік сипат береді. Интонация деген ұғымға сөйлеу темпі, сөйлеу сазы, дауыстың құбылуы , екпін т.б. сияқтылар енеді.Жазбашада бұл көрсетілген ерекшеліктер болмайды. Өйткені онда ой қағазға жазылып жеткізіледі. Яғни жазу тілдің көзге көрінетін белгілері арқылы адам ойын жеткізу тәсілі ғана. Әдеби тіліміз, расында, жалпы халық тілінен , сөйлеу тілінен оқшау тұрған, жасанды бір бөлек тіл емес. Солай дегеннің өзінде оның еркшеліктерін сипаттайтын басты белгілері болу керек қой. Соның бірі-жазу, басқаша айтқанда, әдеби тіл, алдымен жазба тіл . Сөйлеу де, жазу да сөз қолдану заңдылығына сүйенеді.Жалпы халықтық тілді жұмсаудың дәстүрлі үлгісі болады.
Сөйлей білмес жаманның
Сөзі өтпес бір пышақ
Сөз білетін адамның
Әр сөзіне бір тұзақ

ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті

Осы мақалдың қай кезде , қай ғасырда қалыптасып нақыл сөзге айналғанын білу қиын. Бірақ оның мазмұнын біркелкі түсінеміз.Өйткені мақалда сөз қолдану туралы айтылады. Сонымен тіл нормасы деп адамдардың бір-бірімен қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген. Жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстарды айтамыз.


Тіл нормасы- тарихи құбылыс. Ол сөйлеу және жазу арқылы қалыптасып, адамдардың санасында сақталып, ұрпақтан- ұрпаққа ұласып, дамып, жетіліп отырады. Соған орай, әр кезде тіл қолдану заңдылықтарын білдіретін ұғымдар да өзгеше болады. Мысалы, белгілі бір тарихи кезең үшін дәстүр деп қолдану орынды болса, қазір тіл нормасы, әдеби норма , әдеби тіл терминдері қалыптасты.
Әдеби тілдің нормасы жазба тіл арқылы қалыптасып, шыңдалып отырады. Ал оның өңделіп жетілуі және халық арасында тарап, жалпыға танылуы ұлттық әдебиеттің дамуымен байланысты болды.
Қазақта тұңғыш жазба әдеби тіл үлгісін жасағандар-Абай мен Ыбырай. Олар жалпы халықтық тіл қорының тек түсінікті формаларын ғана шығармаларында қолданған. Әдеби тіл сөйлеуде және жазуда пайдаланылып нормаланған тілдік белгілер. Ал нормаланған тілдің қалыптылығы басым болады.
Әдеби тілдің барлық стильдік тармақтарына, бірінде аз, бірінде көп, ортақ мынадай айырым белгілері болады.
1.Халық тілінің негізгі сөздік қоры мен сөз байлығы , дыбыс құрылысы мен грамматикалық құрылысы ауызекі тілге де, әдеби тілге де ортақ. Бірақ ауызекі тілдің сөз байлығына негізгі сөздік қордан басқаның бәрі де ,кәсіби сөздер де, кірме сөздер мен қарапайым дублет сөздер де енетін болса, әдеби тілге солардың қажеттіліктері енеді.
2.Әдеби тіл өзіне керек сөздерді халықтың тілінен екжеп алумен қатар, өзге тілдерден ауысқан сөздермен , әсіресе термин сөздермен толықтырылады. Бұрын бар сөздер деп және морфологилық тұлғалар негізінде жаңа сөздер пайда болады. Егер сол процестер ауызекі не сөйлеу тілінде елеусіз болса, әдеби тілде олар ерекше күш алады. Мысалы, біріккен, кіріккен сөздердің саны бұрын ат төбеліндей аз болса, әдеби тілдің ерекше дамыған кезеңде ол мүлде етек алып кетті, октябрьден бұрынғы қазақ әдеби тілінде араб-парсы тілдерінен кітап, қалам, мектеп, уәде, өмір, отан, мәжіліс сияқты шамамен айтқанда 2000 мыңдай сөз енді., қазіргі әдеби тілде орыс тілінен , орыс тілі арқылы енген 20-30 мыңдай сөз бар, солар да әдеби тілдің сөздік қорына айналды. Әдеби тілдің тағы бір белгісі оның сөз байлығының құрамында өзге тілден жазба әдебиет арқылы ауысқан сөздер көп болады. Олардың

ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті

санының аз-көптігі әдеби тіл дәрежесінің де қандай екніне өлшем бола алады.


3.Ауызекі тілдің сөз құрамында , грамматикалық құрылысында . сөздердің айтылуында белгілі жүйе болғанмен, олардың жетілуі, тұрақтану жағдайы халық өкілдерінің бәріне бірдей үйреншікті болғандықтан, оларда бірізділік бола бермейді.
4.Әдеби тіл тарихы, қоғамдық құблыс болатындықтан, қоғамның барлық түріне бірдей қызмет етеді. Әдеби тілдің дамуы әдеби процестің халық өміріндегі қажетіне ыңғайланып, әр кезде, әр түрлі қызмет бабында жұмсала келе , оның бірнеше стильдік тармақтары пайда болады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Ортақ тіл дегеніміз қандай тіл?
2. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің ерекшелігі неде ?
3 . Тіл нормасы дегеніміз не?

  1. Әдеби тілдің қандай белгілерін білесің?

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. К.Аханов.Тіл білімінің негіздері.-А..Санат,1993.
2. Ә.Болғанбаев.Қазақ тілінің лексикологиясы.-А.,1988
3. І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев.,Қазіргі қазақ тілі.-А.,1962.
4. Ә.Болғанбайұлы,С.Қалиұлы.Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеолгиясы.-А.,Санат,1997.
5. І.Кеңесбаев.Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.-А.,1995.
№8 Дәріс тақырыбы: Лексикография.
Жоспары:
1.Түсіндірме сөздік, жасалу мақсаты, практикалық мәні.
2. Аударма сөздік, жасалу мақсаты, практикалық мәні.
3. Терминологиялық сөздік,диалектологиялық сөздіктердің жасалу мақсаты, практикалық мәні.
4. Фразеологиялық,синонимдер сөздігі.
5. Орфоэпиялық,тарихи сөздіктер.
6. Этимологиялық сөздік.
Тілдегі сөздер мен фразеологизмдерді жинап-теріп, олардың теориясымен шұғылданатын тіл білімінің саласын - лексикография дейді. Яғни, сөздік жасаудың әдістемесімен техникасын үйрететін ғылым деген сөз.Лексикография теориясы сан алуан сөздік жасаудың мол тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде , лексикалық зерттулер мен солардың жетістіктеріне сүйене отырып жасалады. Демек, лексикография мен лексикология бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болатын егіз ғылым салалары. Сөздіктердің сапасы осы ғылымдардың қаншалықты және қандай

ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті

дәрежеде зерттелуіне байланысты.Зерттеу жұмыстары неғұрлым жоғары әрі жемісті болса, шығарылған сөздіктер де соғұрлым сапалы болмақ. Бүгінгі таңда сөздіктің практикалық мәнімен қоса, оның ғылыми сапасына да ерекше назар аударылды. Сондықтан сөздік кез келген мекемеде емес, осы мамандықты жете меңгерген ғылыми маман кадрлардың шоғырланған жерінде жасалады.


Біздер орыс сөздіктерінен лексикографиялық еңбектердің тек әдістемесі мен құрылымын ғана үйреніп отырғанымыз жоқ. Қазан революсиясы тудырған барлық жаңа ұғымдарды осы тілден кейде сөзбе-сөз тікелей қабылдасақ , кейде өз сөзімізбен аударып алдық. Сол арқылы қазақ тілінің сөз байлығы шексіз молайып, жан-жақты кемелденеді. Қазіргі кезде өз ана тілімізде қандайлық мәдени-рухани тілектерді , пікірлерді білдіру керек болса, соның бәрін де нақтылы, әрі емін-еркін дәл жүзеге асыруға болатындай дәрежеге жеттік. Соның нәтижесінде тіліміздегі сөз байлығын жиып-теріп, хатқа түсіріп, іштей саралап, алуан түрлі сөздіктер жасауға мүмкіндік туды. Қазақ тілі біліміндегі сөздіктердің құрылысы мен әдістемесі жылдан-жылға жақсарып келеді.Тіліміздегі сөздерді стильдік арақатынасына қарай іштей саралай отырып, оларды белгілі бірнормаға келтіру бірінші орынға қойыла бастады. Бірақ сөздік жасауда қиындық , одан туған олқылықтар аз болған жоқ. Ең алдымен сөздердің жазылуында бірізділік сақталмай келеді. Әсіресе, біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арақатынасы жөнінде бірыңғай көзқарас болмады. Лұғат жасалмай тұрып, сөздік құрастыруға болмайтындығын ескерсек, бір сөһздің кейде бірге, кейде бөлек жазылуы сөздік жасауға үлкен қиындықтар келтіретіндігін түсіну қиын емес. Көркем шығармаларда орын алған диалектизмдер мен жарыспа сөздерді орынды-орынсыз кез-келген сөздікке ендіруге жол берілді. Әдеби тілдің сөздігіне алынатын грамматикалық тұлғалар да күні бүгінге дейін сараланып болды деуге келмейді. Сөз мағыналарының түп-төркіні жіктеп бөліп, оларға дәл түсінік беру, сөздердің қолданылу жүйесін айқындап, стильдік белгі қою, фразалық тіркестерді жай тіркестерден ажыратып, көрсету т.б. сөздік жасау ісіндегі жауапты мәселелер болып табылады.
Қазақ лексикографиясы қазақ тіл білімінің өзге салалары тәрізді негізінен соңғы 50-60 жыл ішінде туып қалыптасты. Ұлт мәдениетінің дамып, ғылым мен техниканың өркендеуі, әдеби тілдің қалыптасуы сөздіктердің әр түрін шығаруға жағдай жасады. Революсияға дейін бізде не бары екі тілді шағын сөздіктер ғана болса, онан бергі кезеңде 10-15 түрлі сөздік түрлері пайда болды. Солардың ішінде ең көп шыққан түрі- екі тілді аударма сөздіктер. Лингвистикалық сөздіктердің түрлері өте-мөте көп. Олар

ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті

әр алуан мақсат-мүддеге лайықталып жасалады. Лингвистикалық сөздіктер бір тілдік, екі тілдік және көп тілдік болып бөлінеді. Түсіндірме сөздік тілдің өз сөзімен түсіндіріледі. Ал екі немесе көп тілдік сөздіктер өзге тілдердің сөздерімен түсіндіріледі. Бір тілдік лингвистикалық сөздіктер академиялық нормативті сөздік және анықтағыш сөздік болып іштей екі салаға жіктеледі.



Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет